Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?
87
туындап отырған әрі өмірде болып өткен нақтылы
тарихи оқиғалар желісінде жатқан қүбылыс екені
ақиқат шындық.
Патша үкіметінің отарлау саясатындағы ең
тұрақты сыннан өткен сенімді әдісі - отарланған
жерлерге қоныс аударушыларды барынша тоғыта
отырып, жергілікті халықтың үнін шығармай билеу
ісіне, әсіресе, аралас мектеп арқылы біртіндеп
орыстандыру, шоқындыру мәселесіне келіп тіреледі.
Бұдан шығатын қорытынды: өткендегі отаршылдық
дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихын жазу жолында
қоғамдық санада елеулі орын алған миссионерлік
құбылысты жасырмай, оны боямалап бүркемей,
шындықты сол қалпында көрсетіп, әділ бағалауды
уақыт талабы алға қойып отыр.
88
Жер қалай орыстандырылды?
Жер қалай
орыстандырылды?
«Мән бермеппін жер атына бұрын мен,
Кездерім көп мән бермеуден сүрінген».
Ж. Нәжімеденов
Бүкіл тіршілік атаулының тұрақ мекені болған
жұмыр жердің төсінде қайнаған тіршілік базары сан
жүз мыңдаған ғасырлар желісінде өсіп-өркендеумен,
дамып, өзгеріп, толысу жолымен тарих керуені
тоқтаусыз жылжуда. Адамзат нәсілі шыр етіп жерге
түсіп, кіндік қаны тамған қастерлі атамекенінде тілі
шығып, өмір үшін күрес жолында санасы оянып,
сан салалы білім, тәжірибе жинақтау үстінде
дүниетаны мы ның көкжиегі кеңейе қорлануымен
қатар, оның тарихи есі (жады) де биіктеп келеді. Әрі
бұл - тоқтаусыз, толассыз өсе беретін эволюциялық
даму үстіндегі жанды құбылыс.
Қазіргі кезеңде қоғамдық пікірде тарихи ес
мәселесіне айрықша мән беріліп, жіті назар ауда-
рылуда. Тарихи зерденің елеулі бір саласы ретінде
танылған адамзат баласының тербеліп өскен тал
|