57
ұртың, мұртың, құлқың, жылқың
т. т.) алдыңғы жағымсыз
сөздерге ұйқастырылып алынады, сөйтіп, өлеңнің негізгі иде-
ясына – «жақсы мен жаманды айырмаған», «ұстарасыз аузына
мұрты түскен» замандастарының сұрықсыз портретін беруге
ұйқасқа алынған сөздер де қатысып тұр. Өлеңнің өн бойына
созылған моноұйқаста (бір ғана ұйқаста) бейнелеуіш сөздердің
шоғырланып келіп отыруы осы сөздерге оқырман назарын ау-
дартады, өйткені бұлар тармақ соңында тұрғандықтан, пауза
жігіне сай келіп, оларға интонациялық екпін түседі.
Зерттеушілер жалпы түркі поэзиясында, оның ішінде қазақ
өлеңінде әр алуан тұлғадағы етістік ұйқастардың жиі қолданыл-
ғанын айтады. Мұның бір себебі қазақ тілінде, өзге де түркі
тілдеріндегідей, баяндауыштың сөйлем соңында келуіне
қатысты сияқты. Өйткені қазақтың 11 буынды қара өлеңінің
алдыңғы екі тармағы көбінесе шағын жеке бір ойды қамтитын
бір-бір сөйлем болып келеді, ол сөйлемдер баяндауышпен
аяқталады: «Қаратаудың басынан көш
Достарыңызбен бөлісу: