Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет518/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   514   515   516   517   518   519   520   521   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

СЕзІ
СЕзІ


489
отыратыны белгілі. Меселен, нарық 
экономикасына көшкенде, жастар-
дың сезімдерінде әртүрлі көріністер-
ді байқаймыз.
С. – адамның өзіне, өзге адамдар-
ға, айналасындағы заттар мен құбы-
лыстарға көңіл күйінің қатынасын 
білдіретін және оларды бейнелейтін 
психикалық үрдіс екендігін білдіре-
тін тағы бір ерекшелігі – оның адам 
көңіл күйіне байланысты әрбір үр-
діске белгілі бір түрде рең беріп тұ-
ратындығы. С.-нің сан алуан көрі-
ністері мен олардың пайда болуы 
әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, 
әсіресе, материалдық, рухани-мәдени 
қажеттіліттерді қанағаттандырудың 
мақсат-мүдделеріне байланысты. 
С. мен эмоцияның адам іс-әрекеті 
мен көңіл күйіне ұнамды әсер етуі 
стеникалық, – 
күшті сезім тудырса,
ал ұнамсыз не теріс әсер етуі 
ас- 
теникалық 
– әлсіз, жағымсыз сезім 
тудырады. Стеникалық сезім жүйке 
жүйесіндегі қозуды күшейтсе, ас-
теникалық сезім жүйкеге тежелу 
жасап, адамның әрекетшілдігін әл-
сіретеді. Адам сезімінің қайнар бұ-
лағы – бізді қоршаған болмыс, объек-
тивтік шындық. С. адамның табиғи 
және әлеуметтік қажеттіліктерінің 
қанағаттандырылу не қанағаттан-
дырылмауы салдарынан туындап 
отырады.
СЕзІМДІЛІК – 
адамның айқын 
білінген заттық сипаты бар және бір-
шама орнықтылығымен ерекшеле-
нетін эмоциялық күйіну-сүйінулері-
нің айрықша түрі. Қалыптасқан нақ-
ты жағдайлардағы заттардың субъек-
тивтік маңызын бейнелейтін жағ-
даяттық эмоциялар мен аффекті-
лерден өзгеше, сезімдер тұрақты мо-
тивациялық маңызы бар құбылыс-
тарды саралайды. Тұлғаға оның 
қажетсінулеріне сай келетін заттарды 
ашып және оларды қанағаттандыру 
жөніндегі қарекетке ынталандырып, 
сезімдер бұл қажетсінулердің бо-
луының нақты – субъективтік ныса-
ны болып табылады. С.-дің қалылта-
суы – адамның тұлға болып дамуы-
ның қажетті шарты.
Мінез-құлқының түрткі-себептерін, 
мұраттарын, нормаларын білудің бір 
өзі адамның оларды басшылыққа алу 
үшін жеткіліксіз. Орнықты сезімдер 
заты болғаннан кейін ғана бұл білім-
дер қарекетке нақты түрткі болады. 
Адам сезімдерінің қоғамдық шарты 
қоғамның дамуы барысында өзгеріп 
отырады. Онтогенезде сезімдер жағ-
даяттық эмоциялардан гөрі кейін 
пайда болады; олар отбасының, мек-
тептің, өнердің және өзге қоғамдық 
институттардың тәрбиелік әсерінің 
ықпалымен индивидтік сананың да-
муына орай қалыптасады. Эмоциялық 
тәжірибені қорыту нәтижесі ретінде 
пайда болып қалыптасқан сезімдер 
адамның эмоциялық саласының же-
текші түзілімдеріне айналады да, өз 
кезегінде жағдаяттық эмоциялардың 
динамикасы мен мазмұнын анықтай 
бастайды. Мысалы, жақын адамына 
деген сүйіспеншілік сезімінен жағ-
дайға байланысты ол үшін алаңдау, 
айырылып қалса қайғыру, жүздескен-
де қуану, сүйген адамы сенімді ақ-
тамаса ыза болғанда дамуы мүмкін. 
Мұндай жағдаяттық эмоциялар қа-
лыптасқан жағдайларға қатысты се-
зімнің мазмұнын нақтылайды да, 
белгілі бір әрекетке ынталандырып, 
сезімнен өрбіген қарекеттің дамуы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   514   515   516   517   518   519   520   521   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет