493
мінез-құлқынан оның әсері жоққа
тән болады. Бұл соңғы категорияда-
ғы адамдар бір сезімге қатты берілуі
мүмкін, бірақ іс, қылығына сезімі
әсер етпейді. Сезімдерінің іскерлік
мәніне қарап адамдардың арасын-
дағы көп айырманы көруімізге бола-
ды, өйткені сезім адамның мінез-
құлқы үшін қозғаушы күш болады.
Әсерлік мәні орасан күшті, берік жә-
не терең сезім адамның ойын тура-
лап, барлық ісіне белгілі бір бағыт
береді, оның әрекетіне белгілі әсерін
тигізеді. Сезімнің осы сыпатын – құ-
марлық деп атаймыз. Құмарлық адам-
ның бойын билейді, сондықтан оны
зор күш деп бағалаймыз. Отанын,
өзінің халқын сүю, ғылым мен көр-
кем өнерді сүю – адамды ерлік істер-
ге құмарттырады, ұлы шығармалар
жасауға жол ашады. Бірақ ұсақ, мар-
дымсыз, адамшылыққа жатпайтын
нәрселерге, лайықсыз іске әуестік
адамның кісілігін жоюы мүмкін.
Осындай, адамды жаман әдетке бас-
тап, нәпсіге құл етіп жіберетін құ-
марлықтың сипаттарын Пушкиннің
көп шығармаларынан «Қарғаның
мәткесінен» (Байлықка құмарлану),
«Сараң серіден» (сараңдық), «Моцарт
пен Сальериден» (құмарлыққа ай-
налған күншілдік) кездестіруге бо-
лады.
«Құмартып сүю», «Құмартып жек
көрушілік», «Іске құмарлық» деген
сөздер – сезімнің әсерінің өте те-
реңдігін, тұрақтылығын сипаттайтын
сөздер.
Сезімнің әсерлігі жөнінен бір-бі-
ріне қарама-қарсы бір жағынан сен-
тименталдық адамдар, екінші жағы-
нан, құмарлы адамдар болады. Бі-
ріншілер, өз сезімдеріне өздері сүй-
сініп, содан ләззат алатындар, оны
іске асыру жағын аз ойлайтындар;
екіншілері, сезімдерін көп білдірмей-
ді, бірақ өмірі соның соңында бола-
ды, оларды іске асыруға тырысады.
СЕЛҚОСТЫҚ
– адам мінезіндегі
ұнамсыз қасиеттердің бірі. Бұл әр
нәрсеге немқұрайдылықпен қарай-
тын кісілерде жиі кездеседі. Мұның
себептері көп. Мұндай жағдай кейде
адамдар арасындағы қарым-қатынас
салқындап-суынғанда, мәселеге же-
те түсіне қоймағанда, оған сенім-
сіздік пайда болғанда, жүйке жүйесі
шаршағанда тағы осы секілді объек-
тивтік, субъективтік себептерден
туындап отырады. Берік дүниетаны-
мы мен сенімі бар адамда мұндай
жағдай кездеспейді.
Сенімі жоқ адамда тұрақты мінез-
құлық та болмайды. Мұндайлардың
шындықтың ақ-қарасын айыруға,
жай-жапсарын дұрыстап түсінуте,
өмірден өз орнын таңдай алуына
шамасы жете бермейді. Селсоқ адам-
ды өмір толқыны біресе анда, біресе
мұнда соқтырады да, мінез-құлқын
көлденеңнен кез келген кездейсоқ
жағдайлар билеп кетіп отырады. С –
адамдар арасындағы қарым-қаты-
нас салқындағанда, түсінбеушілік,
сенімсіздік пайда болғанда, жүйкесі
шаршағанда және т.б. жағдайларда
туындайды.
СЕМУ
. Психологияда бұл термин
жаттығудың болмауы немесе жағым-
сыз жарақаттаушы әсерлердің сал-
дарынан (ұзаққа созылған эмоция-
лық стресс, жанжал, фрустрация,
интоксикация және т.б.) жекелеген
психикалық функцияның бұзылуы
мағынасында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: