83
келеді: мұнда ақын бейтарап мағынадағы
беру
етістігін емес,
тығындау
сөзін
таңдайды, бағынышты елін
мықтап ұстау,
қатты ұстау
деген сөздер ешбір бояусыз қалыпты іс-қимыл
атаулары болар еді, сондықтан бұлардың орнына ақын осы
өлеңнің жағымсыз портретті танытатын жалпы «үніне»
сәйкес
мығымдап ұстау
сөзін жұмсайды, сондай-ақ мұнда «сияз бар»
десе болыстың жүрегі жай ғана
лүпілдемейді, суылдайды.
Де-
мек, бұлардың бәрі ақын діттеген белгілі бір үнді беретін текст
құрап тұр.
«Өзге жұрттан ұялып, жұртым деуге арлымын» деген
Абай кейбір замандастарын адресін көрсетіп те (Күлембайға,
Көжекбайға, Көкбайға, Әсетке,
қара қатынға, қатыны мен
Масақбайға, Дүтбайға т.б. өлеңдерін қараңыз), көрсетпей
де («Мәз болады болысың», «Қажымас дос халықта жоқ»,
«Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да», «Қыран бүркіт не алмай-
ды салса баптап», «Бойы былғаң» деп басталатын өлеңдеріне
назар аударыңыз) «улы сия, ащы тілдің» ұшына алады: си-
паттайды, сынайды, әжуалайды әзілдейді. Бұл өлеңдердің
көпшілігінде, әрине, олардың жағымсыз қылықтарын сөз етеді.
Ол өлеңдердің текстері де көбінесе біртұтас болып түзіліп
келеді. Мысалы, Дүтбайға арнаған өлеңінде («Жылуы жоқ
бойының» деп басталатын)
жылмию, құйтың ету, жылмаң,
пішінді болу, түсінің түксігін тырсиып салу, дөң айналмай
ант ату, ар жағы бүксіп, бықсып жату, сөзі мен өзі бөліну,
жын сықылды бұзылу, тұрлауы жоқ құбылу –
осы қылық,
кимылдың бәрі 20 жолдық шағын ғана бір өлеңнің ішіне сый-
ып тұр. Бәрі де – бойының жылуы жоқ құр жылмиған адамның
портреті үшін таңдалып алынған текст түзуші образды сөздер.
«Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» деген 12 жолдық
шағын өлеңі – нағыз сын, «басқа сая, жанға олжа дәнеңе
жоқ құр далақтап жүрген қайран еліне»
айтқан зілді сөзі,
сондықтан сол елінің әрекет-қимылы
ыржақтап күлу, күпілдеп
құсын мақтау, бос салақтап күні бойы шабу
болса, қияға
самғаған қыранға жіберілген
қарғасы қарқылдап, күйкентайы
шықылықтап
не
өзі алмайды, не қыранға алдырмайды. Ал-
легориямен келген бұл өлеңде образдар жағымсыз эмоциялы
сөздердің шоғырлануымен берілген.
84
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі де –
жақсы
менен жаманды айырмаған өз халқына айтылған қатты сын.
Сынаған соң, әрине, жағымсыз жағы сөз болады ғой, сондықтан
«аузымен орақ орған өңкей қыртыңның, бас-басына би болған
өңкей қиқымның» қылықтарын танытатын
тыртың, бұртың,
жыртың-жыртың күлу, пыш-пыш деу, бойларындағы тырқы
мен қылпы
бір өлеңде айтылып, өңшең жағымсыз эмоция-
лы сөздердің шоғыры осы өлеңнің тексін түзіп, тұтас бір
модальдық өң берген.
Масақбайдың салақ қатынын
суреттеу жалпы салақ әйел-
дерді сынауда да кішігірім бір ғана өлеңде келтірілген
бықсы-
ту, бүксіту, қоқсыту, бүкшию, сексию, түксию, барқылдап,
тарқылдап, салпылдап тоқтау
деген сөздердің бәрі де – се-
мантикасында жағымсыз мағына бар етістіктер,
өйткені
Абайға бұл жерде «құрбыға қадырсыз» шыдамсыз байы ойбай
салып боқтап, қамшы мен жұдырыққа жүгіретін, «жүзінің нәрі
мен бойының сыны жоқ» қатыны төрінің қоқымын қоқсытып
отыратын жұбайларды сипаттау керек болып тұр. Бұнда да
текст түзіліп, ондағы сөздер бірін-бірі күшейтіп, жағымсыз
отбасының портретін тұтас етіп көрсетеді.
Әрине, текст түзу тек жағымсыз реңкі бар сөздердің бір
өлеңде
шоғырлануы арқылы ғана емес, жалпы тақырыптас
сөздердің шоғырлануы арқылы да жүзеге асады. Тақырыптас
сөздер дегеніміз – бір тақырып төңірегіне топталатындар.
Олар әртүрлі сөз таптары және әртүрлі мағынадағы сөздер
болады. Мысалы, «өлең, поэзия» деген тақырып тобын сөз,
Достарыңызбен бөлісу: