26
Әрине, қазіргі заманғы информациялық «жарылыстың»
талабы
тұрғысынан бұл схеманың әлде қайда жеткіліксіз екендігін аңғару қиын емес.
Өйткені, негізгі талап – үздіксіз білім берудің тәсілдерін табу, жастарды өз
бетінше оқу тәсілдеріне үйрету, олардың кітаппен өздігінен жұмыс істеу
дағдысын дамыту, техникалық және компьютерлік құралдар арқылы білім алу
жолдарын іздестіру, шығармашылық және шеберлік іске баулу. Мұның бәрін
жүзеге асыру процесіндегі, оқыту әдістерінің қандайын қолданса да, педагог
пен оқушының өзара бірлесіп, атқаратын әрекеті мынадай күрделі схема
бойынша жүргізілген (1-сурет).
1 – сурет. Педагог пен оқушының атқаратын қызметі.
Бұл схемадан оқыту әдістерінің кейде екі жақты, кейде үш жақты немесе
бес-алты қырлы күрделі процесс екендігін көру қиын емес. Мұндай
процестің негізгі «жүгін» оқушы «көтеретіндігін» аңғарамыз. Сондықтан,
қандай бір оқыту әдісін қолдансақ та, оқушының барлық іс-әрекетін өздігінен
білім алуға, творчестволық ойлауға, өзіндік жұмыс істей білу қабілеттері мен
дағдыларын дамытуға бағыттауымызды ұмытпауымыз керек.
Осындай жағдайда оқыту әдістерінің, методикалық
тәсіл мен амалдың
және әрекет -әсердің оқу процесінде қолданылу формалары мен мазмұны да
әр түрлі сипат алады. Бұған бірнеше мысалдар келтірейік. Сабақта жаңа
тақырыпты ауызша баяндап түсіндіру – оқыту әдісінің бір түріне жатады.
27
Лабораториялық жұмысты орындау үшін оқушыларға мұғалім кейде қысқаша
ауызша нұсқау беріп, қалай істеу туралы бағыт – бағдар көрсетеді; екінші бір
жағдайда оқытушының айтып отыруымен оқушылар әрекет жасайды; үшінші
жағдайда мұғалім оқушылардың қандай әрекет жасайтыны туралы жазбаша
нұсқау береді; төртінші варианты – педагог жұмыстың мақсатын
тұжырымдайды, сол бойынша оқушылар өздері керекті құрал – саймандарды,
приборларды таңдап-теріп алады. Бұл мысалдағы лабораториялық жұмыс
жасау – оқыту әдісі, ал оны ұйымдастырып жүргізу формалары – 4 түрлі
әдістемелік амал болып табылады. Ендеше әдістемелік амал – оқыту әдісінің
бір бөлігі, оның элементі; ол оқу процесіндегі мұғалім мен оқушылардың
жеке іс-әрекетін көрсетеді.
Оқыту әдісінің, әдістемелік амалдан төрі ірілеу бәлігі –
оқыту тәсілі,
Мысалы, есеп шығаруда агналитикалық, синтетикалық, графиктік,
эксперименттік әртүрлі тәсілдер қолданылады. Демек, оқыту әдісі мынадай
компоненттерден тұрады: әдіс –» тәсіл ->
амал - » әрекет -> операция.
Әдістемелік
амалдар
логикалық,
ұйымдастырушылық,
техникалық формалар түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, әдістемелік
амалдың логикалық формасы – құбылыстары, не денелерді, олардың ортақ
бір қасиеттері мен белгілеріне
байланысты топтап-талдау, ұқсастықтарына
қарай салыстыру; ұйымдастыру формалары – оқушылардың бәрі бір
тапсырманы мұғаліммен бірге, не жеке – жеке дидактикалық карточкалар
арқылы орындауы; «техникалық» формалары – кейбір автомобиль
приборларын,
құралдарды
оқышыларға
таныстыру
үшін
сабақты
фронтальдық тәжірибе приборларымен қамтамасыз ету т.с.с.
Мектеп
өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері
қолданылатыны белгілі, сондықтан, оларды классификациялау
принциптері
де әр түрлі. Оның ішіндегі әзірге дейін ең дұрыс деп қабылданып келген
принцип – оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім мен
оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау.
Бұл принцип тұрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді:
1)
Сөзбен баяндау әдістері;
2)
Көрнекілік әдістері;
3)
Практикалық әдістері.
1.
Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы
жүзеге асырылады.
Оқушыларға берілетін білімдердің негізгі көзі – мұғалімнің сөзі, ал
мұғалімнің ісі –сөзбен түсіндіру, оқушылардың қызметі – тыңдау, ойлану
болып табылады.
Мұғалімнің оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу,
әңгімелесу (сөйлесу), лекция, түсіндіру арқылы жүргізіледі.
2.
Көрнекілік әдіспен оқу материалдарын түсіндіргенде оқытушы
көрнекі және техникалық құралдарды қолдану арқылы құбылыстарды,
28
процесстерді,
денелерді,
заттарды
көрсетеді,
көрнекілейді,
иллюстрациялайды,
қолдарына ұстатып, сездіреді. Бұл жағдайда мұғалімнің
сөзі тек қосымша роль атқарады да, оқушылардың алатын білім көзі көрнекі
құралдар болып табылады. Мұғалімнің оқыту қызметі – көрсету мен
көрнекілеу, ал оқушылардың сабатағы, оқу мақсаты – бақылау,
эксперименттінк фактілерді көріп ойлану, қорытынды жасау, білім қорын
байыту. Көрнекілік әдістерінің түрлеріне көрнекілік экспериментті,
экскурсияны, схема – плакат, сызу -сурет,
коллекцияларды көрсетуді, кино –
диафильмдерді және теледидарлық ақпаратты хабарлауды жатқызуға болады.
Көрнекілік әдіс
Достарыңызбен бөлісу: