5-бӛлім. ӚСІМДІК ШАРУШЫЛЫҒЫ
5.1
Егіншіліктің және ӛсімдік шаруашылығының негізгі
заңдылықтары
Егіншілік –
біріншіден, халыққа тағам, малға азық, ӛнеркәсіпке шикізат
ретінде қажет ӛсімдіктерді ӛсіретін ауыл шаруашылығының бір саласы;
екіншіден, ауыл шаруашылығының ӛнімдерін ӛсіру, кҥту, ӛнімін арттыру,
жерді тиімді пайдалану және оның қҧнарлығын арттыруды зерттейтін
ғылымның саласы. Егіншілік ғылымының дмауына байланысты бҧдан
агрохимия, агрофизика, селекция, сорт, тҧқым
туралы ғылым, фитопатология,
ауыл шаруашылығы энтомологиясы, суландыру ауыл шаруашылық қҧралдары
мен машиналары туралы ғылымдар бӛлініп шықты. Егіншілік ғылымы
бҧлармен тығыз байланысты.
Егіншіліктің теориялық негізі – топырақтану, ӛсімдік физиологиясы,
микробиология, метеорология, биофизика, биохимия,
сондай-ақ кибернетика,
радиоэлектроника, механика және басқа да ғылымдар.
Ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне сҥйене отырып егіншіліктің
жоғарғы мәдениеті деген ҧғымды іс жҥзіне асыруда мынадайзаңдылықты атап
ӛткен ләзім.
1. Табиғаттағы топырақ түзілуінің жағымды тиімділігі заңы.
Топырақ
қҧнарлығының қалыптасуы және оның біртіндеп арта беретіні, ондағы
жәндіктер тіршілігі барған сайын ҧлғая беретіні және кҥн сәулесінің қуаты мен
қоршаған ортаның қоректік заттарды кӛп жинауы, ал содан соң бҧларды ӛзі
мекендеген аймаққа шоғырландыруы, жәндіктер тіршілігінің жетекшілігінен
топырақтың қҧралуы – осы заңға жҥгінеді.
Аймақтың климаты, жылуы, су тәртіптері қолайлы ӛсімдіктердің топырақ
қыртысының ҥстіңгі қабаттарында микрофлоралар мен жануарлар тіршілігінің
дамуына жақсы жағдайлар жасалатыны белгілі. Мҧның ӛзі топырақ қҧралуын
жеңілдетеді, оның қҧнарлылығын арттыруды тездетуге ықпал етеді. Мҧндай
аймақтарда топырақтың ӛнімділігі, оның биологиялық қуаты арта тҥседі.
Мәселен, тоңды және шӛлді аймақтардың топырағы табиғи тҧрғыдан ӛнімділігі
ӛте кедей болып келеді.
2. Қоректік заттарды топыраққа қайтару заңы
. Бҧл қайтару заңының
талабы бойынша – ысырап болу, егінмен
бірге кету немесе басқа да
себептерден топырақтың сіңімді қоректік заттарының тепе-теңдігі бҧзылған
жағдайда, тиісті тыңайтқыштар енгізу жолымен, яғни басқа да агротехникалық
әдістермен сол тепе-теңдікті қалпына келтіру қажет. Соның ӛзінде топырақ –
жанды іспетті екенін және ондағы микробиологиялық жҧмыстар дҧрыс
реттелсе, ӛсімдіктердің нәр алуына қиын болып келген заттардың бір бӛлігі
сіңімді кҥйге ауысатынын ескерген жӛн.
Заттарды қайтару заңының бҧзылуы топырақтың қҧнарлылығының
жойылып кетуіне соқтырады.
3. Минимум, оптимум және максимум заңы
. Бҧл заң қайтару заңымен
тығыз байланысты. Егінжайдағы ӛсімдіктердің ӛсуінің минимумдегі факторға
немесе қоректік элементтерге тәуелді болатыны белгілі. Егер топырақтың
сіңімді азот 1 гектардан 10 центнер мӛлшерде астық алуға ғана жететін болса,
фосфордың, калийдің және басқа да қоректік заттардың қоры 30 центнер, одан
да кӛп тҥсім алуға жететін болса, бәрібір ӛнім 10 центнердің маңайында ғана
алынады, ӛйткені, ӛнімнің мӛлшерін ондағы минимум элемент айқындайды.
Егер топырақта қоректік заттар жеткілікті болып,
бірақ су тапшы болса, онда
алынатын ӛнімнің мӛлшерін ылғал белгілейді.
Факторлардың – ылғалдың, қоректік заттардың, жылудың, жарықтың
шамадан тыс кӛп болуы да, жетіспей аз болуы да ӛсімдіктердің ӛсуі мен
дамуын тежейді. Ӛсімдіктердің тіршілігіне минималды – қолайсыз және
оптималды – ең қолайлы жағдайларымен қатар максималды жағдай да болады.
Мҧндай кӛбінесе, ӛсімдіктерге жайсызжағдай болады.
Егер барлық тіршілік факторлары қолайлы мезгілде, әрі тиісті мӛлшерде
бар болса,онда ӛсімдіктің ӛнімі мол болады.
4. Өсімдіктердің өз ортасына сәйкес келуі және дақылдарды уақыт пен
кеңістік бойынша дұрыс ауыспалы егіс жүйесін қолдану заңы.
Тек жекелеген ағза ғана ӛзінің ӛсіп-ӛнетін орнымен тығыз байланысты
болып қоймайтын, сондай-ақ тҧтас алғанда бҥкіл ӛсімдік жасыл желегі ӛзін
қоршаған ортамен тығыз бірлікте ӛзара әрекеттес болады. Ӛсімдік
қауымын
қҧрайтын ӛсімдіктердің тҥр-тҥрі тек оқшау-оқшау топ қҧрып немесе жеке-жеке
кӛршілес болып тәуелсіз ӛсіп қана қоймайды, олар ӛздері қоректенетін алаң,
ылғал, жарық және тіршілікке қажетті басқа факторлар ҥшін кҥресуде ӛзара
бір-бірімен тығыз қатынасы да болады. Екіншіден, ӛсімдікті қолдан іріктеуде
осы фитоценозға жататын ӛсімдік тҥрлерінің ӛздері мекендеген ортадағы
жағдайларының бҥкіл (комплекске) кешеніне бейімделуін кӛздейді.
Бір тҥрге жататын ӛсімдіктер арасында немесе белгілі бір факторларды
бірдей мезгілде қажетсінетін ӛсімдік тҥрлері арасында бәсекелестік кҥшті
болады. Ал мәселен, қоректік заттар мен ылғалды
топырақ қабаттарынан
алатын және кҥн сәулесін әр мӛлшерде қажет ететін, басқа қоректерін де әр
тҥрлі мерзімде пайдаланатын ӛсімдіктер арасында бәсекелестік байқалмайды
немесе бҧл қҧбылыс оларда аз болады. Сондықтан ӛсімдік қауымдарында
тамыр жҥйелері топырақтың әр тҥрлі қабаттарын кеулейтін ӛсімдіктер
кездесетіні жайдан-жай емес. Ӛсімдіктің бір тҥрінің тамыры негізінен ҥстіңгі
қабатты жайласа, басқаларының тамырлары одан едәуір тереңге бойлайды да,
тайыздағы тамырларға кедергі келтірмейді.
5. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы факторларының бірлескен
әрекеттерінің нәтижесі деп аталатын бесінші заң аталмыш төрт заңның
логикалық үйлесімі болып табылады.
Ӛсімдік тіршілігінің жекелеген факторлары ӛз алдына оқшау емес, қайта
бір-бірімен ӛзара тығыз байланысты әрекет ететіні белгілі.
Оларды басқа еш
нәрсемен алмастыруға болмайды, ӛйткені бҧл факторлардың барлығы бірдей.
Ӛсімдік ӛсіп дамуының қандай кезеңінде болса да жалпы бҥкіл факторлар
кешенінің ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда және егін жайында
жҥргізілген нақты тәжірибелер, сондай-ақ егіншіліктің кӛп жылғы мәліметтері
мынаны дәлелдейді: ӛсімдіктер тіршілігінің факторлары тек бірлесіп әрекет
еткенде ғана барынша әсерлі болады. Егінжайдағы осы факторлардың бірінің
ӛсімдікке ықпалын ӛзгертсе, басқа факторларда да ӛнімді пайдаланудың
мҥмкіндігі мен жағдайы сӛзсіз бҧзылады.
«Факторлардың бірлескен әрекеті заңынан шығатын негізгі қорытынды
В.Д.Панников бойынша мынадай: жеке агротехникалық шара қанша кҥшті
болса да керекті тиімділікті
қамтамасыз ете алмайды, жақсы тиімділікке тек
агротехникалық шараладың кешенді тҥрлерін қолданып жетуге болады».
Бҧл заңның әсерін ескермей, тҧрақты табысқа жетуге болмайтынын әрбір
маман терең білуге тиіс.
Егіншіліктің бҧл бес заңынан басқа да заңдар бар, мысалы органикалық
заттарды синтездеу және бҧзу заңы, бҧған фотосинтез теориясы да кіреді.
Егіншілік саласында ғылымның басты міндеттері: еліміздің барлық
аймақтарында топырақтың қҧнарлылығын және егіншілік мәдениетін
арттырудың теориясы мен практикалық шараларын одан әрі талдау,
қуаңшылықпен, эрозиямен және топырақ сортаңымен кҥрес жӛніндегі
зерттеулерді кҥшейту: ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды
агроклиматтық тҧрғыдан
негіздеу; интенсивті егіншілік жағдайда егіс
алқаптары мен ауыспалы егістердің тиімді қҧрылымын белгілеу; мәдениет
дақылдардың кӛп ӛнімді ауруларға және зиянды жәндіктерге тӛзімді сорттарын
шығару болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: