Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет42/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
қүлқымен өкіметке жаға білген Алекторовтың 1908 
жылы бүкіл Батыс Сібір оқу инспекторы болып 
жоғарылатылуы да кездейсоқ құбылыс емес еді.
Миссионерлік, патшашыл бағытынан таймаған 
Алекторов 1917 жылғы ақпан революциясынан 
кейін Омбыдағы оқу орындарындағы озық ойлы 
оқытушыларды түгел қуып, қаражүздіктердің қанды 
шоқпар тобына қосылып кетті.
Әрине, А. Е. Алекторовтың миссионерлік мұрат 
тұрғысынан жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерінің 
сол дәуірдің саяси-әлеуметтік шындығын танып 
білуде, сын көзімен қарай білсек, біз үшін пайда- 
лы жағы да бар. Бірақ ол жазған еңбектердің түпкі 
мақсатынан, нені көздегенінен көз жазып, астар- 
лы зардаптарына мән бере алмасақ, адасқанымыз 
болып шығады. Мысалы, Алекторовтың ең басты 
еңбегі - 1900 жылы Қазан қаласында басылым 
көрген «Указатель книг, журнальных и газетных ста- 
тей и заметок о киргизах» деген атақты да көлемді 
еңбегінің дәл бүгінге дейін ғылыми мәні бар дүние. 
Қазақтар туралы алғаш рет басылым көрген әр 
қилы деректерді тұтас қамтып көрсеткіш жасауы -
қай жағынан алып бағаласақ та бірегей еңбек. 
Бірақ, бір ескерер нәрсе, отаршыл үкімет өзінің 
отаршылдық саясатын жүзеге асырып, бодан елді 
қимылдатпай шеңгелінде ұстаудың ұрымтал жолда- 
рын қарастырғанда, ол халықтың өткендегі өмірін, 
тұрмыс ерекшелігін, ішкі нанымы мен салт-санасын, 
тарихи жолын білуге елеулі мән бере қараған. 
Өйткені оны жете білу арқылы ол халыққа қолданар 
саясаттың түрін анықтауға мұқтаж болғандықтан 
да, қажетті деген ақпараттық деректерді жүйелеп,


86
Ел қалай орыстандырылды?
жинастырып отырған. Барлық отаршыл мемлекет- 
тер тарапынан ғылым атынан жүргізілетін әр түрлі 
мақсат көздеген зерттеулер мен қазына қаржысымен 
жабды қталған экспедиция атаулының бәрі де 
отаршылдық мүдде тұрғысынан жүргізіліп отырған. 
Осы себепті де патша үкіметі өз мүддесі тұрғысынан 
жүргізілетін ғылыми-зерттеулер мен арнаулы экс- 
педициялардан қаржыны аямаған. Мәселе бүгінгі 
күнде отаршылдық мақсат тұрғысынан жүргізілген 
әрекеттердің қай түрі болса да, оны қалай танып
бағалауға саятынын есте ұстау ләзім. Бұлай дейтін 
себебіміз, ол әрекеттердің бәрі де біздің тарихы- 
мызда біржақты бағаланып, тіпті, мадақталып, ащы 
шындықтың бүркемеленіп жатуында болып отыр. 
Халы қ ұғымын өткендегі бұл іспеттес зарарлы 
құбылыстардан тазарту мәселесі бүгінгі өмір тала- 
бынан туындап отыр.
Ж оғарыда айтылған мәселелердің түп төркініне 
назар аударсақ, Мұхтар Әуезов қолданып отырған 
автоцензуралы қ 
құбы лы сты ң 
саяси-әлеум еттік 
тамырларын індете отырып іздегенде, жазушының 
кең тұрғыдан айтпақ болған, бірақ артынша сол 
тұстың жағдайына байланысты өз ой оралымдарын 
толық ашпай, бүгіп қалуында көп нәрсенің астарлы 
да сұсты сырлары жатыр. Ж азушының автоцензу- 
расында жанамалай ишарамен айтқан тезистерінің 
астарында су асты ағымдары іспеттес көзге ілінбес
бірақ бойлай қалсаң алды-артыңа қаратпай ағыза 
жөнелер қуаттың барлығын да сезінеміз.
Жоғарыда М. Әуезов автоцензурасындағы иша- 
рамен жанамалап айтқан ой қабаттарының бәрі 
де Ресей империясының отаршылдық саясатынан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет