117
сірә, сан жағынан етістік мәнді фразеологизмдер басым болып
келеді деп ойлаймыз және олардың барлығы дерлік адамның
әрекет-харекеттерін бейнелеп, суреттеп, астарлап атайды.
Абайдың жырлаған ең басты объектісі – адам, оның қоғамдағы
іс-қимылы
болғандықтан, ол образ жасауда жалпыхалықтық
тілдегі дәстүрлі фразеологизмдерді кеңінен, еркін, орынды
жұмсаған. Әрине, бұл тәсіл тек Абайдың ерекшелігі емес сөз
зергерлерінің қай-қайсысы да фразеология қазынасына иек
артпай, поэзия дүниесін жасай алмайды. Қазақтың ауызша
дамыған әдеби тілінің ақын-жыраулар мұрасының бұл игілікті
дәстүрі Абайдай шебердің қолына мол байлықты ұсына салған.
Әсіресе қазақ халқының күнкөріс
тіршілігінен, айналасын
қоршаған табиғат құбылыстарын танудан алынған образды сөз
өрнегі Абай тіліне еркін оралып отырады.
Құлынтайдай айқасу, дөң айналмау
(атты адам ғана дөң ай-
налады),
арқасы босау
(мініс атының арқасы босайды),
қырқын
мінсе, қыр артылмау, ат үстінен ұйқы алу, атының басын
бұру, бәйге атындай аңқылдау, малға шылбыр беру, атының
жалын құшу, із жоғалту
(малдың ізін таба алмау) деген
тіркестер сан ғасыр көшпелі өмір кешіп, мал шаруашылығымен
айналысып келген қазақ халқының өзіне қажет образдар-
ды да көбінесе осы салаға қатыстырып алғанын көрсетеді.
Бұлардан басқа да
ақ жем болу, істің ақ пен қарасы, ақыр
заман, Аллаға жазу, Алла оңғару, басын бұлт шалу, ант ату,
арқаға қағу, аруақ аттау, табанынан таусылу, қара тер болу,
ұя бұзу, ісі түсу, іш қайнау
сияқты көптеген (жүзден асатын)
фразеологизмдерді де Абай өзі жасаған жоқ, жалпыхалықтық
қордан алды. Бұлардың барлығы да Абайдың сөз кестесінің
бояуын құбылтып, көз бен көңіл тартатындай әсем болып
төгілуіне үлес қосқан бұйымдар
.
Мысалы, «шаршады» деген
ұғымды
осы сөзбен ғана білдірсе, бұл қимыл-әрекетті жай
ғана хабарлау болып шығар еді, ал оның орнына бұл ұғымды
ақын: «Су сарылдап құйылды, кемені ырғап, Отыз құлы
Достарыңызбен бөлісу: