Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет514/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

САУД
САЯС


485
дамуы, саяси үрдістердің психология-
лық жақтарын; адамдардың саясат
жүйесіне қалыпасын т.б.) және ха-
лықаралық қатынас мәселелері мен 
сыртқы саясатты (халықаралық қа-
тынастың психологиялық аспек-
тілерін, сыртқы саяси шешімдерді
қабылдау үрдістерін, әсіресе дағда-
рыс жағдайындағы мәселелерді; ха-
лықаралық дау-дамайларды және
оларды шешудің әдістемелерінің 
психологиясын; халықаралық ынты-
мақтастық пен бейбітшілік мәселе-
лерін) зерттеді. Саясат психологи-
ясында саясат аренасындағы жеке 
тұлғаларды зерттеумен олардың тех-
нологиясын құрастыру ерекше орын
алады. Ертеректе саясат психология-
сы әлеуметтік психология саласы-
ның меншігінде болған.
 
Қазіргі ке-
зеңде С.п. психология ғылымының 
дамып келе жатқан
 
салаларының бі-
рі болып есептеледі.
СӘБИ.
Мектеп жасына дейінгі бала-
ның негізгі әрекеті – ойын. Оның бар-
лық психологиялық ерекшеліктері де 
осы ойын үстінде қалыптасады. Бала 
неше түрлі ойындарды үйренеді. Маз-
мұндық, рөлдік ойындар баланың зе-
йінін, есін, ойлауын, қиялын қалып-
тастыруда зор маңыз атқарады. Мә-
селен, бала қуыршақпен ойнағанда, 
оны ауру деп санайды да, өзі дәрігер 
бола кетеді, қолына сөмке ұстайды, 
«ауруының» қолтығына термометр 
салады. Қозғалыс ойындары оның 
ерік-жігерін, қол-аяғы мен денесінің 
қозғалыстарын қалыптастырып, жү-
рісін қатайтып, жаттықтырады. Ойын 
үстінде бала ересек адамдардың әре-
кеттерін қайталауға тырысады: қуыр-
шақтарын тамақтандырады, ұйықта-
тып, қыдыртады. Үш-төрт жасар сә-
би үлкендердің іс-әрекетін, еңбек про-
цесін ойын арқылы жақсы көрсете 
алады. Осы жастағы балалар әке, ше-
ше, дәрігер, көлік жүргізуші болып 
ойнауға құмар. Өйткені бұл – оларға 
таныс тақырып.
Осы кезде сәби ана тілінің грамма-
тикалық құрылысын (әр түрлі сөй-
лемдер, сөздерді жіктеу, септеу т.б.) 
тым тәуір меңгереді, оның өз бетін-
ше сөз құрау белсенділігі күшті бо-
лады. Осындай балалар, тіпті, мек-
тепке түспей-ақ хат танып кетеді.
Мектеп жасына дейінгі сәбидің ой-
лауы айқын және нақтылы келеді.
Заттарды ол бір-бірімен салыстыра
отырып, ұқсастық айырмашылықта-
рын біраз ажырата алады. Оның тек 
жеке бір нәрсе туралы ғана түсінігі
болып қоймай, мұнымен қатар топ-
танған бір тектес нәрселер туралы да
жалпы түсінігі болады. Төрт-бес жас-
тағы сәбилер үлкендерге сұрақ қой-
ғыш келеді. Мысалы, «Ай неге құ-
лап кетпейді!», «Жұлдыз неден жа-
салынған?», «Жел қайдан шығады?», 
«Сиырда сүт қайдан пайда болады?»
тағы басқа осы сияқты шындықта-
ғы заттарды танып-білуге байланыс-
ты қызығулары күшті болады. Абай 
осы жастағы балалардың психоло-
гиясын тамаша көрсеткен. Оның ай-
туынша бала 
«...білсем
екен демелік, 
не көрсе соған талпынып, жалтыр-
жұлтыр еткен болса, оған қызығып,
аузына салып, дәмін татып қарап, та-
мағына, бетіне басып қарап, сырнай-
керней болса, даусына ұмтылып, онан
ер жетіңкірегенде: ит үрсе де, мал 
шуласа да, біреу келсе де, біреу жы-
ласа да тура жүгіріп, «ол немене?», 
«бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», 
«бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет