102
Жер қалай орыстандырылды?
армандаған жігіт аңсарымен айтылған сағынышты
назды сөзде еске алынатын өте көне микротопо-
нимикалық атаулар - аталарымыздың бастан кеш-
кен көне заман шындығында жатқан тарихи естің
тағы бір жаңғырып өткен қуатты көріністері.
Мұның
арғы түп төркіні Фирдаусидің «Шахнамасына» ба-
рып тіреледі.
Географиялық жер атауларының шығу тарихы
мен аталу себептеріне төтенше мән беріп жырлай-
тын сергек сананың шежіре ақыны Зиябек:
Ертеде ел Әму, Сырды - Тұран дейтін,
«Түркістан келіп шыққан бұдан» дейтін.
Ол жердің қазіргі аты - Орта Азия
Бес ұлт сыйып отыр бұған еркін, -
деп, баяндауында түрік
халы қтары ны ң мекені
Тұран, Түркістан, Орта Азия болып үш рет алмасып
өзгеруінің өзінде қазіргі ұрпақ біле бермейтін жер
тарихы мен ел тарихының бұралаң бұлыңғыр сыр-
лары жатыр.
Көне замандағы Тұран мен Иран, яғни түрік
халықтары мен парсы жұрты арасындағы тарихи
қарым-қатынастар ізін
тағы да халық санасында
ғасырлар бойы сақталып жеткен географиялық жер
атаулар: Рүстем төбе, Заларық, Шуст (Залдың қызы
Шустбану), Талберзин, Салар суы - бәрі де парсы
патшасы Кейкаус заманына орай айтылатын аңыз-
оқиғалардың тарихи ізін алдыңа көлденең тартқан-
дай. Осы аңыз-әңгімелер
сарынына орай сөз бола-
тын көне Тұран жеріндегі көптеген қала, елді мекен,
жер атаулары ақын жырына арқау болып: