Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет43/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

салмау, аяғы маймақ тарту, күнді айдау 
сияқты фразеоло-
гизмдер өзгелерде жоқ, бірен-сараны кездессе де, дәл Абай 


113
жұмсаған мағынада емес. Бұдарды келесі беттерде Абайдың 
фразеология саласындағы жаңалықтары жайында айтылатын 
жерде арнайы талдаймыз (сондықтан бұл жерде мағыналары 
көрсетілмеді).
Адамның
іс-әрекетін, қозғалыс-қимылын суреттеу үшін 
Абай фразеологизмдерді таңдағанда, олардың жалпыхалықтық 
тілдегі байырғыларының күштілерін алады. Мысалы, «қулық-
пен амалдап бір нәрсенің ебін табу» деген мағынаны беруде 
қарағайды талға жалғау 
деген образ өте әсерлі. Бұл образда 
биік қарағай мен бәкене тал шыбықты бір-біріне жалғастыру 
мүмкін емес, бұл сияқты қиынның қиынын жүзеге асыру үшін 
қулық, амал керек. Халық данасы осы образды 
қарағайды талға 
жалғау 
деп жасаған болса, Абай оны «
Амалдап қарағайды 
талға жалғап, 
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап» деп 
амал
-
дап 
компонентін қосып бұдан да әрі әсерлі етіп жұмсаған.
Өмір мен өлім – толғана білген ақынның қай-қайсысының да
соқпай кетпейтін тақырыптары. Ақын өмірді, тірлікті сөз ете-
ді, ал тірлік болған жерде өлім де болады. Суреткер өлімді: 
адам баласы өледі немесе пәленше өлді деп жай хабарлау 
үшін
 
сөз етпейді (әрине, бұл да орын алады), сонымен қатар 
тірліктегі өмірдің мәні, мұндағы сан алуан құбылыстар, 
адамның (кейіпкердің) өмірдегі орны жайында өз пайымын 
толғау үшін де «өлім» тақырыбын фразеологиялық тіркестің 
мағыналық арқауы етеді. Абай бұл орайда 
ажал
 
жету, дерт 
алу, күні біту, көзіне құм құйылу, көрге кіру, көз жұму 
сияқты 
байырғы қазақ көркем тілінде қалыптасқан кәнігі тіркестермен 
қатар өзі жасаған 
ант (антұрған) мезгіл келу 
(Жұрттың сөзі 
тағдырға адам көнбек, Бір 
антұрған 
еріксіз 
мезгіл келмек... 
Жұрт айтқан сол 
ант мезгіл 
келсең керек), 
өрт алу 
(баласы 
өлген анаға шығарып берген жоқтауында:. Жеміс ағаш бәйтерек 
Балдырғанын 
өрт алды) 
сияқты перифраздық тіркестерді бей-
нелеуіш құралға айналдырады (перифраз деп аталатын тір-
кестер жайында өз алдына жеке тақырып етіп талданды).
Ал өлең мазмұны өмір, тіршілікке арналған жерде де
 
ақын 
жай бейтарап мәнді жеке не күрделі сөздерді қолданудан 
гөрі, олардың образдық қызметіне жиірек жүгінеді, өйткені 


114
Абайдың бізге ұсынып отырғаны – поэзия, ал поэзия бір нәрсе 
жайында баяндамайды, сол нәрсені суреттейді. Айталық, ақын: 
«
Көпжылдар көп күнді айдап келе жатыр. 
Сипат жоқ, сурет 
те жоқ, көзім талған» десе, мұнда «көп жасап келемін» деген 
идеяны дәл осы түрде немесе 
көп жыл өмір сүріп келемін 
деп 
берсе, жай баяндау ғана болар еді, ал 
көп жылдар күнді 
ай-
дап 
келе жатыр 
десе, осы идеяны оқушы (тыңдаушы) сезіміне 
әсер ететіндей суреттеп білдіреді. «Адам дүниеге келді, туды» 
деген ойды (идеяны) поэзияда дәл осы сөздермен білдіру экс-
прессиясы жағынан 
дүние есігін ашу 
дегенмен теңесе алмай-
ды, сондықтан Абай соңғы тіркесті қалайды.
Болашақ өмір 
деген тіркес бейтарап атау болса, осы ақын 
өлең тілінде 
келер күн 
деп білдірген екен, бұл да образды фра-
зеологизм болып шыққан. «Біраз өмір сүру» деген ұғымды 
өмірдің өрін тауысу, белге шығу, талай жерге келу 
деп 
құбылтып білдіру – сөз жоқ, поэтикалық тіл талабы ақындық 
құдіреттің көрінісі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет