29
2.2 Оқыту әдістерінің тәсілдері және құралдары туралы ұғым
.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін
қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар
ретке келтіріледе. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып
оқушынының
ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білмді түсінуге ықпал
етеді. Оқытуда ең басты нәрсе– оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту
әдістері ең-анық фактілерді білуді қаматамасыз етеді, теория мен тәжірибенің
арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың
зейінін сабаққа аударуы, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын
түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселені жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
•
жеке
оқушылар
арасындағы
қарым-қатынасты
басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көметеседі.
Оқыту әдістерінің
басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту,
тәрбиелеу, ұйымтастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көі. Олар: көрнекі
құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту
құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты
объектілер, өндіріс, құрылыс.
1.2.Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі.
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру,
тәжірбелік, зерттеу, зертханалық әдісетерін жетілдеру.
Оқушылар сөзден,
кітаптан, көрнеліктен, тәжірбиелік жұмыстардан
білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант
сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістперін ұсынады. Қазір компьютерлік
жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық
мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырады. Олар: білім алу,
30
іскерлік және да қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылқ іс-әрекет,
бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері
бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін
оқушылардың іс-
әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың
алдында тұрған міндеттермен сәйкестіндірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық
жұмыстарының түріне қарай топтастырылған. Авторлар балаларға ақыл-ой
жұмысының, өз бетімен білім алудыңыыыы жолдарын көрсетеді.
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық
белсенділігі әртүрлі.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап,
кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл - ой белсенділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл - ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді
өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де
таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу
әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін
топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру,
бақылаудан
тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру,
ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген.
Оқыту әдістері:
а) ақпарат беру әдісі,
ә) түсіндіру әдісі,
б) ынталандыру әдісі
в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқытудың
тәсілдері (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі,
оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді
оқуы, т.б.) қолдануы талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен
ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фәктілердің мәнін түсіндіреді
оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері,
дәлірек айтсақ
фактілерді талдау салыстыру, хабарлау, т.б басы болса, онда
оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады Егер негізгі тәсіл -
ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғаліммен
оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін
түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айттады), онда оқыту әдісі ақпараттық-
хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес
бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды,
мұғалімнің түсіндіргенін тыңдайды
және ой елегінен өткізеді, ақпараттық
31
сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ
жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді
талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса,
оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі.
Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.
Сондыұтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып
табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда
кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі
қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын,
ережелерін, фактілерді хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс –
әрекеттің
үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық
әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір
көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және
проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен
жаңалық ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс жасайды.
Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік мақсаттағы
тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды
өз бетімен талдау және қорытындылау, өз дәлелдеуге қеректі материалдарды
жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ
бұданмұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.
Достарыңызбен бөлісу: