дау айтты, мазаны алды, шығынға
батты, ойына алмады де
гендер олардың
дауласты, маза
-
лады, шығынданды, ойламады
деген жеке сөз болып келетін
эквиваленттерімен жарыса қолданыла береді, бұл екі қатардың
107
екеуі де көбінесе жай атауыштық қызмет атқаратын тәрізді.
Ғылыми таныммен айтсақ, бұлар образды фразеологизмнен
гөрі лексикалық тіркес деп аталатын күрделі сөз категориясы-
на жуықтау тұрады. Сондықтан бұл типтегі тіркестерді Абай
тілінің өрнектеуіш құралдары ретінде көрсетудің жөні әрдайым
келе бермейді, дәлірек айтсақ, олардың стильдік қызметі айқын
сезілмейді.
Ал
сәлем айту, ақыл айту
тәрізді тіркестердің жеке сөз бо-
лып келетін қатарлары мүлде жоқ,
сәлем беру; ақыл беру
сияқты
тіркес түріндегі синонимдері ғана бар, демек, бұл типтес
тіркестердің де тексте бейнелуіш элемент болып келуінен гөрі
жай атауыштық қызметі басым. Дегенмен егер біз әдеттегідей,
яғни «Абай тілі сөздігінде» оларды фразеологизмдер деп
көрсетуіне қарап, бұларды сөз етер болсақ, эстетикалық-
көріктеуіш элементтері талдау орайында емес, ақынның сөздік
қазынасын түгендеу саласында қарастырар едік.
Жылдар, тіпті ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталған бай
фразеология дүниесін пайдалану – тек Абайдың емес, әрбір
ақын, жырау, жазушының амалы, ісі. Бірақ мұнда да әрбір су-
реткердің немесе әдебиеттің әр жанрының өзіне тән «қол-
таңбасы» байқалып тұрады. Мысалы, ел қорғау, жауға атта-
ну, ата жауы қалмақтармен немесе қызылбастармен жер үшін,
мал үшін, қыз үшін қырқысу сияқты мотивтегі әдебиеттің
тұтас бір циклін – «Батырлар жырын» жасаған қазақ тілінде
осы жанрға тән жүздеген фразеологизм қалыптасқан. Айталық,
мұздай темір құрсану
(«мықты қарулану, сауыт-сайман, қару-
жарақты болу»),
туы жығылу
(«ұрыста жеңілу»),
ат
сауыры
-
сын беру
(«ұрыста немесе шапқыншы шақта көмекке келу, қол
ұшын беру, қарайласу»). Сөздіктерде осылай түсіндірілгенімен,
бұл тіркестің, сірә, «біреудің қасынан кету, арқасын беру»
мағынасында да жұмсалғаны байқалады, мысалы, Жиембет
жырау Есімханға ренжіп айтқан сөзінде: «Қайратым қанша
қайтса да, Мұныңа, ханым, шыдаман! Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін,
Ат сауыры
-
сын берермін!
Алыста дәурен сүрермін!» дейді, мұнда
ат сау
-
ырысын берермін
деген сөз жоқ «қол ұшын беру, көмектесу»
деген мағынада емес, «теріс айналып кету, ханның қасынан
108
кету» деген мәнде екенін кейінгі тұрған «алыста дәурен
сүрермін» деген өлең жолы білдіріп тұр),
аламанға жел беру
(«халықты күреске, ұрысқа шақыру»),
оза шауып, олжа алу
(«жауға бәрінен бұрын тиіп, бұрын жеңу»),
қоңыраулы
найза
қолға алу, қоңыр салқын төске алу
«қару-жарақтанып жауға
қарсы аттану»),
жаннан түңілу
(«өлімнен қорықпай, ұрысқа
араласу») тәрізді фразеологизмдерді батырлар жырларынан
да, шығармашылығының өзекті тақырыбы – жаугершілік,
ұрыс-соғыс болған ақын-жыраулар тілінен де молынан кездес-
тіреміз. Мысалы, XV-XVI ғасырлардың жорықшы жыраула-
ры Қазтуған, Доспамбеттердің, қазақ елінің сыртқы жаулар-
мен шайқасы үзілмеген XVIII ғасыр ақындары Ақтамберді,
Жанкісілердің, тіпті XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы
отаршылыққа қарсы соғыс-шайқасты басынан кешірген жа-
уынгер ақын Махамбеттің өлең-толғауларында қанға қану,
дем
Достарыңызбен бөлісу: |