115
ұзаққа бармау»),
атының жалын құшу
(«ұрыста, айқаста
көбінесе
өзі мерт болып, не аты оққа ұшып, аттан жығылу»
және «жеңілу»),
қырық жерге қойма қою
(«неше түрлі қулық-
сұмдық ойлау») сияқты тіркестер өте бейнелі фразеологизмдер
және оларды Абай өзіне дейінгі әдеби тіл қазынасынан алып
жұмсаған.
Абайда бұлар тәрізді экспрессивтік бояуы қалың фразео-
логизмдердің әрқайсысы бір-бір образ. «Жасымда ғылым бар
деп ескермедім» деп басталатын шағын өлеңінде: «Өзім де
басқа шауып, төске өрледім,
Қазақта қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс
көрмедім» десе, мұндағы
басқа шауып, төске өрлеу
тіркесі
«ешкімге есе бермеу» деген ұғымда қолданылып тұр. Бұл жер-
де ақын осы ұғымды ешкімге
есе бермедім, ешкімді алдыма
салмадым
деген сияқты образдылықтан құр алақан емес, бірақ
бояуы солғындау тіркестермен берсе, бар күш-қуатын халқына
қызмет етіп, ақыл беру, жөн сілтеуге жұмсаған еңбегін танып,
құлақ асатындардың жоқтығын көрген адамның образы әсерлі
шықпас еді.
Экспрессиясы күшті өте бейнелі
фразеологизмдер қолда-
ныста әрдайым бір ғана мәнде жұмсалмайтынын байқаймыз.
Оған бұлардың көбінің беретін мағыналарын әр талдаушы
әртүрлі етіп көрсететіндігі дәлел. Мысалы, осы
басқа шауып,
төске өрлеп
деген тіркесті «Абай тілі сөздігін» кұрастырушы-
лар «ешкімге есе бермеу» деп түсіндірсе, «Фразеологиялық
сөздіктің» авторы акад. I. Кеңесбаев «өрлік, астамдық мінезбен
көкірек керу» деп көрсетеді. Сөз жоқ, сырт қарағанда, бұл
фразеологизмнің мысалға алынған контекстегі мағынасына
екі түсіндірме де
дұрыс келетін сияқты
,
бірақ модальдық
реңктеріне келгенде айырма бар: соңғы түсіндірмеде өзін
өзгелерден артық санайтын («көкірек керу») адамды сипат-
тайтын жағымсыздық реңк бар.
Басқа шауып, төске өрлеу
тіркесінің бұл реңкпен қолданысы «Фразеологиялық сөздікте»
М. Әуезовтен келтірілген мысалға сай келеді: «
Бітпеймін деп
басқа шауып, төске өрлеген Матай бауырыңмен бітім таптың
ба, түге?!» Ал Абайдың қолданысында
бұл фразеологизмнің
116
«есе бермеу, алдына жан салмау» ұғымы басым, өйткені бұл
жерде ақын өрлік, асқақтық көрсететін менмен адамды емес,
ақылшы, жөнсілтеуші,
жұртын игілікке шақырушы, халыққа
қызмет етуші адам образын ұсынып отыр, яғни жасында
ғылым бар деп ескермеген, сондықтан білім алсын деп балала-
рын оқытқан адамның образын берген.
Осы сияқты әртүрлі түсіндірмелерді
өзге фразеологизм-
дерден де табамыз. Айталық,
Достарыңызбен бөлісу: