Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет521/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

СЕзІ
СЕзІ


492
байланысты. Адамдармен де және 
іспен де қатты әуестенетін адамдар 
болады. Бірақ қандайлық та әуестену 
болмасын тек терең сүйіспеншІлікке 
айналғанда ғана оның терең өмірлік 
маңызы болады. Тек құмарлыққа ға-
на салынып, сүйіспеншілік қолынан 
келмейтін адамдар үстірт, қуыс кеуде 
болып қала береді.
Сезімнің тұрақтылығы. Сезімнің те-
реңдігі оның тұрақтылығымен өте 
тығыз байланысты; сезім терең 
болса, тұрақты және берік те болады. 
Ал тайыз сезім күшті сезім болған 
күнде де, аз уақыттық, өткініш сезім 
болады.
Сезімнің тұрақсыздығы бір-біріне 
ұқсамайтын екі түрлі болуы мүмкін.
Біреулерде сезімнің тұрақсыз бо-
луы көңілі тез құбылып өзгеру фор-
маларында көрінеді. Мұндай адам-
ның сезімі барлық нәрсеге тез әсер-
ленеді, бірақ олар терең болмаған-
дықтан, басқа сезімдерге, тіпті қа-
рама-қарсы сезімдерге де, тез ауы-
сып отырады. Мұндай адамдар бо-
лымсыз қатерден сескенеді, бірақ 
оларды бір жақсылық хабар айтып 
тыныштандыруға да болады; сонда 
қайтадан қамсыз, бейқам қалпына 
келеді. Ондай адамдар қайғыны өте 
уайымдағыш болғанымен, қызықты 
бір нәрсеге алданып, қайғысын тез 
ұмытып кетеді. Бұлардың көңілі кез 
келген әсерден құбылып, алмасып 
отырады.
Басқа бір жағдайларда ссзімнің тұ-
рақсыздығы – эмоциялық шапшаң 
мұқалу формасында болады. Сезім-
нің көп түрі осы сезімдерді тудыра-
тын әсердің жиі қайталауы себепті 
әлсіреп, ең ақырында өшетін болады. 
Бірақ өзін тудырған әсерге әдеттеніп 
алған сол сезімнің, барлығы да әл-
сізденеді деу мүлдем қателескендік 
болар еді. Адамның жеке басына те-
рең әсер ететін, оның әралуан мүд-
десіне байланысты сезімдер қай-
талағанда әлсіремейді. Мұндай се-
зімдер ешуақытта мұқалмайды. Егер 
адам бір істі шын көңілімен сүйетін 
болса, ол іске адам шын көңілімен 
сенсе, онда ол іспен адам әрдайым 
шұғылданып отырған күнде де одан 
зерікпейді, қайта бұрынғыдан да сү-
йе түседі. Жақсы музыка тыңдағанда 
туған сүйсіну қайта тыңдағанда кү-
шейе береді. Көркем әдебиетті сүйе-
тін және оны түсінетін адам оқы-
ған таңдамалы шығармаларын қай-
талап оқи береді, оған қарап оның
қызғылықты жойылмайды, шығар-
маның әсері де кемімейді.
Ықыласы тайыз, тұрлаусыз адам 
өмірден тек күлкі-думан іздеп те 
қажиды, барлығынан тез суынады,
өйткені оның қандайлық сезімі бол-
са да жай ғана, үстірт болады. Бұл 
сықылды адамдарда эмоциялық 
сезімдердің, мұқалғыштығы, жасып 
кетуі қатты күшейеді, мұның нәти-
жесі зерігу болады. Бұл категория-
дағы адамдарға, мәселен, Онегин 
мен Печорин жатады. Печорин өзі-
нің тез жасуын өмірдегі ең бақыт-
сыздық нәрсе деп мойындайды. «Ма-
ған бәрі аз, мен қызық тәрізді уайым-
қайғыға да тез көндігіп кетем, күн 
санап кұрып барамын».
Сезімнің әсерлілігі. Сезімнің адам-
ды іскерлікке жұмылдыратын, ұм-
тылатын сыпаты ете күшті. Бұл жа-
ғынан адамның эмоциялық күйлері 
сан алуан болуы мүмкін. Кейбір 
адамдарда сезім әсері қозғау беретін 
зор қуат болса, басқа біреулердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет