мақал, жыр, ақын, тыңдаушы, шешен
сияқты есімдер,
жазу,
оқу, тыңдау, жаттау, айту, мақалдау, сөйлеу, жырлау
тәрізді
етістіктер,
көркем, ұқыпты, ұқыпсыз, талапты
сияқты сын
есімдер құрай алады.
Тақырыптық топпен текст түзуде сөздің жеке лексикалық
мағынасы ғана емес, контекстік мағынасының да рөлі бола-
ды. Жеке алғанда мағынасы жағынан бір тақырыпқа кірмейтін
сөздерді жазушы (ақын) қолданыста (контексте) стильдік коло-
рит құрайтын тақырыпқа орайластырып, мағынасын ауысты-
рып жіберуі мүмкін. Мысалы, «Бұралып тұрып» деп бастала-
тын өлеңіндегі
керім
сөзінің қолданысын алайық. Бұл тұлға
85
(керім~ көрім)
жалпы Абай тілінде жағымды мәнде келеді:
«Көбінесе ән басы келеді ащы. Кел, тыңда, деп өзгеге болар
басшы.
Керім
толғап тауысар қоңыр-күңгір, Со жеріне ойың-
мен араласшы».
Керім
сөзі – Абай өңірінде де жағымды
мағыналы сөз, ол «әдемі, әсем» дегенді білдірсе керек. «Шүкі-
ман сұлуды алғаш көргенде, Абайдың оны «керім, керім, ай
керім!» дегенінен атын Әйгерім атап кетіпті», – деп жазады
ғой Мұхтар Әуезов. Ал «Бұралып тұрып, Буыны құрып»
өлеңінде, бар болғаны 8 жолдық бір шумақта текстің жалпы
тақырыптық (жағымсыз портрет тақырыбы) және ассоциатив-
тік үніне (беретін әсеріне) сай топтастырылған
әсемсу, сәнсу,
білгенсу, бәлсу, буыны құру, мұрнын қисайта тарту, керенау,
кердең
сияқты сөздердің қатарына
керім
сөзін қосып жібереді,
демек, бұл жердегі
керім
сөзі
керенау, кердең
дегендердің
контекстік синонимі іспеттес қолданылған.
Тақырып жағынан үндес сөздердің шоғырлануы образдың
семантикалық-стильдік колоритін (бояуын) жасайды (колорит
дегеніміз – тұтас дүние ішінен бөлініп көрінетін ерекшелік
қой). Сөйтіп, тақырыптас сөздер де текст түзеді екен. Айталық,
«Сегізаяқ» – Абайдың ақындық, азаматтық ар-ұжданының
толғанысы, дүниеге, болмысқа деген көзқарасы, демек, бұл –
философиялық толғаныс, сондықтан мұнда негізінен дерексіз
ұғымдар сөз болады. «Сегізаяқта» ең алдымен «толғаныс»,
«поэзия», «сөз» деген ұғымдарды білдіретін
қызыл тіл
де-
геннен бастап,
ой, әдет, қайрат,
«өлең, толғаныс, пікір»
мағынасындағы
сөз, мінез, насихат, өсек, нысап, ұят, дәулет,
нәсіп, еңбек, ар, өтірік, ұрлық, зорлық, тамағы тоқтық,
жұмысы жоқтық, қулық, сұмдық, қорлық, мақсұт, абиыр,
талап, ғылым, дерт, жалғыздық
деген 40-қа жуық дерексіз
ұғым атаулары келтірілген. Бұларды бір өлеңде шоғырлап
беру арқылы ақын текст түзіп тұр. Ал бұл жерде текст түзудің
қажеттігі осы өлеңге толғаныс сипатын беруден туып отыр.
Абайдың поэзияның мәні, қызметі туралы жазған өлеңінде
өлең, ертегі, сөз, қызыл тіл, өнер деген зат есімдер
«поэзия»
деген тақырыптық топ құраса,
жазбау, жазу, сөзді ұғу, құлақ
тосаңсу, айтқанды ұқпау, айта беру, сөз айту, жамандау
сияқты сөздер тобы «жазу, өлең шығару» деген тақырыпты
86
қамтиды. Көкірегі
сезімді, тілі орамды, көзі ашық көңіл, әсіре
қызыл сөз, түбі терең сөз, өлеңі бар өнерлі
[інім],
есіл өнер
сияқты сын есімдер де алдыңғы екі топпен үндес, бұлар да
«тіл, сөз,
поэзия, өнер» деген тақырыпқа қатысты анықтауыш
сөздер. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген бұл
өлеңдегі ақынның айтпақ идеясын – поэзия туралы толғанысын
осы тақырыпқа қатысты сөздердің шоғырланып келуі білдіріп
тұрса, бұл жерде де осы шоғырлану арқылы тұтас текст түзіліп
тұрғанын көреміз. Мұнда сөздердің модальдық реңкіне қарай
топтасуы емес, тақырыптастыққа қарай шоғырлануы орын
алып тұр.
Сірә, текст түзуде грамматикалық тұлғалардың, әсіресе
олардың ұйқасқа қатыстырылғандарының да рөлі болатын
сияқты. Айталық, Абайдың «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім»
деген өлеңі бес шоғырдан (тирададан) тұрады. Әр шоғырдың
грамматикалық тұлғалармен келуі әртүрлі: 1-шоғыр сұраулы
сөйлемдерден тұрады:
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім,
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа?
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бай таппай?
Әрі қарайғы шоғырлардың барлығында да сұраулы
сөйлемдер қатысып отырады. Демек, бұл өлеңнің тексін түзуде
грамматикалық құрылыс қатысқан.
Текст түзу – жетілген жазба әдебиеттің қөрінісі. Және ол
–
қаламгердің зор талантын талап ететін құбылыс, өйткені текст
түзу үшін сөз топтарын, грамматикалық амалдарды таңдай
білу керек, әр сөздің лексикалық мағынасы мен модальдық
(ассоциативтік) өңін тап баса білу керек.
Әрине, Абай бұл құбылыстың теорясын да, текст түзудің
амалдарын да оқып білген емес, тіпті бұндай поэтикалық
категорияның бар-жоғынан білім жүзінде бейхабар. Бірақ по-
эзия бар жерде ақындық интуиция деген кім-кімде де, қай
кезеңде де орын алатыны даусыз. Абайды біз қазақ поэзиясын
жаңа сапаға, классикалық жазба дүние дәрежесіне көтерген
87
суреткер деген тезис ұсынсақ, бұлайша тануымызға негіз бо-
латын – біз талдап отырған құбылыстар. Абай бұл орайда тек
жазба поэзия деңгейіне көтерілгенін ғана танытпайды, сөз да-
насы – поэзия данышпаны екенін де көрсетеді.
Көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде сөзді таңдап,
талғап жұмсайтын, дәлірек айтсақ, жұмсататын саланың бірі–
синонимдер қазынасы. Жазушының (ақынның) сөзді сезіне
білуі, оның негізгі мағынасы мен мағыналық реңктерін айы-
рып тани білуі, сөздің беретін әсеріне (экспрессиясына) ден
қоюы – қысқасы, суреткерлік-тілдік шеберлігі айқын көрінетін
тұстардың бірі – осында, сондықтан Абай поэзиясы тіліндегі
синонимдердің қолданысын жеке әңгіме етуді жөн көреміз.
|