Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Олар иман еткендерді көргенде «біз де



Pdf көрінісі
бет114/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Олар иман еткендерді көргенде «біз де 
иман келтірдік» дейді, бірақ шайтандарымен оңаша қалғанда «Біз 
сендермен біргеміз », 
– дейді» («Бақара» сүресі, 14) делінген мұнафықтар 
ешқашан екіжүзділіктен танбады. Сырт көзбен қарағанда құдды Аллаһ үшін 
отқа салсаң да қыңқ етпейтіндей сыңай байқататын. Құранда мұнафықтар 
жайлы «Кей адамдардың дүние тіршілігі турасында сөйлеген сөзі сені 
таңдандырады. Бөтен ниетте емес екенін айтып, оған Аллаһты куә етеді. 
Шындығында, олар барып тұрған өтірікшілер» («Бақара» сүресі, 204-206) деп 
сипаттаған. Мұнафықтардың қаупінің үлкендігі болса керек, Құранда арнайы 
«Мұнафиқун» деген атпен сүре түскен.
Екіжүзділердің Пайғамбарымызға (с.а.с.) құрған тұзақтарының бірі 
һижрет кезінде салған мешіттерінің жанынан тағы бір мешіт салуы еді. 
Осыдан-ақ мұсылмандардың арасына іріткі салу мақсаттары менмұндалап 
көрінеді. Олар мешітті бітіргеннен кейін Расулаллаһтың (с.а.с.) сол жерге 
келіп намаз оқуын сұрады. Ондағы ойы – Пайғамбарымызды (с.а.с.) осы 
жерде намаз оқыта отырып мешітті үлкен мәнге ие қылу. Пайғамбарымыз 
бұл ұсынысты кейінге қалдырады. Сөйтіп жүргенде уахи келіп, бұл мешіттің 
иманды жою үшін салынғаны ашық айтылды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бірнеше 
сахабаны жіберіп мұнафықтардың мешітін бұздырып тастады.
Олардың бәріне ортақ бір қасиеті – бейбіт күндері Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) жанында жүріп жиһадқа шығуға дайын екенін айтып, ал шешуші сәтте 
сылтау тауып сұрана бастайтын. Өздері бармағанымен қоймай, жиһадқа 
шыққандарды да азғыратын. Ұхұд соғысында майдан алаңын тастап тым-
тырақай қашқаны тарихта жазулы және осындай істі неге істегенін сұрағанда 
айтатын сылтаулары да таусылмайтын.
Іштен яһудилердің, сырттан мүшріктердің қысымы артып Хандақ 
соғысы басталған кезде мұнафықтар тағы да баяғы әніне басып, түрлі сылтау 
айтып тарап- тарап кеткен еді.
Құран кәрім олардың кейбірін ашық айыптады. Аллаһ расулы (с.а.с.) 
оларды дінінен тайған мүртәдтардың қатарына қоспай, мұсылман деп 
санаған. Аллаһтың мұнафықтар жайлы айтқан үкімі жалпы үкім, белгілі бір 
адамдарға қатысты емес. Түсу мақсаты – оларды ескерту, тәубеге шақыру. 
Шынында, Құранның ескертулерінен кейін көбі тәубе етті, өйткені олар бұл 
аяттардың Аллаһтан екенін жақсы білетін.
Тоқсан ауыз сөзді түйіндей айтқанда, Мәдинадағы екіжүзділік сол 
кезде Исламның қаны сорғалап тұрған мәселелерінің бірі болған. 
Мұнафықтар реті келгенде мұсылмандарға тасадан тас лақтырып жатса, 
мұсылмандар өз араларынан орын беріп, екіжүзділігін бетіне баспай, 
жақсылық жасауын жалғастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет