Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет519/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

СЕзІ
СЕзІ


490
на септеседі. Кейде сезімдер мен 
оларға ілеспе эмоциялар олардың 
объектілеріне қайшылықты қатынас 
тудыруы мүмкін.
Тұлғаның қалыптасу процесіне се-
зімдер иерархиялық жүйеде ұйым-
дасады; онда бір сезімдер жетекші 
орында, басқалары әлеуеттегі, жүзеге 
аспайтын беталыстар болып қала 
берсді. Үстем сезімдердің мазмұны 
тұлғаның бағыттылығының ең ма-
ңызды сипаттамаларының бірін 
анықтайды. Сезімдерді топтастыру-
дың ең көп тараған бір түрінде 
олардың жекелеген түрлері өздері 
көретін қарекет салалары бойынша 
сараланған. Адамның әлеуметтік 
болмысқа эмоциялық қатынасының 
бүкіл байлығы қамтылған биік се-
зімдер айрықша топ құрайды. Адам-
гершілік сезімдер саласына адам-
ның әлеуметтік мекемелерге, мем-
лекетке, басқа адамдарға, өзіне-өзі-
нің көзқарасын айқындайтынның 
бәрі жатады. Танымдық қарекет 
адамда танымдық немесе ақыл-ой-
лық сезімдерін туғызады. Олардың 
пәні білім алу процесінің өзі, сондай-
ақ оның нәтижесі болады; ақыл-ой 
сезімдерінің шыңы адамның ақиқат-
қа деген жалпылама сүйіспеншілік 
сезімі болып шығады. Биік сезім-
дердің арасында қарекетпен байла-
нысты: еңбекпен, оқумен, спортпен 
байланысты практикалық сезімдер 
маңызды орын алады. Пәндік маз-
мұнның жалпыламалық дәрежесі 
бойынша сезімдер нақты (мысалы, 
балаға, өнер туындысына қатысты 
сезімдер), жалпылама (жалпы алғанда 
балаларға, музыкаға деген сезімдер) 
және абстрактілі (әділеттік сезімі) 
болып бөлінеді.
СЕзІМНІҢ АМБИВАЛЕНТТІГІ

екіжақтылық, қайшылық, қарама-
қарсылық. Сезім психологиясында 
адамның ішкі жан дүниесінде бір 
мезгілде бір объектіге қарама-қарсы 
сезімдердің тууы немесе бір кезеңде 
организмде екі түрлі эмоцияның 
қатарласа пайда болуын эмоциялардың 
А. деп атайды. Мәселен, адамның 
эмоциялық сезімдерінде, бір кезде
біреуге деген сүйіспеншілік, махаб-
бат туындай, соған қосарлана, қыз-
ғаныш эмоциясы да бір елі қалмай 
еріп жүреді. Бұл көбінесе ой-өрісі 
төмен, өзіндік санасы жан-жақты 
қалыптаспаған адамдарда жиі кез-
деседі.
СЕзІМ МҮШЕЛЕРІ
– сыртқы дү-
ниені адам санасына жеткізетін ка-
налдар. С. м. адамның сыртқы ортада 
және өз ішкі күйінде бағдарлай 
алуына мүмкіндік береді. Адамда 
қоршаған дүниеден ақпаратты алу 
тепе-теңдікте немесе баланста бо-
луы кджет. Ақпараттық балансқа 
қарсы ақпараттық салмақ түсу мен 
ақпараттық жетіспеушілік (сенсор-
лық изоляция) сияқты құбылыстар 
кездеседі. Бұл екі келеңсіз жағдай-
лар организмнің күрделі функцио-
налдық бұзылысына алып келеді. 
Секемшілдік – адамның өзінің және
өзіне жақын адамдарының денсау-
лықтарының ахуалына қорқыныш-
пен, қауіптілікпен, үрейленулермен 
қарауға бейімділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет