Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет141/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

қазақты орысқа аударамыз
деген 
пікір бәрін бүлдіріп отыр. Сол школдар арқылы 
қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді. 
Хүкіметке жағымдысы - қол астындағы жұрттың 
жазу-сызуы, тілі, діні бір болуы... орыспен бірдей 
болып сіңісу үшін бірден орыс тілімен оқыту керек... 
Хүкіметке керегі - мемлекеттегі жұрттың бәрі де 
бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа 
керегі - өз діні, тілі, жазуы сақталуы», - деп оры- 
стандыру идеясының мемлекет тарапынан қолға 
алынып отырған түпкі мақсатын ашып көрсетіп
келер ұрпақты сол кезде-ақ сақтандырған бола- 
тын. В. И. Лениннің ұлттарды жақындастырып қана 
қоймай, оларды мүлде сіңіріп (слияние) жіберу тура- 
лы ойының астарында Ресей империясының өмір 
бойы ұстанған миссионерлік идеясының мақсаты 
жатыр.
Әскери қызметте жүрген Бауыржан Момышұлы 
1948 жылы жалғыз баласы Бақытжанды мек- 
теп табалдырығын аттатып, ана тілінде оқытпақ 
болғанда, алдынан құрулы кедергіге кездеседі. Осы


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
жөнінде өзінің сырлас досына хат жазғанда: «Вчера 
отвел Бахыта в школу, он теперь ученик 56-ой рус- 
ской школы (самая близкая к нашему дому - один 
квартал). Единственное нежелательное для меня 
(моего сознания) то, что он будет получать началь- 
ное образование не на родном языке, т.е. сразу нач- 
нет с «шоқынғанства»... к моему огорчению, в столи- 
це Казахстана начальная казахская школа давным- 
давно оказалась не в почете, их всего две и они на 
самой окраине города», - деп сескене қарауында 
қатпарлы сырлар жатқандай сезіледі. Өйткені бұл ой 
оның 1943 жылы жазылған атақты «Қазақ тілі тура- 
лы» мақаласынан соң туындап отыруында да белгілі 
бір танымдық сыр жатқанын аңғартады.
Отаршыл Ресей империясы Азиядағы түрік 
халықтарының атамекен туған жерін зорлықпен 
жаулап алып отарлауда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет