102
А са н б а й А С К Д Р О В
тутына дәстүрлі түрде үлкен мән берілді. Өзінің айналасына билерді жина-
ған Тәуке хан “билер кеңесіне” арқа сүйеп, хандық билікке ашықтан ашык
қарсы шыққан Шыңғысхан нәсілдерімен күрес жүргізді. Тәуке ханның би
лер кеңесі өзінің уақтылы өтетін жиындарымен маңызды оқиғаға айналды.
Оның үстіне сот ісінде билердің құқына кең ырық берілді. Көп уақыт өтпей
билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі ж әне сыртқы ең маңызды мәселелерін
де шешуге міндетті тұрақты мекеме ролін атқарды.
Тәуке болып ханымыз,
Рахат тауып жанымыз.
Он сан алаш бірігіп,
Ойран болды жауымыз, - деген халық өлеңінен тарихымыздың тағы
бір тұлғасы Тәукені танимыз.
Тәуке ханның тұсында қазақ халқының еңсесі өсіп, қоғамның ішкі ж әне
сыртқы саясаты да халықаралық деңгейге көтеріледі.
Бізге мәлім кейбір деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз, оның таққа
отырған жылдары туралы да тарихшылардың арасында қарама-қайшы
пікірлер бар.
Тек бір анығы — Т әук ен і қазақ елі түркілердің қасиетті қаласы
Түркістанда ақ киізге көтеріп, бүкіл үш жүздің ханы етіп сайлады.
Тәукенің таққа отырған кезінде қазақ даласында әлі де бет-бетімен руға
бөлініп, бір-бірімен жағаласып, дау-жанжал көбейіп, әділетсіздік етек алған
еді. Сондықтан ол ең әуелгі қазақ қоғамындағы ішкі саясатқа ерекше назар
аударды. Сөйтіп, өзінің хан ордасында ел ішіндегі атақты, беделді адамдарды
Достарыңызбен бөлісу: