37
тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті
бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу,
суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру,
диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында
оқушыларға
теориялық
материал
түсіндіріліп,
нұсқау
беріледі.
Жазбаша жаттығулар: ана тілі, шет тілі, математика, т.б. пәндерде
орындалады.
Оқушы оқуға үйренгенде, мәтінді мәнерлеп оқып, грамматикалық
ережелерді қолданып, көптеген жаттығулар жазады.
Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом,
стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер.
Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен,
ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок,
тетіктерді басқару, "Конструктор" ойыншықтармен жұмыс істеу. Жаттығу
әдісіне қойылатын талаптар:
• оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы;
• жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу
материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға,
оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа
материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға
мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: