98
Жер қалай орыстандырылды?
сіл - жергілікті халық тіліндегі географиялық жер
атауларын өз тілдеріне аударып беру арқылы да
түпнүсқа сөздің халық санасынан шайылып, өшіп
кетуіне күш салуында жатыр. Мұны ғылым тілінде
калька (көшірме) деп атайды. Мысалы, көне түрік
тілінде Тангритағ (Ерен-қабы рға)
аталған тауды
Тянь-Шань деп қытайша қалыптастырып жіберуде
отаршылдарға тән ортақ әдіс жатыр. Ертеде көне
түріктер монотеистік дін - көк тәңірге сыйынған. Көне
түрік қағандарының құлан иек таң атып, Тәңіртау-
дың ұшар басын күн нұры шалған қалпына елден
бұрын биікке шығып табынатын дәстүрі болған.
Өте көне дәуірден бері
қытай тілінен қалған жер
атауларының бірі - Қырғызстандағы Маси қойнауы.
«Маси» сөзінің қытайша мағынасы - «жылқы
қырылған жер» дегенді аңғартады. Міне, осы елеусіз
Маси атауының тарихи төркініне көз жіберер болсақ,
халық басынан өткен дүрбелең дәуірдің таңбасын
көргендей боламыз. Өйткені бұл жер атауы Қытай
империясы мен Тұран елі арасында болып өткен
қанды ж оры қтарды ң бір елесін береді.
Екі ел
арасындағы келісімшарт бойынша қытайларға «ер
қанаты - ат» деп дәріптелген сәйгүліктер берілмек
болып шешілгенде, елдің аптал азаматтары ертең
өздеріне қарсы шабар қытай әскерінің астында
ойнайтыны себепті, оларды түн жамылып барып
қырып салады. Мұны көрген қытайлар «маси-маси»,
яғни «жылқы қырылған жер»
деп шуылдасқаны
себепті, бұл ара Маси атанып, бізге дейін өзгермей
жетіп отыр. Бұл іспеттес өткеннен белгі болып қалған
жер атының ел тарихын жаңғырту себепті ұзақ уақыт
сақтала беруі заңды да.