Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет42/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ат
мініп, ақша ұстау, 
Ақан серіде 
таразыға тартылу, жер 
аудару, закон сұрау, жалға жүру 
т.т
.
Абайдың фразеология саласына сіңірген еңбегі мен жаңа-
лықтары – әрине, бұл көрсетілгендер емес. Бұрынғы зерт-
теушілер, әсіресе Абайдың поэтикасын талдаған ғалымдар 
Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, Т.Нұртазиндер, сондай-ақ ұлы 
ақынның қазақ әдеби тілінің даму барысындағы орны мен 
қызметін азды-көпті әңгімелеген тіл мамандары Абайдың өзі 
жасаған фразеологизмдерінің көзге түсетіндігін баса айтқан 
болатын
28
.
Біздің бұл зерттеуде көздегеніміз – Абай қолданған фразео-
логизмдердің лексика-семантикалық және құрылымдық сипат-
тамасын беру. Жоғарыда айттық, Абай шығармашылығының 
негізгі тақырыбы – адам, қоғам, сол қоғамның заманы. Осыған 
сай ақын поэзиясында жұмсалған образды тіркестердің 
мағынасы (тақырыбы) жағынан, яғни лексика-семантикалық 
тұрғыдан адамды сипаттайтын, адамның ішкі жан дүниесін 
танытатын, адамның іс -әрекет, қимылын суреттейтін, сол 
қимыл, іс-әрекеттің орындалу амалын бейнелейтін, өмірді, 
28
Жұмалиев Қ.
 
Аталған кітап. - 196-197-б. 
Кенжебаев Б
. Қазақ реалистік 
әдебиетінің негізін салушы// Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954. - 97-б. 
Сауранбаев Н.
Аталған мақала. - 183-б.


112
өлімді, жастықты, кәрілікті астарлап атайтын, табиғат құбы-
лыстарын бейнелейтін фразеологизмдер деп қарастыруға бола-
ды. Бұл семантикалық топтардағы фразеологизмдер байырғы 
және жаңа болып және бөлінеді.
Адамды, оның қадір-қасиетін, тұр-тұрпатын, ақыл-мінезін 
суреттеп, бейнелеп сипаттайтын фразеологизмдердің дені 
тілде қалыптасқан, байырғы элементтер: 
ақ
жүрек 
(«адал 
ниет»), бұл тіркесті Абай Онегиннің аузына салады, ол 
Татьянаға екінші рет «сорлы асық» болып жазған хатында: 
«Хұп білемін сізге жақпас Ескі жара білтелеу. 
Ақ жүрегің 
енді 
ұнатпас – Мезгілі жоқ қай медеу?» дейді. Бұл жердегі Татьяна 
Ларинаның 
ақ жүрегі – 
оның «жалғансыз сезімі».
Ақ пейіл, 
ақ 
көзді, жау жүрек, жел өкпе, жел буаз 
деген 
фразеологизмдерді де, жоғарыда айттық Абай халық тілінен 
алып, адамдардың қасиетін, мінезін сипаттауға жұмсаған. 
Сұлу қыздың портретін бейнелеп сипаттау үшін 
ақ тамақ, 
қалам қас 
деген тұрақты тіркестерді қолдануынан да, текті 
атаның тұқымын 
сом алтынның сынығы, 
деп бейнелеуінен де 
байырғы көріктеу құралдарына иек артқаны көрініп тұр. Бірақ 
бұл қатардағы образды тіркестер Абайда аса көп емес.
Абай тілінде ең көп кездесетіндер – адамның ішкі жан 
дүниесін, көңіл күйін сипаттайтындар мен іс-әрекетін, жүріс-
тұрысын, қимыл-қозғалысын суреттейтіндер. Олар да жалпы-
халықтық және авторлық (абайлық) болып келеді.
Өлең тақырыбына алып отырған кейіпкердің сезімін, көңіл 
күйін, жүрек лүпілін, жан сырын бейнелеп беру үшін 
көз ма- 
йын ағызу 
(«зар мұңын айту»), 
айға талпыну 
(«қолы жетпеске 
ұмтылу»), 
шыр айналу 
(«қайғыдан есеңгіреп қалу»), дүниеге
бой алдыру 
(«өмірдің ырқына көну, қажу»), 
қап салу 
(«қайыр-
шылық кешу»), 
ит қылу 
(«қор ету, қорлау») сияқты неше алу-
ан әсерлі фразеологизмдердің Абай тіліне еркін оралуы заңды. 
Бұл топқа жататын образды тіркестердің бірқатары Абайдың 
өзі жасаған соны немесе өзгертіп қолданған байырғылар 
болып келеді. Мысалы, 
адам аулау, адам сауу, көңілге ажым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет