495
данып отырады. Адам алдына мақсат
қойып, оның нәтижелі орындалуына
сенім
білдіріп, іс-әрекетке кіріскен
кезде ғана ол жоғары нәтижелерге
же-те алады. С. – адамның ақыл-ойын,
күшін, еркін, қабілетін жоғарылата-
тын жағымды, адамның, жігерін арт-
тырып, болашаққа құлшындыратын
құбылыс (болашаққа
еңбегінің нә-
тижесіне, жақын адамдарына сену,
т.б.). С. үміттен басталады.
Адамның
алдына қойған мақсатының айқын
болуы дүниетанымының өмірмен
байланыстылығы берік сенімнен туа-
ды. Адамның дүниетанымына берік
сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибе-
сіне байланысты, сеніммен бекімеген
дүниетаным берік болмайды.
Сенім мен дүниетаным қатарласып
жүрсе ғана адам санасы нұрлана тү-
седі.
Өйткені бұл екеуі, құстың қос
қанатындай адамның ең асыл қасиет-
тері болып табылады. Берік сенім жоқ
жерде тыңғылықты дүниетаным да,
тұрақты мінез-құлық та болмайды.
Сенімі қалыптаспаған адамның шын-
дықтың жай-жапсарын дұрыстап
айыруға, өмірден өз орнын дұрыс
таңдай алуына да шамасы жете бер-
мейді. Оны өмір толқыны біресе ан-
да, біресе мұнда соқтырады да, мі-
нез-құлықты көлденеңнен кез келген
кездейсоқ
жағдайлар билеп кетіп
отырады. Қай адамның болса да өзін-
ше бір түсінігі болады. Бірақ осының
бәрі дұрыс болып келе бермейді. Тек
ғылымға негізделген түсінік қана,
адамның сенімімен, іс-әрекетімен
тығыз ұштасқан дүниетаным ғана
бірден-бір дұрыс дүниетаным бола-
ды. Мұндай дүниетанымды қалып-
тастыру үшін адамға бәрінен бұрын
білім негіздерін меңгеру қажет. Бі-
лімсіз дүниетаным қорланбайды.
Өйткені сапалы білім – дүниетаным
мен сенімнің негізі еңбек.
СЕНСИБИЛИзАЦИЯ
(лат.
sensibi-
lis
– сезімтал, сезгіш) тітіркендіргіш
әрекетінің ықпалымен жүйке орта-
лықтары сезгіштігі артуын көрсете-
тін психикалық құбылыс. Адамның
барлық стимулдарға сезгіштігі бір-
дей емес, тек белгілі бір оқиға неме-
се жағдаятқа сезімтал келеді. Сезім
мүшелерінің біреуінің әсерінен бас-
қаларының сезгіштігі артып отыра-
ды. Мұны былайша түсінуге бола-
ды: әлсіз
тітіркендіргіштер өзімен
бірге әсер етіп тұрған басқа тітір-
кендіргіштерді, сезгіштікті арттыра-
ды. Мысалы, көзге жеткілікті мөл-
шерде түскен жарық оның көру қа-
білетін арттырумен қатар, есту түй-
сігінің
сезімталдылығының артуын-
да себепші болады.
Қызыл түс адамның ақ, қара түстер-
ді дұрыс ажыратуына көмектеседі.
Мысалы, ұшқыштар түнгі ұшуға да-
йындық кезінде 20-30 минут қызыл
көзілдірік киеді. Егер адаптация құ-
былысы талдағыштар сезгіштігінің
түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуі-
нің көрсеткіші болса, ал С.- сезгіштік-
тің тек артуын ғана көрсететін құ-
былыс. Сезім мүшелерінің
біреуі-
нің әсерінен басқаларының сезгіш-
тігі артып отырады, Әлсіз тітіркен-
діргіштер өзімен бірге әсер етіп тұр-
ған басқа тітіркендіргіштердің сез-
гіштігін арттырады.
Психологиялық
зерттеулерде адамның таза ауада
жиі демалуы, жеңіл-желпі дене қи-
мылдарын жасауы, беті-қолын сал-
Достарыңызбен бөлісу: