Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
93
талайынан мәңгілік хабар беріп түратын ақпарат
көзіне айналатыны да ұшырасады. Мысалы, Аспара
немесе Сочи т.б. атаулардан
осы ерекшелікті көруге
болады.
Халықтық топонимика деп, негізінен, қай жер,
қай халықты алып қарасақ та, онда қолданылатын
географиялық жер атауларын сол жерді мәңгілікке
жайлап келген автохтонды халықтың авторлығымен
қойылып, қалыптасқан елді мекен,
жер атаула-
рын ұғынамыз. Бұлар ғасырлар өткен сайын мүлде
тұрақтанып, халықтың тарихи есін қорландырар
елеулі рухани байлығына айналып отырады.
Тіпті, бұрын-соңды тарихта белгілі бір жерге
иеліктің қай халық, қай ұлыс, қай тайпаға тән
екендігінің айғақты дәлелі, көбінесе, сол жердің топо-
нимикалық сөз төркіндеріне
берілетін мағынасына
қарай қарастырылатын болған. Өйткені сол жерді қай
халық жайлап, қоныстанып келсе, топонимикалық
атаулардың да сол халықтың авторлығымен қойы-
луы себепті ол халықтық топонимика деп аталады,
яғни топонимикалық атаулардың авторлығы тек сол
халыққа тән құбылыс болып қала береді.
Халы қты қ топоним иканы ң бір ерекш елігі -
топоним икалы қ атаулар сол халықтың тікелей
авторлығымен қойылуы
себепті фольклор мен
көркем әдебиет шығармаларында ез көрінісін бер-
мей тұра алмайды. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян
сұлуды», не Мұрат ақын шығармаларын алып
қарасақ, ондағы географиялық жер атаулары айғақ
бола алады. Мұндағы суреттелген жер атауларының
бәрі де халықтың тарихи есі ретінде сақталып, әрі ол
ұғымдар
ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, дәстүрлік жалғастық