§ 3. Жеке адамның кісілік сипаттары мен
психологиялық құрылымы
Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады.
Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамлык
жағдайда, бір-бірімен қарым-қатынаста қарастырылады. Жеке адам — дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше
түрлі әсерлерін бастан кешіріп,
оларға төзім-ділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.
Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшелктер төрт түрлі жағынан қарастырылады,
1) Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекщліктері: қызығу, ұмтылу (ынтасы мен талаптануы), мұрат,
дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл — жеке адамның адамгершілік қасиетгерін білдіретін сипаттар.
2) Адамның білімдарлығы,
дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін,
өзіндік даму
деңгейін, тәлім-тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірвбесін керсетеді. 3) Жеке адамның дара психикалық процестерінің
тиянақтылыгы мен өзіндік ерекшеліктері. дай қасиеттерге дейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезі күйлері мен ерік, адам
психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады. 4) Жеке адамньщ биологиялық тума қасиеттері — нышан,
жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшелік теріне. жыныстық белгісіне сәйкес көрініс
береді. Мұидай қасиеттер машықтану мен жаттығу аркылы қалытасып, жетіледі.
Ұстаздар
мен тәлімгерлер, жетекшілер мен тәрбиешлер балалар мен жастардың жоғарыда топтастырылып
көрсетілген төрт түрлі ерекшеліктермен жете танысып ондай қасиеттерді жетілдіре түсудің әдіс-тәсілдерін үнемі
іздестіруді көздейді. Бұл ерекшеліктердің адамға тәуелсіз-ақ дамып отыратындығын да ескерген жөн Мәселен, адал әрі
шыншыл немесе өтірікші болу темпераменті кез-келген оқушыда кездесе береді. Оқушыладың іс-әрекетіндегі әрқилы
кемшіліктер осы төрт түрлі психикалық қасиеттердің біріне байланысты болуы мүмікін.
Айталық оқушының
зейінсіздігі: а) білімі мен дағдысының болмауынан, белгілі істі орындауда өз зейінін сол нәрсеге аудара алмауынан; ә)
зейінінің тұрақсыздығы тек оның өзінің кінәсінен; б) зейінін аударуға қиналуы жүйке
кызметінің қозғалғыштық
әсерінен; в) тәртіпсіздігі мен ұкыпсыз-дығынан болуы ықтимал. Бұлар —3 баланың адамгершілік тәрбие-сіне қатысты
сапалық кемшіліктер. Бұлардан басқа оқушының мінезі мен қабілетінің кемістіктерін көре білу үшін оның өзіндік
ерекшеліктерін де аңғара білу керек.
63