өсімдік жамылғысы, климат, жер бедері, аналық тау
жыныстары
және
топырақтың жасы.
Кейіннен В. Р. Вильямс (1949) тағы екі
факторды атап кӛрсетті: топырақтардың салыстырмалы тҥрдегі жасы және
адамның антропогендік шаруашылық іс-әрекеті.
Ол
топырақ
тҥзілу
процесінде климаттың негізгі роль атқаратынын айтқан. Оның кеиінгі
еңбектерінде биологиялық факторлардың да маңызы айқындалып ҥлкен мән
берілген.
Ӛсімдіктер және жануарлар әлемінің ішінде топырақ тҥзілудің маңызды
және басты факторлардың бірі ӛсімдіктер болып табылады. Барлық жасыл
ӛсімдіктерді екі топқа бӛлуге болады: ағаш тектес және шӛптесін ӛсімдіктер.
Ағаш тектес ӛсімдіктердің тіршілігі ҧзақ, терең, кӛп жылдық тамыр
жҥйелерімен сипатталады. Шӛптесін ӛсімдіктер аз уақыт ӛмір сҥреді, олардың
жер бетіндегі бӛлігі жыл сайын толығымен қурайды. Олар тіршілік ету
мерзімдері бойынша ҥш топқа бӛлінеді: эфемерлер, бір жылдықтар, екі немесе
кӛпжылдықтар. Эфемерлердің тіршілік циклы жаздың басында бітеді, бір
жылдықтарда - вегетациялық кезеңнің аяғында, ал екі немесе кӛп жылдықтарда
- екі жыл ішінде жҥреді. Кӛпжылдық ӛсімдіктерге екі жылдан кӛп тіршілік
ететін, терең тамырлы және тҧқым шашатын астық тҧқымдастар жатады.
Жасыл ӛсімдіктер кҥн сәулесінің энергиясын, кӛмірқышқыл газын, суды және
минералды тҧздарды пайдалана отырып, биологиялық айналымға кӛп
мӛлшерде қоректену элементтерін тарта отырып, органикалық заттар тҥзуге
қабілетті. Жыл сайын ӛсімдіктердің тіршілік ҥрдістері арқасында жер жҥзінде
20 млрд. тоннаға жуық органикалық заттар тҥзіледі. Бҧл кезде олар
атмосферадан 34 млрд. т кӛмір қышқылы, 26 млрд.т. су, 0,4 млрд. т азот және
1,2 млрд т басқа да қоректік элементтер пайдаланады.
Ӛсімдік тҥрлері ӛздерінің химиялық қҧрамдары мен қасиеттеріне қарай
әртҥрлі органикалық заттар тҥзеді. Ӛсімдіктердің тамыр жҥйелері, ӛздерінен
бӛлінетін заттар арқылы, аналық тау жыныстарының қасиеттерін, әсіресе
топырақтың ең жоғарғы қабаттарында ӛзгертеді, оларды қопсытады, су және
ауа ӛткізгіштігін арттырады. Топырақтың жоғарғы қабаттарын тесіп шығатын
ӛсімдіктердің ӛркендері қҧрылымдық ӛзгерістер болуына, ал тамырдан
бӛлінетін заттар - минералдардың ыдырауына және микроағзалардың дамуына
септігін тигізеді. Органикалық заттардың ыдырауы кезінде жаңа органикалық
қосылыстар, қышқылдар және тҧздар пайда болады да, олар тау жыныстарымен
арақатынасқа тҥседі. Қоршаған ортаға ӛсімдік жамылғысы жан-жақты
пайдасын тигізеді: топырақ пен ауа температурасын, ылғалдылығын ӛзгерту
арқылы атмосфералық жауын-шашынның сіңбей ағып кетуінің, топырақты
судың ағызып кетуінің алдын алады.
Топырақтың тҥзілуінде, ӛсімдіктер сияқты, микроағзалардың да рӛлі зор.
Микроағзалар органикалық заттарды қарапайым тҧздарға дейін ыдыратады,
оларсыз қоректік элементтердің биологиялық айналымының жҥруі мҥмкін
емес.. Микроағзалар топырақтарда кӛптеген реакциялардың жҥруіне себеп
болатын алуан тҥрлі ферменттерді бӛліп шығарады. Микроағзалар органикалық
заттар мен минералдарды ыдырата отырып, органикалық-минералдық
коллоидты қосылыстардың пайда болуына қатысады.Органикалық заттарды
ыдырататын микроағзалар ҥлкен ҥш топқа бӛлінеді: аэробты бактериялар,
анаэробты бактериялар және саңырауқҧлақтар.
Аэробты бактериялар - оттегі еркін келіп тҧрған жерлерде ӛмір сҥріп,
кӛбейетін микроағзалар; оттегі болмаса олар жойылып кетеді.
Анаэробты бактериялар оттегісіз ортада дами береді. Олар оттегі бар
болғанда да, онсыз да ӛмір сҥретін факультативтік, және оттегі бар ортада ӛмір
сҥре алмайтын облигатты бактериялар болып бӛлінеді.
Саңырауқҧлақтар - кең кӛлемді ағзалар тобы. Олардың ішінде
топырақтың органикалық заттары мен лигнин клеткаларының ыдырауына,
қарашіріктің пайда болуына қатысатын микроскопиялық саңырауқҧлақтар -
актиномиценттер ӛте ерекше әсер етеді. Сонымен бірге кӛгертетін және басқа
да микроскопиялық саңырауқҧлақтар да ҥлкен рӛл атқарады.
Балдырлар - органикалық заттардың, қарашіріктің пайда болуына,
топырақ тҥзілуінің алғашқы ҥрдістеріне қатысатын хлорофилді микроағзалар.
Қарапайымдар - бір клеткалы (инфузориялар және т.б.) аэробты ағзалар.
Олар топырақ бактериялармен қоректенеді.Микроағзалардың саны топырақта
ӛте кӛп, олардың салмағы топырақтың 2-5-см қабатында 1 гектарға шаққанда 5-
7 т жетеді. Олар органикалық және минералдық заттардың барлық негізгі
қоректік элементтерін босатады, топырақтардың жоғарғы қабаттарын қара
тҥске бояйтын және топырақтың минерал бӛлігіне едәуір әсер ететін ерекше
шіріткіш қышқылдар синтездейді.Топырақ тҥзілуінде топырақтарды 12 м
тереңдікке дейін тесіп жол жасайтын жауын қҧрттары маңызды рӛл атқарады.
Жауын қҧрттарының кӛпшілігі бір жарым метр топырақ қабатында тіршілік
етеді. Топырақта жол жасау арқылы жауын қҧрттары оларды аэрациялайды да,
ӛсімдік тамырлары жҥйесінің дамуына септігін тигізеді. Бір жыл ішінде жауын
қҧрттары 100 т. жапырақтарды ӛңдей алады және 1 гектар жердің топырағын
қопсытып немесе араластыра алады. Жәндіктердің кӛптеген бӛлігі ормандарда
немесе ӛсімдік жамылғысында, не топырақтың біраз тереңдіктерінде болады.
Олар ӛсімдік қалдықтарын ҧсақтап, олармен қоректенеді және топырақтардың
жоғарғы қабаттарында жолдар жасап, қопсытып су сіңіру және қоректену
режимдеріне әсер етеді.
Топырақ тҥзілуіндегі сҥтқоректілердің
рӛлі салыстырмалы тҥрде ҥлкен емес, олардың біраз бӛлігі ғана топырақта ӛмір
сҥреді, бҧлар суырлар, тышқандар, саршҧнақтар және т.б. Микроағзалар, жауын
қҧрттары, жәндіктер және сҥт қоректілер органикалық заттарды белсенді
ыдыратады, оларды минералдайды және қоректік элементтер айналымын
қамтамасыз етеді, оларсыз топырақ тҥзілу ҥрдісінің жҥруі де мҥмкін емес.
Климат.
Қҧрылық бетіне тҥсетін жылу, ылғал және жауын-шашын арқылы
ӛсімдіктердің ӛсуіне және дамуына ең бірінші әсер етеді. Жер шарының әр
бӛліктерінің климатының бір-бірінен ӛзара айырмашылығы бар.
Арктикалық, субарктикалық, қоңыржай, субтропикалық және тропи-калық
климаттардың біріне-бірі ауысу заңдылықтары бар. Климаттық жағдайға сәйкес
тундралық, ормандық, орманды-далалық, шалғынды-далалық, қҧрғақ-далалық,
шӛлейт, шӛл, субтропиктік, тропиктік ӛсімдік зоналары қалыптасады. Әртҥрлі
ӛсімдіктерден пайда болатын органикалық заттардың саны да солтҥстіктен
оңтҥстікке қарай әртҥрлі, биологиялық айналым сипаты мен топырақ тҥзілу
ҥрдістерінің тҥрлері де ӛзгеше.
Климаттық жағдайға байланысты әртҥрлі ӛсімдік формациялары пайда
болады. В. В. Вильямс (1949) бірнеше формацияларды, атап айтқанда, ағаш
тектес ӛсімдіктер, шалғын ӛсімдіктері, дала ӛсімдіктері, және шӛл ӛсімдіктері
формацияларын бӛліп кӛрсетті. Қазіргі кезде осылармен қатар қыналы-мҥкті
формацияларды да бӛледі.Ағаш тектес ӛсімдіктер формациялары ағаштар,
бҧталар және жартылай бҧталардан тҧрады. Олардың органикалық заттарын
микро-саңырауқҧлақтар, аэробты және анаэробты бактериялар ыдыратады.
Шалғын ӛсімдіктері формациялары шалғындық ӛсімдіктерден тҧрады.
Органикалық заттарын кӛбінесе анаэробты бактериялар ыдыратады. Дала
ӛсімдіктері формациялары шӛптесін ӛсімдіктерден, олардың ішіндегі кӛп бӛлігі
эфемерлерден тҧрады. Органикалық заттарын аэробты бактериялар ыдыратады.
Қазіргі кезде шалғын және дала ӛсімдіктері формациялары шӛптесін ӛсімдіктер
формациясына біріктірілген.
Шӛл ӛсімдіктері формациялары шӛлдің сирек кездесетін ӛсімдіктерінен,
сонымен бірге микроағзалардан, атап айтқанда минерал қосылыстарының
тотығуының химиялық энергиясын пайдаланатын хемотрофты бактериялардан,
балдырлардан, аэробты және анаэробты бактериялардан, саңырауқҧлақтардан
тҧрады.
Бҧталы-мҥкті формациялардың басым кӛпшілігі қыналар мен мҥктерден
қҧралады; органикалық заттарын саңырауқҧлақтар мен бактериялар
ыдыратады. Олардың ыдырауы бояу жҥреді.
Тҥсетін жауын-шашын топырақтың ылғалдығына әсер етеді. Ал ылғал
топырақта ӛсетін ӛсімдіктердің және осы топырақтарды мекендейтін
микроорганизмдердің тіршілігіне жағдай жасайды.
Жауын-шашын тҥрінде тҥсетін судың бір бӛлігі буланып, екінші бір
бӛлігі ылди жерлермен ағып, ал қалған бӛлігі топыраққа сіңіп кетеді.
Топыраққа сіңіп топырақ ылғалына айналған су, топырақ бетінен ағып
кеткен су және буланып
кеткен су да топырақ тҥзілу процесіне қатысады.
Аталған ылғалдың біріншісі минералдық заттарды ерітіп топырақ
профилімен тасымалдайды, сӛйтіп топырақтың ауа тәртібіне әсер етеді,
екіншісі топырақтың минералдық және органикалық бӛлшектерін беткейлермен
тасымалдайды. Осы арқылы ҧсақ тҥйіршіктерді орнынан қозғап ағызып
әкетіп, басқа бір орынға ҥйеді. Ҥшінші бӛлігі қоршаған ауаны ылғалдап,
топырақты салқындатады.
Топыраққа тҥсетін жауын-шашын мӛлшері және оның сипаты жердің
географиялық орнына, теңіздерден және мҥхиттардан қаншалықты қашық
орналасқанына байланысты болады. Кҥшті жаңбыр жауғанда, әсіресе нӛсер
кезінде, топырақтағы минералды және органикалық заттар жер бедерінің тӛмен
жағына қарай шайылып кетеді де жыралар, сайлар, шҧңқырлар пайда болады.
Жауған қар топырақты жылытып микроорганизмдердің іс әрекетін
ҧзартады. Желдің әсерінен қарды ҥшырап әкеткендей және ҥйгенде,
топырақтың алдағы уақытта ылғалдануына бірдей жағдай жасалмайды. Бҧл
топырақ тҥзілу процесіне ӛз әсерін тигізеді.
Кҥшті минералданған ыза сулары топырақтың тҥздануына әкеп соғуы
мҥмкін. Олардың жер бетіне жақын жатуы топырақты мӛлшерден тыс
ылғалдандырады да батпақтануға әкеледі.
Ауаның және топырақтың температурасына топырақтағы химиялық жӛне
биохимиялық рекциялардың ӛту жылдамдықтары тәуелді болады. Температура
сонымен қатар топырақтың ылғалдығына және топырақ бетінен болатын
булану дәрежесіне де кҥшті ықпал жасайды. Температураның +20+25°С дейін
кӛтерілуі микроорганизмдер мен ӛсімдіктердің іс-әрекетін жақсартады. Ал егер
температура +40°С асатын болса, тірі организмдердің іс әрекеттері нашарлайды
немесе тіптен тоқтайды. Ноль градусқа жақын температурада да
организмдердің тіршілігі тоқтайды.
Желдің де ролі ҥлкен, әсіресе оның әсері ашық жазығы кеңістіктерде
айқын білінеді. Мысалы, шӛлдерде, далаларда және тундраларда. Топырақ
бетінен тозаң және қҧм тҥйіршіктері ҧшырып әкетіп, жел, топырақ профилін
қатты ӛзгерістерге ҧшыратады. Кейде жер бетінде топырақ тҥзілу процесінен
ӛте аз ӛзгерген аналық жыныстың шоқылары ғана қалады.
Жел рельефтің теріс элементтерін тҥзетіп, кей жерлерде тӛмпешіктер,
дӛңдер сияқты шӛгінді формаларын қҥрып, сол арқылы топырақ тҥзілу
процесін тҥбірімен ӛзгертіп жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |