104
ды. Мұны ақын-жазушылар жақсы біледі де,
шебер пайдала-
нады.
Өлең дегеніміз дыбыс пен сөзден өрілген өрнек, төгілген
кесте болса, бұл кестені салуда фразеологизмдердің орны
айрықша. Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлар-
дың қазынасы, бұл, бір жағынан,
екінші жағынан, ол – жеке
қаламгерлердің табысы, еңбегі, ізденісі. Фразеологиялық
тіркестер – семантикалық шоғырлар, яғни
жеке сөз мағына-
ларының бір-бірімен түйісуінен туған жаңа мағыналық
дүниеліктер. Демек, белгілі бір қаламгердің жалпы тілдік
қазынасын және көркемдік байлығын
зерттеуде оның фразе-
ологиясын тауып тану ерекше орын алады. Сондықтан Абай
тілінің фразеологиясын, оның ішінде образды тіркестерін ар-
найы сөз ету – біздің бұл зерттеуіміздің өзекті бөлігі.
Бұл жерде біз образды (бейнелі) фразеологизмдер дегенді
әдейі бөліп атап отырмыз, өйткені суреткер тілінде терминдік
мәндегі тіркестер де, атауыш мәндегі, яғни бір нәрсені жай
атайтын тұрақты тіркестер де кеңінен қолданылады. Егер
фразеологизмдердің бұл топтарын сөз етер болсақ, ол өз алды-
на бөлек талдануы қажет болар еді, бірақ бұл – өлең тілінің өр-
негі
жайындағы әңгіме емес, ақынның лексика-фразеология-
лық қазынасы туралы ізденістер болмақ. Сонымен қатар
кейбір мамандар фразеологизмдер класына мақал-мәтелдерді,
нақыл сөздерді, қалыптасқан формулалар мен өзге де штам-
птарды жатқызады. Ал бұларды әңгіме арқауы ете қалсақ,
мұны да өз алдына бөлек қарастыру қажет. Бұлардың барлығы
да – бейнелі,
астарлы тіркестер болғанымен, табиғаты, яғни
тілдік қызметі мен стильдік жүгі образды фразеологизмдерден
өзгеше дүниелер. Демек, ақын тілінің фразеологизмдер қорын
(қазынасын, құрамын) сөз етудің мақсаты – оларды тек түстеп,
түгендеу ғана емес. Әрине, ол да қажет.
Жеке суреткер тіліндегі образды фразеологизмдердің тип-
терін, олардың көп-аздығын
,
ескі-жаңаларын түгендеу үстінде
ақынның не жазушының фразеологизмдер саласындағы бай-
ырғы қазынаны қаншалықты игеріп, кәдеге асырғанын, қан-
шалықты жаңаларын ұсынғанын көруге болады. Ал
бұлар
шығармашылық контекст немесе авторлық даралық дегенді
105
танытады, тіпті кеңірек қарасақ, суреткер тіліндегі фразе-
ологизмдер әлемі оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін
дүниетанымын көрсетеді.
Сонымен қатар фразеологизмдер – экспрессияның таптыр-
мас құралы. Поэзия тілі жұмсаған фразеологизмдердің
қай-қайсысы да
образды болып келеді, бірақ олардың өзі
экспрессивтік бояуы жағынан бірі күшті, бірі солғындау де-
ген сияқты болып бөлініп тұрады. Ақын қажет жерінде тым
күштілерін іздестіреді, жоқ болса, өзі жасайды. Мысалы,
тілдегі
Достарыңызбен бөлісу: