Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет38/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

көңілі қалу, көңілі жабырқау 
дегендер де – фразео-
логизмдер, бірақ Абайға бұлардың беретін әсері солғындау 
көрінеді, сондықтан 
көңілге ажым салу 
деген мүлде тың тіркес 
жасайды, мұның экспрессиясы алдыңғы тіркестерге қарағанда, 
әлдеқайда күшті. Сол сияқты 
біреудің еңбегін 
(күшін, пікірін) 
олжалау, пайдалану 
деген сөздер – информативтік қызметтегі 
жай атаулар, ал осылардың орнына ақын 
адам сауу, адам ау
-
лау 
деген фразеологизмдерді қолданса, бұл тіркестер өздерінің 
сонылығымен, әсерлілігімен көзге түседі, қөңілге қонады, об-
раз болып келеді.
Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуде оларды екі 
қырынан қарап талдау қажет. Бірінде, жоғарыда айтқандай, 
фразеологиялық тіркестерді жалпы түстеп-түгендеу, мұнда 
негізгі назар Абайдың өзі ұсынған авторлық фразеологизм-
дерге аударылады, олардың жасалу механизмі сөз болады, 
екіншісінде фразеологизмдерді ақынның қалайша жұмсағанын 
айқындау, мұнда негізгі назар фразеологизмдердің құрылымы 
мен мағынасына енгізілген өзгерістерге аударылады.
Алдымен, Абай тіліндегі образды фразеологизмдерді 
түстеп-түгендеуге келсек, оқырман
назарын мына жайттарға 
аудартар едік. 
Тіл-тілдің қай-қайсысында да ғасырлар, жылдар бойы қа-
лыптасқан фразеологиялық қазынасы болады. Олардың ішінде 
образды тіркестер көркем әдебиет (поэзия) қажетін өтеуде 
халықтың эстетикалық талғамын ақтайтын ең бір күшті тіл-
дік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби мектептердің және 
әдеби тіл дамуы кезеңдерінің дәстүрлілік, жалғастылық сипа-
тын танытуда материалды фразеологизмдер береді. 


106
Абай негіз етіп алған қазақтың ауызша дамыған әдеби тілі, 
яғни ақын-жыраулар поэзиясы мен шешендік сөздері образ-
ды фразеологизмдерге өте бай болды. Қазақтың Абайға дейінгі 
(және одан кейінгі де) ұлттық ерекше белгілерін іздей қалсақ, 
сірә, олардың бірі – өте бейнелі, әсерлі, әуезді тіркестердің 
молдығы дер едік.
Суреткер әдеби тілді қолдануда сол тілдің негізінен, 
дәстүрінен ешқашан қол үзбейді. Тіпті қазақ әдеби тілінің 
жаңа сапалы кезеңін бастаған Абайдың өзі байырғы қазақ 
поэзиясының тіл өрнегін жалғастырды, оның дәстүрін сақтады 
дей аламыз. Әрине, бұл дәстүрді бұлжытпай, еш нәрсе қоспай, 
өзгертпей сақтаған жоқ. Ол – өз алдына әңгіме. 
Абай тілі де осы жалғастылықты көрсетеді. Ұлы суреткер 
тілінде жүздеген фразеологизм қолданылған болса, оның дені 
өзіне дейінгі әдеби тіл қазынасынан алынған. Ал бұлардың 
басым көпшілігі жалпытілдік деген топ құрайды. Мысалы, 
Абай жұмсаған 
ащы тіл 
(ызалы сөз, қатты айтылған кейіс 
сөз), 
қара тер болу 
(босқа шаршау), 
мал
 
шашу 
(малды орын-
сыз жұмсау), 
сүттей ұю 
(шынымен илану, мейлінше сену), 
ант ішу 
(уәде беру, қарғанып-сілену), 
ақ ниет
(адал ой), 
ала 
қолсыз 
(әділ, ешкімді бөліп-жармайтын адал) сияқты фразео-
логизмдер тек поэзияда емес, жалпыхалықтық тілде кеңінен 
қолданылатын элементтер. Әрине, бұлар да – бейнелеп айтатын 
сөз тіркестері (олардың бейнелі емес эквиваленттері жақша 
ішінде әдейі көрсетілді). Бұлар ауызша сөйлеу тілінде де, өлең 
сөз бен шешендік сөздерде де жиі
 
қолданылатын, кейде тіпті 
стильдік мақсат көздемей-ақ жұмсала беретін тіркестер.
Біздің ойымызша, Абай тіліндегі 
ажал жету, азат болу, 
арыз айту, басу айту, дау айту, ләззат алу, мазаны алу, ант 
ету, ар тұту, шығынға бату, ұмыт болу 
сияқты тіркестердің 
фразеологизмдер ретінде белгілі бір стильдік мақсат көздей 
жұмсалуынан гөрі, іс-әрекет, қимыл-қозғалысты жай атау 
қызметі басымырақ. Өзге қаламгерлерде де, тіпті ауызекі 
сөйлеу тілінде де солай: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет