486
құлағы естігеннің бәрін сұрап, ты-
ныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан
құмары, білсем екен, көрсем екен, үй-
ренсем екен деген».
Үш жастан жеті жасқа дейінгі кезең-
де сәбилердің ақыл-ой белсенділік-
тері, түрлі нәрселерді ұғынулары мо-
лайып, мектепте көрінетін қабілет
пен қасиеттердің біразы нақ осы
шақта қалыптасатындығын психолог-
тардың зерттеулері жақсы көрсетіп
отыр. Осы шақтың бір ғажап ерек-
шелігі – баланың оқуға өте құштар
келетіндігі. Бала кез келген нәрсені
тез, әп-сәтте ұғынып алып отырады.
Бұл жайды әрбір ата-ана, балалар
бақшасы тәрбиешілері тез байқайды.
Кейбір жанұяда, тіпті, балалар бақ-
шасында да сәбиге шамадан тыс қам-
қорлық жасалады, оларға көптеген мә-
ліметтер тек баяндау түрінде беріледі
де, құбылыстар арасындағы ең қара-
пайым байланыстарға бала назары
аударылмайды. Мұның өзі баланың
ақыл-ойын дамытуға қолайсыз әсер
етіп, оның жа сына лайықты мәлімет-
терді ұғынуына бөгет жасайды. Бұл –
ескеруді қажет ететін нәрсе.
Бала үлкендердің айтқанына қарай
өздерінің теріс істеріне ұяла бастай-
ды да, мақұлдаған іске масаттанатын
болады. Бұл – онда жоғары сезімдер-
дің (моральдық, интеллектік, эстети-
калық) пайда бола бастағанын көрсе-
теді. Моральдық сезімдер балада ерте
оянады. Мәселен, 3 жасар сәби өзінің
шешесін, әжесін, атасын жақсы көріп
құшақтайды, оларға қолындағысын
береді, жағымсыз істері үшін қысы-
лады, «екіншіде бұлай жасамаймын»
деп уәде береді. Баланың сезімі – кір-
шіксіз таза сезім. Бірақ бұл – әлде
де тұрақсыз, өрісі тар сезім. Төрт-
бес жастағы сәбилерде психикалық
қасиеттердің (қабілет, мінез, темпе-
рамент т.б.) белгілері көріне бастай-
ды. Мәселен, олар үлкендердің тілін
алып, өздерінің тілектерін тия алады,
«жаман», «жақсы», «болады» деген
сөздердің мәніне түсінеді. Осы кезде
бұлар әке-шешесін, туған-туыстарын
жақсы көрумен қатар, басқа кісілер-
ге де ізеттілік білдіреді, өздерімен
бірге ойнайтын жолдастарының мі-
нез-құлқына, жүріс-тұрысына қарай
бастайды, өзінше «баға» беруге ты-
рысады. Мұндай қасиет алты-жеті жа-
сар балаларда жақсы байқалғанмен,
үш-төрт жасар сәбилерде жөнді кө-
рінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: