Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»



Pdf көрінісі
бет52/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
Сайрамың сүлтаны екен - батыр Сияп
Сияптың атасы екен Апрасияп.
Атасы - Тұран екен, күйеуі оның -
Ер Сауран: баласы оның - батыр Сығанақ, -
деп бөле-жара аталып отырған Тұран (кейін Түркі- 
стан, Орта Азия атанған) өлкесіндегі тарихи қала- 
лар: Сайрам (Испиджаф), Апрасияп (Апрасияп -
парсы-тәжікше аты; оның көне түрік тіліндегі есімі -
Алып Ер Тоңа екендігі «Құтадғу білік» дастанында 
айтылған), Сауран (Апрасияптың ағасы Туранның 
баласы), Сығанақ (Сауранның баласы) - бәрі де Сыр 
мен Әму ағысындағы ертедегі өркениеттің тербеліп 
өскен тал бесігі болған. Біз бұл арада Иран мен Тұран 
елінің есте жоқ ескі замандардағы байланысының 
тек қана топонимикалық атаулардағы сақталған ізінің 
елеусіз ғана езекті желісінің бір арнасын алып отыр- 
мыз. Оларды толығымен зерттейтін болсақ, оның өзі 
ауқымды ғылыми жұмыстың нысанасы боларлықтай 
аса күрделі сүбелі еңбектің сыбағасы.
Атақты Шаш қаласының (қазіргі Ташкент) өте 
көне замандағы он екі дарбазасының бір ұшы қазіргі 
Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза темір жол 
станциясына келіп ұштасқаны себепті:
Дарбаза - қақпа деген парсы сөзі,
Он екі қақпа болған Шаштың өзі.
Біреуі он екінің - бұл Дарбаза,
Ескерткіш бізге қалған Шаштың көзі, -
деп ақын қазіргі Дарбазаның түп төркінін сыр етіп 
ағытса, әрі қазіргі балаң ұрпақ үшін ескіден қалған 
көненің көзі деп ескертеді де. Яғни халық жадында 
сақталып қалған Дарбаза топонимі тегін білер тектіге 
көненің көзіндей аса қастерлі шежірелі дүние екен.


104
Жер қалай орыстандырылды?
Дарбаза! Осы бір ғана микротопонимнің түп 
төркініне ой көзімен қарасақ, тұнып тұрған кене 
тарихтың шертілмеген шежірелі сыры жатыр. Ал, 
жай ғана салғырт көзбен қарасақ, қарапайым кеп 
атаулардың бірі сияқты сырдаң тартады. Егерде 
көне тарих қатпарларын жазып, сырын ағытсақ, 
оның төркінінде ағыл-тегіл төгілмеген күйдің сазы, 
ақындық өнері сүйегіне біткен от жүректі дарын- 
ды ақынны ң жырланбаған жалын құшқан жыры 
жатқандай аңсарың ауады. Осы іспеттес шежіре 
сырға толы атамекен жер атауларының құпия сырлы 
қоймаларын ақтарғың келгенде, ұлы М.Әуезовтің 
бізге арнап кеткен: «Жер - анасы, ел - баласы деуге 
болады. Ел айтқан әңгімені, ер бесігі жер де айтады. 
Көз жіберсең, көңіл тоқтатсаң, тыңдап көрсең көпті 
айтады», - деп тебірене ойланып ескерткен зерек 
сөзі саналы сергек жандарға айтылғандай алыстан 
қол бұлғайды.
4
.
\/ІІ-\/ІІІ 
ғасы рлардағы
Түркістан 
өлкесінде 
қалыптасқан топоним икалы қ атаулар қабатының 
аса бір күрделісі әрі тарихи астарының сыры молы 
да исламиятты еріксіз зорлықпен енгізген Араб 
халифатының алысты көздеген басқыншылық сая- 
сатында жатыр.
Араб халифатының түрік халықтарын жаулап алу 
жолында әр қилы саяси идеологиялық тәсілдермен 
жергілікті тілде қалыптасып, тұрақтанған тари- 
хи географиялық елді мекен, жер атаулары мен 
этнонимдік, антропонимдік есімдерді арабша атау-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет