Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет41/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

дулап өткен 
Құлекенің Алдынан орыс, қазақ 
тарқап еді), Алладан бұйрық 
келу 
(«өлу»), 
бас көтеру 
(«есею») дегендер болып келеді. 
Шал ақында тек әкесі Құлеке батырдың өлімін жоқтап айтқан 
өлеңінің бір ғана жерінде 
ту көтеру 
(«майданға шығу, ұрыс 


110
салу»: Бұрынғы батыр қайда 
ту көтерген) 
деген жалғыз 
әскери тіркес бар. Шал ақын бірнеше өлеңін Құлеке батырға 
арнаса да, бұрынғы әскери тақырыпқа жататын образдарға бар-
майды, өйткені XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының тақырыбы 
өзгерген: Шал енді батырлықты, ел қорғауды, жауға аттануды 
жырламайды, шаруаны, кедейлікті, кәрілікті, адамгершілікті
дінді, жақсы-жаман қатынды, жас-кәрі қызды өлең сөзге 
қосады. Демек, оның жұмсаған фразеологизмдері де «басқа» 
дәуірдің «үніне» қатысты образдар үшін алынған. 
Сөйтіп, белгілі бір суреткер тілінде немесе жеке көркем 
шығармада қолданылатын фразеологизмдердің мағыналық 
топтары сол ақын-жырау жырлаған тақырыптарға қатысты бо-
лып келеді деген тұжырым айтуға болады.
Сонымен қатар өмірдің сан алуан жақтарына қатысты 
«бейтарап фразеология» деген де болады. Бұл топтағы тіркес-
тер көбінесе адам, табиғат төңірегіндегі әңгімелерде (шығар-
маларда) қолданылады және қай кезеңнің тілінде де, қай 
қаламгердің аузында да негізгі тілдік әрі көріктеуіш құрал 
ретінде кәдеге асырылып отырады.
Абай өлеңдерінде де, прозасында да жалпыхалықтың 
тіл қазынасына жататын бейтарап мәнді тіркестерді еркін 
пайдаланған. Мысалы, 
қас сағыну ~ қас сағынбау 
тіркесі 
«қастық жасау, қастық ойлау» деген мәндегі ежелден бар 
көне фразеологизм (өкінішті жайт – бұл тіркес не «Абай тілі 
сөздігінде», не «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде», не 
он томдық «Түсіндірме сөздікте» тіркелмеген болып шықты). 
Бұл фразема «Бәрі де жолдасына 
қас сағынбайды» 
деген 
мәтелде де сақталған. Мұның 
жаулық сағыну 
варианты да 
бар. Мысалы, Бұқар Абылай ханға: «Басына мұнша көтерген 
Жұртыңа 
жаулық сағынба
»
 
демей ме?
Сол сияқты Абай қолданған 
із жоғалту, ішіне қонбау, 
көзге ұру, көзіне бағу, қырымға қарау, табанынан тозу
намысқа шабу, тілін безеу, сұқ қадау, шырыш бұзу, шаужай
-
ынан қағу, мойыны түсу 
сияқты қимыл-әрекетке қатысты 
тұрақты тіркестер – жалпы тілдік қазынаның ертеден келе 
жатқан мүлкі. Сондай-ақ, 
жас өспірім, ақ көңіл

ақ бейіл, өр 


111
көкірек, жау жүрек 
тәрізді сындық мәнді тіркестерді де Абай 
жалпыхалықтық тілден алып жұмсаған.
Абайда кездесетін атауыш (терминдік мәндегі) фразеоло-
гизмдердің бірқатары – өз заманындағы әлеуметтік, саяси-
экономикалық қарым-қатынастарға байланысты туған жаңа 
тіркестер. Мысалы, 
басына іс түсу 
(«әлеуметтік мәндегі 
қылмыс таңылу»), 
орынға сайлану 
«әкімшілік орынға оты-
ру, әкім
 
болу»), 
түсіп қалу 
(«әкімшілік орыннан айрылу»), 
байға кірісу 
(ат майын алу, сауын сауу тәрізді экономикалық 
қатыныстардың жаңа түрлерімен күн көру, бұл тіркес те 
ешбір сөздікте жоқ), 
міндетті болу 
(«ұлықтарға қызмет ету»). 
Бұлардың көбі – Абайдың «Қарасөздерінде» қолданылған 
атауыштық тіркестер, ал осы тәрізді «замандық» жаңа фразе-
ологизмдер тек Абай емес, XIX ғасырдың II жартысындағы 
қазақ ақындарының біразында кездеседі. Мысалы, Біржан сал-
да: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет