Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
саф алтындай қоспасыз таза сақталған түрін
тасқа
мәңгілікке қашалып жазылған Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері талассыз айғақтап отыр емес пе? Осы
жазба ескерткіште керініс берген топонимикалық
атаулардың бір ерекшелігі - олардың жеке кісі
атына қойылмай,
жер рельефінің табиғи ғажап
көріністерін керкем де образды ұғымдармен ажар-
лап беру жағының басым жатуында. Мысалы, Інжу
өзен (Сырдария), Түн жазығы, Темір қақпа, Жасыл
өзен, Көгман, Қарақұм т.б. ақындық сезім көрігінде
сомдалып бедерленген
атаулардың бәрі де жер
рельефінің шырайлы көрінісін кез алдыңа кестелеп
тартатыны бар. Бұл ғажайып өзіндік табиғи дәстүр
қазақ топонимикасында жалғасты қ тауып, жер
атын бейнелі көркем образ, шындық ұғыммен беру
салты - атап айтуға тұрарлықтай ерен құбылыс.
Өйткені халық
ғасырлар бойы көшіп-қонып, жаз
жайлап, қыс қыстап келген атамекен атауларын,
көбінесе, жер рельефі мен пейзаждық болмысына
сай ерекшеліктеріне орай өте дәл, сындарлы көркем
ұғымдармен бедерлеуге
ерекше мән бере қараған
шығармашылық әрекетті танытады.
Ал кейбір халықтарда гидроним, ороним, ойко-
ним, этноним саласындағы атауларды қою прак-
тикасында жеке кісі атына сәйкес қою жағы басым
жататын ерекшелік бар. Жеке кісі аты (антропо-
нимдер) демекші, бір
халықтың құрамындағы адам
есімдері мен фамилиясына қарап отырып, олар-
ды мағынасы мен беретін мәніне қарай жіктеп-
жүйелегенде, ол антропонимдік атаулардың сан
қырлы қатпарларыңда
сол халықтың басынан өткен
әр түрлі тарихи және саяси-әлеуметтік езгерістердің