64
сөзбен танытуда өң дәл және әсерлі тұлға болып табылатындар
-сы
жұрнағымен келген етістіктер.
Түркі тілдерінде, оның ішінде
қазақ тілінде бұл жұрнақ
сөйлеуші өзін біреуге не бір нәрсеге балап, ұқсауға тыры-
су, бір нәрсені істеген немесе
істемеген болып көлгірсу, бір
нәрсені қомсыну мағыналарын беретін етістіктер жасайды:
білгенсу –
білмей тұрса да, өзін білетін адам санау»,
мүсәпірсу
–
бейшаралық жағдайда болмай-ақ өзін мүсәпір көрсету,
бала
-
сыну –
біреуді бала деп қомсыну, бала көру.
Егер Абай жаңа сөздер жасады ма деген сұрау қоя қалсақ
бірден-бір көзге түсетін жаңа тұлғалар – осы
-сы
жұрнағымен
жасалғандарды атар едік
. -сы
мен
-сын
жұрнақтары қызметтес
болғанмен, контексте олар бір-бірінен өзгешелеу болып келуі
мүмкін:
-сын
жұрнағымен келген
тұлғада өзін біреуге ба-
лап көлгірсу реңкінен гөрі, өзгелерді әлдебіреуге балау, бір
нәрсені қомсыну
(баласыну, азсыну, көпсіну)
реңкі басымырақ
сияқты. Сондықтан
Абай бұрынғы қолданыста бар
бәлсіну,
сәнсіну, керексіну
деген сөздердің орнына
бәлсу, сәнсу, керек
-
су
деген жаңа тұлғаларды ұсынады. Егер
керексіну
десе, мұнда
«бір нәрсені жай ғана керек ету» мағынасы ғана танылады,
ал: «Ел
керексіп,
сөзге емексіп, Не болады мақтаның» деген-
де Абай елді
шын мәнінде керек етуді емес, көлгірсіп, керек
еткен болғансып мақтан қуғанды айтпақ болған. Демек,
елді
керексіну
деген тіркес еш бояусыз қалыпты мағынаны білдірсе,
ел керексу
тіркесі әрі жұрнақ тұлғасының өзгеше келуімен, әрі
контекске қарай экспрессивтік реңк алып, жағымсыз қылықты
білдіруімен алдыңғы тіркестен өзгеше түсіп тұр.
Әрине,
Абай осы мағынада
-
сын
жұрнақты вариантты да
еркін жұмсаған. Қас маңғаз малға бөккен
кісімсініп,
Әсте жоқ
кеселді істен биттей қорықпақ.
Достарыңызбен бөлісу: