Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет47/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Жер қалай орыстандырылды?
тауып жататын рухани қазынаға айналып отырады. 
Қазақ ауыз әдебиеті мен ақындар поэзиясында жыр- 
ланып бейнеленген елді мекен, жер-су атауларының 
сол халықтың тікелей авторлығының тарихи айғағы 
ретінде әдебиет бетінде көрініс беріп отыруы - бүкіл 
әлем халықтарының бәріне ортақ рухани қүбылыс 
екенін көреміз.
О тарш ылдық топонимдер - халықтық елді мекен, 
жер атауларының антиподы ретінде пайда бола- 
тын өмірдегі саяси-әлеуметтік басқыншылық пен 
зорлы қ-зом былықтың көрінісі. ¥лан-байтақ қазақ 
жеріндегі елді мекен, жер атауларының қалыптасқан 
түрлі қабаттарына (қытай, парсы, грек, араб, мон- 
ғол, қалмақ, орыс) назар аударсақ, немесе ол 
қабаттарды парақтап сырына шомсақ, әр қилы 
басқыншылық, жаулап алушылықтан келіп туында- 
ған 
отарш ы лды қты ң 
қанды 
іздерін, 
зорлы қ- 
зомбылықтың таңбаларын байқаймыз. Алайда, туған 
жеріміздің топонимикалық тарихи қабаттарындағы 
елді мекен, жер атауларының пайда болу, қалыптасу 
және 
өзгерістерге 
ұш ы рау 
себептері 
тарихи 
шындығының бар болмысын ономастика ғылымы 
өз дәрежесінде ашып бере алмай келеді. Өйткені 
топонимика саясатпен тікелей байланыста жата- 
тын өзіндік ерекшелігі бар құбылыс болуы себепті 
ондағы әрбір өзгерістің түп төркіні саяси-әлеуметтік 
жағдайлармен бірлікте алынып қаралуы керек. 
Өкінішке қарай көп жағдайда ономастика ғылымы 
жер атауларында орын алған ащы шындықтың 
шы мылдығын 
сы пы рудың 
орнына 
үнсіз 
қала 
береді. Мұның себебі Дж. Неру атап көрсеткендей, 
«тарихты көбінесе жеңгендер мен басқыншылар


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
жазғандықтан», елді мекен, жерлердің олардың 
саяси 
мүддесіне қайшы 
келетін отарш ылдық, 
тоталитарлық атауларының сырын ашуға ономасти- 
ка ғылымы саналы түрде бара бермейді. Осы себеп- 
тен де отарланған халықтар тарихындағы пайда 
болған отаршылдық, тоталитарлық елді мекен, жер 
атауларының зерттелмей қозғаусыз жатуы жай ғана 
нәрсе емес.
Қазақстан картасындағы апайтөс алып даланың 
бойында сан мыңдаған топонимикалық атаулардың 
XIX ғасыр аяғына дейінгі құрамы мен тарихи 
қабаттарын ашып зерттей қарасақ, географиялық 
жер атауларының басым жағы байырғы қазақ тілі 
негізінде жатқаны анық.
Қазақ жеріндегі топоним икалы қ атаулардың 
сіресіп жатқан тарихи қабаттарын ашып, олардың 
қатпарларын жазғанда ұшырасатын: қытай, грек, 
парсы, араб, монғол, қалмақ, орыс тілдерінде 
қойылған жер атаулары кейде бірен-саран, ілуде бір 
кездесіп отырса, кейде олардың қарасы қоюланып 
түйдектеле түсетін тұстары да баршылық. Әрине, 
бұлардың арғы төркінінде қазақ даласында болып 
өткен айтулы оқиғалар мен тарихи жағдайлардан 
келіп туындаған географиялық жер атауларының 
қойылу, өзгертілу, алмастырылу себептері жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет