Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Мүшріктермен қарым-қатынасы қандай болды?



Pdf көрінісі
бет111/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

98. Мүшріктермен қарым-қатынасы қандай болды? 
Пайғамбарлықтан бұрын мүшріктермен ешқандай сөзге келіп қалғаны 
айтылмайды, керісінше, жалпақ ағайын жақын тартып, «сенімді Мұхаммед» 
деп атаған. Шешімін таба алмаған мәселелерін айтып, берген үкімге разы 
болып 
тарасатын. 
Мүшріктердің 
ашықтан-ашық 
жаулық 
етуі 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оларды Исламға шақыруымен басталған.
Мүшріктер пайғамбарлықты тек байларға ғана қонатын қасиет деп 
ұққан болса керек. Аллаһтың алдында байлықтың бес тиындық құны жоқ 
екенін қайдан білсін?!
Олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дағуасынан секем ала бастады, 
өйткені күн санап мұсылмандардың қарасы көбейе түсті. Бастарындағы бес 
күндік бақтың бүгін болмаса ертең таятынын сезіп Исламның тарауынан 
қорқып, Пайғамбарымызды (с.а.с.) дүниемен қызықтырмақ болады. «Алдыңа 
үйір-үйір жылқы мен келе-келе түйе салып берейік, билік тізгінін қолыңа ал, 
қалаған қызыңа құда түсейік, сен тек мына ісіңді доғар», – дейді. Адамзатқа 
дүниені ақиреттен жоғары санамауды үндеп жүрген елшіге мына ұсынысты 
айтып отырған мүшріктерде де ақыл жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) сонда дінге 
қызмет етем деген адамға өмірлік ұстаным болар мына екі-ақ ауыз сөзді 
айтып мүшріктерге жауап береді: «Бір қолыма күнді, бір қолыма айды алып 
берсеңдер де бұл ісімнен бас тартпаймын ».


Ақырында амалдары құрып Пайғамбарымыздан (с.а.с.) көктен бір 
періштенің түсуін, Меккенің маңындағы таулардың жоғалып, орнына өзені 
бар ну жынысты жер болуын, сүйегі әлдеқашан шіріп кеткен ата-
бабаларының қайта тірілуін сұрап, тығырыққа тіремекболған. Осымен 
шектелмей Аллаһ елшісінен бұл Құраннан басқа жаңа Құран түсуін немесе 
өзгертілуін, тіпті бірден толық түсуін талап еткен. Аллаһтың сөзін бұрынғы 
халықтардың аңыз-әңгімелері, кісі сөзі екенін, ойдан шығарылғанын айтқан 
және өздерінің де ондай өлеңді оқи алатындарын айтудан тайынбаған. 
Осыған қатысты Құранда олар бұл қасиетті кітаптың бір сүресіне, тіпті бір 
аятына да ұқсасын шығара алмайтыны, адам мен жындар жиналса да 
қолдарынан келмейтіндігі айтылады.
Құрайыш жуандары тек мазақ қылып, қырсығып қана қоймай, реті 
келгенде тізе батырып отыратын. Мұсылмандарды діннен күштеп бас 
тартқызбаққа тырысты. Тіпті кей мұсылмандар Мәдинаға кеткеннен кейін де 
мүшріктердің езгісінен құтыла алмаған. Тек һижреттің сегізінші жылынан 
кейін ғана еркін тыныстауға мүмкіндік туды. Аяусыз зорлық- зомбылықтың 
көрінісі ретінде бірінші және екінші Хабашстан көші мен Мәдинаға үдере 
көшу тарихта орын тепті. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Тайфқа барғандағы 
көрген қорлығы да сол заманның ащы шындығы.
Мүшріктер Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бастап барлық мұсылмандарға 
ата жауындай өшікті. Құрайыштың Ясир деген кісісін әйелімен бірге екі 
аяғын екі түйеге байлап тірідей екіге бөлген. Алдымен әйелі Сүмәяны, 
артынша Ясирдің өзін. Бұл екеуі Исламның алғашқы шейіті еді. Бұлардың 
артында ер жеткен мұсылман болған Аммар есімді ұлы қалды. Мұсылмандар 
осы сынды қаскүнемдікті көзбен көріп жүріп, өз ажалым қашан келеді екен 
деп, шыбын жанын шүберекке түйіп келді. Мұсылмандардың бірі 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып, жағдайдың қиын екенін айтып, Аллаһтан 
дұға тілеуін өтінеді. Сонда Расулаллаһ: «Аллаһқа ант етейін, сендерден 
бұрынғы үмбеттер бұдан да зорын көрген. Арамен тірідей екіге бөлінгендері 
де болған. Еттері сүйектерінен ажыратылып жатқанда да дінінен қайтпаған. 
Аллаһ бұл дінді өз биігіне жеткізеді, бірақ сендер асығасыңдар. Күндердің 
күнінде Хирадан Хадрамутқа жалғыз жол тартқан әйел жабайы аңнан басқа 
ештеңеден де қорықпай кете беретін бейбіт заман туады» (Бұхари, 25) , – деп 
сүйіншілейді.
Һижреттен кейін ғана Аллаһ расулының (с.а.с.) мүшріктермен де, басқа 
дін өкілдерімен де саяси әрі дипломатиялық байланысы басталған, өйткені 
Мекке кезеңіндешекара менмемлекет ұғымыболмағандықтан, мұсылмандар 
өз алдына жеке ел ретінде танылмаған. Мекке жеке қала еді, билік 
мүшріктердің қолында тұрды. Меккеде Исламның ең қиын кезеңінің болғаны 
да осы себепті.
Мүшріктер мұсылмандарды һижреттен кейін де тыныш қоймады. 
Ақырында, арада Бәдір, Ұхұд, Хандақ сынды шайқастар орын алды. Соңында 
Һудайбия келісімі жасалып, тарихта қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған 
бейбіт күндер басталды, бірақ бұл күндер көпке созылмады. Белгілі бір 


уақыттан кейін мүшріктер келісімді бұзып, баяғы таз қалыптарына қайта 
түсті.
Һижреттің алтыншы жылы болатын. Һудайбиядағы келісімді бұзып, 
мүшріктер мұсылмандардың бір одақтас тайпасына басып кіреді. Осы кезде 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) он мың адамдық қолды Меккеге аттандырады. Қарсы 
тұрар дәрмен жоқ, меккеліктер сол жерде беріледі. Мұсылмандар Қағбаны 
жеті рет тауап етіп, қасиетті орынды пұттардан тазартады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды насихаттағанда мүшріктерге барынша 
жұмсақтық танытып, мейірімнен, кешірімнен танбады. Меккенің алынуымен 
мұсылмандар мен мүшріктер арасында саяси байланыс дейтін ұғым 
жойылды. Мүшріктер Меккеде болмағанымен, Арабияның басқа да 
жерлерінде өмір сүре берді. Барлық мүшріктерді түгел қамтыған және 
мұсылмандардың олармен қалай қатынасу керек екенін бекіткен соңғы үкім 
һижреттің тоғызыншы жылы түсті.
Бізге жеткен деректерге қарасақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) һижреттің 
тоғызыншы жылы Тәбук соғысынан қайтқанда, хазірет Әбу Бәкірді жанына 
бірнеше адамды қосып қажылыққа жібереді. Олар Мәдинадан шыққаны сол 
еді, мүшріктермен қарым-қатынас туралы айтылған «Бәра» сүресі түседі. 
Осы аяттардың астарын меккеліктерге ұқтыру үшін Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
Әбу Бәкірдің артынан Алиді (р.а.) аттандырады. Хазірет Али (р.а.) қажылық 
күндері осы сүренің алғашқы отыз- қырық аятын меккеліктерге оқып береді.
Бұл соңғы үкім меккеліктердің кейбір жаман әдеттерін тыйып, Қағбаға 
тауап етіп ғибадат жасауды қайта қалпына келтірді. Мұсылмандардың 
мүшріктерге қойған осы бір талабын зорлық деп түсіну дұрыс емес, өйткені 
бұл биліктің халыққа қатысты шығарған заңы іспеттес.
Мүшріктердің көпшілігі ендігі дәуреннің Исламда екенін түсініп, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қоштасу қажылығында иман етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет