494
СЕНДІРУ
(Иландыру) – бір адамның
мағынасыз түрде басқа адамның
психологиясы мен қылығын белгілі
дәрежеге өзгерту. С. адамда қажетті
қасиеттерді дамыту мақсатында, оның
санасына, еркіне және сезіміне жан-
жақты әсер ету. С. – 1) адамның өз
көзқарасын өзгелерге қабылдатуға
бағытталған іс-әрекеті. С. адамның
танымдық, сезімдік және ерік қа-
сиеттерінің деңгейіне тікелей тәуел-
ді; 2) бір нәрсеге сенімділік; 3) бала-
ның сана, сезім, тәжірибесіне бағыт-
талған тәлімдік әсер әдісі; 4) ақпарат-
тық қабылдаудың белгілі бір кезеңі.
СЕНзИТИВТІК КЕзЕҢДЕР
(лат.
sensus –
сезімталдық, түйсіну) – ор-
ганизмнің қоршаған ортаға өте жо-
ғары сезімталдығын көрсететін ке-
зеңдер. Мысалы, 5 жастағы бала фо-
нетикалық дыбыстарға өте бейімді
келеді, ал осы кезеңнен өте бере бұл
сезімталдылық бәсеңдейді. С.к. – ба-
ла психологиясының ең жоғары ке-
зеңі болып саналады, яғни бұл кезең
барлық психикалық процестер мен
психикалық құбылыстардың күшті
дамитын кезеңдері. Осыған орай,
баланы тым ерте бір нәрселерге үй-
рету оның психикасына қолайсыз
жағдайлар туғызуы мүмкін, бірақ
үйретуді өте кеш бастаған да жақ-
сы нәтижелерге жеткізбейді. Соң-
дықтан С.к. мен балалардың жас
ерекшеліктерінің арасында айтар-
лықтай айырмашылықтар бар екенін
ескеру керек.
СЕНзИТИВТІЛІК
(лат.
sensus –
се-
зім. түйсік) адамның мінезтанулық
ерекшелігі; өзіне қатысты оқиғаларға
көтеріңкі сезімталдықтан көрінеді,
әдетте, барынша алаңдаушылықпен,
жаңа жағдаяттардан, адамдардан, әр
алуан сындардан және т.б. қорқумен
астасады. Сензитивті адамдарға қор-
ғаншақтық, ұялшақтық, әсершілдік,
өткен немесе алда тұрған оқиғалар-
ды ұзақ уақыт ойлап-толғануға бе-
йімділік, өзін олқысынып тұрушы-
лық сезімі, өзіне көтеріңкі мораль-
дық талап қоюшылық және талап-
тілегін төмендетуге бой ұрушылық
тән. Жас ұлғая келе С. бәсеңдеуі
мүмкін, бұған, атап айтқанда, тәрбие
және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде
алаңдататындай жағдаяттарды жай-
ғастыра білушіліктің қалыптасуы
себепші болады. С. органикалық се-
бептермен байланысты (тұқымқуа-
лаушылық, мидың зақымдануы және
т.б.) болуы да, сондай-ақ тәрбиелен-
ген жағдайының ерекшеліктерінен
(мысалы, баланың отбасында эмо-
циялық кемсітілуі) де болуы мүмкін,
шекті көрінісіне жеткен сензитивті-
лік психопатияның бір нысаны бо-
лып шығады. С. – болып жатқан оқи-
ғаларға әсерленгіштікте көрінетін
адамдағы ерекшелік. Әдетте сензи-
тивтік адамдардың жаңа жағдайлар-
дан, сыналулардан, т.с.с. қорқудан
тұрады.
СЕНІМ
– адамның белгілі құбы-
лыстармен көзқарастарды, ой түйін-
дерді еш күмәнсіз қабылдап, мо-
йындауында көрінетін психиканың
ерекше күйі. С. – адамның белгілі бір
түсініктеріне сәйкес қажеттілікте-
рін қанағаттандыру жүйесі. Адам
қажеттіліктерін қанағаттандыру жо-
лында дүниетанымын қалыптасты-
рып табиғат пен қоғам жөніндегі
түсініктерін, өмір тәжірибесіне қол-
Достарыңызбен бөлісу: