Александр Ефимович Алекторов
(1861-1919)
өз қызметін Орынборда оқытушылықтан бастаған.
Бүл өлкеде сол тұста Ильминскийдің миссионерлік
әрекеті мейлінше кең өріс алып, үкіметтен қызу
қолдау тауып тұрған кезең еді. Ол Ильминский-
мен танысып, оның миссионерлік жолына біржолата
құлай беріледі. Бірақ мұндағы бір ерекш елік -
басқа
миссионерлер сияқты
шіркеу
маңында
айналсоқтамай, ресми оқу орындарында ұстаздық
80
Ел қалай орыстандырылды?
етсе де, бұратаналарды орыстаңдырудың басты
қуралы мектеп пен ағартуш ылық деген танымға толық
сеніп барған. М иссионерлікжолға түскен ғалымдарға
қойылған іргелі талаптың бірі - отарланған бұратана
халықтардың тілін, тарихын, фольклорын, этногра-
фиясын, діни танымын, тұрмыс ерекшелігін жан-
жақты терең біліп, осы таным негізінде оларды
оры станды руды ң саяси айла-тәсілдеріне жетіле
түсуде жататын. Осы тұрғыда миссионер ғалымдар
жазған еңбектер негізінен отарш ы лды қ саяси
мақсатты жүзеге асыруға бағытталған, бұратана
халықтарды идеологиялы қ жағы нан меңгерудің
сенімді құралына айналғанымен, біз үшін өткен
тарихты білуде ғылыми нақтылы ақпараттық дерек-
тер көзі бола алады, егер оларды сын көзімен пай-
далана білсек, нағыз тарихи шындықтың үстінен де
түсіреді. Объективті тұрғыдан қарағанда, шындықты
танып білуде біз үшін пайдалы қайнар көзге айна-
лып та отыр.
Алекторов 25 жасында, яғни 1886 жылы, Ішкі
Орданың оқу инспекторы болып тағайындалады.
Жалпы патша үкіметінің отаршылдық тарихында
қазақ халқына қолданған әр қилы саяси-әлеуметтік
айла-тәсілдеріне өздеріне сенімді болған осы Ішкі
Ордада тәжірибе жасап, нәтижесін жалпы қазақ
даласына енгізетін ішкі қулығы да болатын-ды.
Мысалы, Алекторовтың «Что нужно для обрусения
инородцев?» («Астраханский листок», 1892, №207)
деген аты шулы мақаласында Ішкі Орда қазақтарын
орыстандыру мәселесін көтеріп, өзінің миссионерлік
жолдағы басты танымын анық байқатады. Апекторов
«бұратана халықтар үшін мектеп - орыстандырудың
|