Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет526/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

СЕНС
СЕНС


497
пайым түйсіктердің байланысы. С. 
идеялардың психологиядағы алғаш-
қы эксперименттік жұмыстарға ық-
палы зор болды. Өйткені экспери-
менттің басты міндеті – бастапқы 
сезімдік қабылдауды (түйсіктер) 
анықтау; бұлар арқылы жан құбы-
лысының бүкіл күрделі архитекто-
никасы жасалатын болды. Экспери-
менттік психологияның одан арғы 
дамуы адам санасының аса күрделі 
екенін, мұның ойлау актілерінің 
қарастыруға мүмкіндігі келмейтінін,
ойлау процесінде сезімдік бейнелер-
ге үйлеспейтін мазмұн болатынды-
ғын, сондай-ақ мінез-құлық моти-
вациясы мен іс-әрекеттің ролін тү-
сіндіруге сенсуалистік көзқарас дәр-
менсіз екені байқалады.
СЕРГЕКТІК
– адамның белгілі бір 
іс-әрекеті жүзеге асыру жағдайын-
дағы жүйке жүйесі белсенділігінің
не функциялық күйінің мінез-құлық-
тық көрінісі. С. мезгіл-мезгіл ұйқымен 
орын ауыстырып, сергектік-ұйқы 
циклін құрайды. С.-тің мынадай дең-
гейлері сараланады: ширығудың 
шекті деңгейі белсенді сергектік, 
байсалды сергектік. С.-тің әрбір дең-
гейі вегетациялық. моторлық және
электроэнцефалографиялық көрсет-
кіштер кешенімен ажыратылады.
СЕЧЕНОВ
ИВАН МИХАЙЛОВИЧ
(1829-1905)
. Әлемдік физиология, 
психология ғылымдарының тари-
хында Сеченовтың орны ерекше. Ол 
Мәскеу университетінің медицина 
факультетіне түсіп оның сол кездегі 
атақты ғалымдар Грановский мен 
Кудрявцевтардың лекцияларынан 
молынан сусындауы, сондай-ақ сол
кездегі аты шулы орыс дәрігері 
С.П.Боткинмен танысуы Сеченов-
тың ой-өрісін әрмен қарай кеңейтіп, 
ерекше ықпал етіп, оның ғылыми 
жұмыспен айналысуына зор түрткі 
болады.
И.М.Сеченов 1856 жылы универси-
тетті бітіргеннен кейін ғылыми жұ-
мысқа даярлану үшін шетелге кетеді. 
Онда жаратылыстану ғылымының 
алдыңғы қатарлы өкілдерімен кезде-
сіп, олардың зерттеу практикасымен 
танысады. Сол уақыттың өзінде-ақ 
оның «Алкогольден қатты уланудың 
организмге әсері» деген еңбегі ғалым 
жұртшылықтың назарын бірден өзі-
не аударады. 1860 жылы ол Ресейге 
қайтып оралып Медико-хирургия-
лық академияның профессоры бо-
лып орналасады.
Сеченов бұрын ешкім зерттеуге ба-
тылы бармаған миға лаборатория 
жағдайында зерттеу жүргізді. Ол мы-
надай қарапайым тәжірибе жасады: 
құрбақаның үлкен жарты шарларын 
аралық мидың тұсынан тіліп алып 
тастап, оның аяғын қышқылмен ті-
тіркендіріп, оған жауап беретін реф-
лекстің қандай жылдамдықпен та-
райтынын анықтады. Мидың тілінген 
жеріне ас тұзының кристалын салған-
да рефлекс тежелуге ұшыраған.
Бұл құбылыс рефлекстік реакцияның 
пайда болуын мидың бөгей алатын-
дығын айқын көрсеткен. Сеченовтың 
ми қабығында қозумен қатар теже-
лу процесі қызмет атқарады деген 
пікірді психиканың табиғатын ғы-
лыми тұрғыдан түсіндірген тұңғыш 
пікір еді. Сеченов өз еңбектерінің 
бірінде адамның жұмыс істеу қа-
білеті мен шаршауына байланысты 
физиологиялық мәселелерді зерттеп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет