де айтысып, олардың қүрметіне бөленіп жүрді. Қырғыздын өлеңшілері мен манасшылары Қалық, Тыныбек, Қалығүл, Найманбай, Қатаған. Арыстан- бек, Сағынбек шығармаларын да жақсы білген. Жамбыл - бір отырғанда домбы рамен “ Көрұғлы ” дастанын бірнеш е күн қатарынан, сол спяқты А санбай А С Ң А Р О В
Ұлы Тұранның Үлдары 137 “Шахнаменің”, “Мың бір түннің” үзінділерін бірнеше сағат бойы жырлау- дан жалықпаған жыршы. Жоғарыда айтқанымыздай, сұлу сазды жырлары Жамбылға тартқан сый- ындай Сүйінбай ақын-пірі болса, ұстазым деп аса құрметтеген ақындары Майлықожа, Майкөт, Құлыншақ, Қылышбай сынды сөз зергерлері еді. Да- рынды дала ақындарынан алғыс бата алып, үлгі берген өлендерінен үйренді. Халықты қасіретке үшыратты деп қазір кінә тағатын қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда кәрілікке еңістеп, сексеннің сеңгіріне келген кезі еді. Ақын: “осы заманға аман-есен тірі жеттім, қажыған, зарыққан ел еңсесін көтерді, бетіме әр берді, жан денеме нәр берді” деп жырға қосты. Жаңа өлендері мен жыр-дастандарын дабылдатты. Революцияға дейін бай мен бо лью, хан мен төрелер туралы бір ауыз мадақ өлең айтып көрмеген Жамбыл жаңа заман тендігі, Ленин, Сталин, Ворошилов туралы өлең-толғауларын шығарды. Жаңа үкіметке жағыну үшін жырлаған жоқ, жаратылысында жал- пандауды білмеген Жамбыл ол кезде жасы келген қария еді. Қазақ әдебиетінің классигі, көркем сөздің құдіреті Ғабит М үсірепов “Ф ен ом он-Ф ен ик с” деген толғауында былай дейді: “Таң қалаларлық бір нәрсе - өзімен тұстас ақындардың бірінде азырак торығу болса, Ж әкенде ол жоқ. Түн артында күн барына шәктенген емес. Қылыш астында қыл арқан мойында тұрғанда айта алмаған, іркіп қалған