рын листериялар алып жүруші болып қалады. Ал микробтың уыттылығы
күшті
болса жас жануарларға өлі тиіп, сақа жануарлардың орталық жүйке
жүйесі зақымданып, энцефалит, энцефаломиелиттің клиникалық белгілері
байқалады, ал буаз малдар жыныс мүшелерінің зақымдануынан іш тастайды.
Өтуі
және симптомдары.
Жасырын кезеңі 7-30 күнге созылады. Ауру
жіті, жітіден төмен, созылмалы түрде өтеді де, клиникалық белгілері бойынша
өлітиген, жүйке жүйесін
зақымдайтын, генитальдік және кэдімгідей емес
түрлерге бөлінеді.
Листериоздың өлітиген түрі
жас малда, эдетте 1-3 айлық төлде кез-
деседі. Оның басты белгілері: дененің ыстығының көтерілуі, күйзеліске үтттьт-
рап, жемшөптен қалуы, іш өтуі (катарлы энтерит) көбінесе бүзау
мен қозыда
байқалады, шошқада енесінен бөлінген 2-4 айлық торайларда кездеседі. Осы
жастағы жэне енесін еміп жүрген торайлардың жүйке жүйесі зақымданады.
Өлітиген жануарлардың ауызынан ақ көбік ағып, тынысы жиілейді,
басын кегжитіп шайқай береді. Ауру 7-14 күнге созылып, көбінесе өліммен
аяқталады. Жазылған төл жетілмей қалады.
17-сурет. Листериоздың цойдагы клиникасы (мойыны цисайып, аяқтары салданып,
шатқаяцтап, бір орнында айналуы).
Листериоздың жүйке жүйесін зақымдайтын түрі
өте жиі кездеседі. Қой
мен ірі қараның негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады.
Ауырған мал
денесін дүрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бір орында айнала бе-
реді. Тепе-теңдігін сақтай алмай, түла
бойы тырысып, бүлшық еттері сіресіп,
мойыны қисаяды. Сонымен бірге, көздің, ауыздың кілегейлі қабықтары қабы-
нады. Аурудың соңғы сатысында түла бойы мен аяқ бұлшық еттері салданған
202
жануар орнынан тұра алмай жатып қалады. Мөлшері 10 тэулікке дейін со-
зылған ауру өліммен аяқталады.
Гениталъдік түрі
буаз малда кездеседі. Негізгі
клиникалық белгісі -
буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Әдетте түсіктен кейін
ұзақ уақыт шуы түспейді. Жыныс жолдары, эсіресе жатыры, қабынып, негі-
зінен
іріңді эндометрит, ал кейде желінсау байқалады.
Кәдімгідей емес түрінің
негізгі бегілері: дененің ыстығының көтерілуі,
өкпенің қабынуы жэне катарлы гастроэнтерит. Сиырда листериоз эдеттегіден
өзгеше өткенде көбінесе зілді катарлы қызбаға ұқсас өтеді.
Қүстарда листериоз кезінде негізінен орталық жүйке жүйесі зақымда-
нады. Ауруға жас шібилер мен балапандар шалдығады. Олардың жемге зауқы
төмендеп, жаппы күйі нашарлайды. Бүлшық еттерінің
салдануынан көп қоз-
ғалмайды. Әсіресе, көзге ұшырайтын белгісі мойынның былқ-сылқ етіп, бос
қалуы. Көздері қызарып, көзден, түмсығынан шұбатылып сора ағады. Ауру-
дан құстардың көпшілігі 1 апта ішінде өледі.
Достарыңызбен бөлісу: