«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»


 бӛлім ЕГІСТІК ДАҚЫЛДАР. АСТЫҚ ТҦҚЫМДАС ДАҚЫЛДАР



Pdf көрінісі
бет81/190
Дата06.10.2023
өлшемі3,34 Mb.
#183967
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   190
Байланысты:
toleubaev-koldanbaly-biologia

6 бӛлім ЕГІСТІК ДАҚЫЛДАР. АСТЫҚ ТҦҚЫМДАС ДАҚЫЛДАР.
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ, БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 Екпе дақылдарына
– соның ішінде астық тҧқымдастарына ҥлкен мән 
беріледі. Оларға – бидай, қара бидай, арпа, сҧлы, кҥріш, тары, жҥгері, қҧмай 
және қарақҧмық жатады. 
Бҧлар тағамдық қасиетінің жоғары болуына және тҧрмыста жан – жақты 
пайдалануына байланысты жер шарының барлық аймақтарында кеңінен 
таралған. 
 Астық дақылдары тұқымында
– белок, кӛмірсу және май кӛп мӛлшерде 
болады. Астық дақылдарының бірқатары (арпа, сҧлы, жҥгері) – қҧнарлы мал 
азығы болып саналады. Олардың дәні жиналып алынған мен кейінгі қалған 
сабандары мен топандары мал азығына тікелей пайдаланылады. Ал астық 
дақылдарының дәндері сыра, крахмал, спирт және декстрин ӛндірісінде кеңінен 
қолданылады. 
Астық дәнді дақылдарының қара қҧмықтан басқасы – қоңырбастар 
(Podcede) тҧқымдастарына жатады. Сондықтан олардың сыртқы қҧрылысында 
кӛптеген ҧқсастық кездеседі. Астық дақылдарының тамырлары – кӛптеген 
тамыр шашақтарының, тамыршаларының, тҥйін тәріздес тараған жанама 
тамырлардың жиынтығы болып шашақты тамыр тҥрлеріне жатады. 
Тҧқым алғашқы ӛне бастағанда алдымен дәндік тамыршалар пайда болса, 
келесі даму сатысында ӛсімдік ҥшін аса маңызды – 2-ші тҥйінді тамырлар 
пайда болады. Ӛсіп дамудың нәтижесінде олар ҧзарып, топырақты әр тҥрлі 


бағытта қия отырып тамыр бҧтақшаларын қҧрайды. Бірақ та негізгі тамыр 
бӛлігі – топырақта ауа қатысуымен жҥретін аэробты қҧбылысы кҥшті, жоғарғы 
жырту қабатында ғана орналасады. Тамыр арқылы – топырақтан су немесе оған 
еріген қоректік заттарды алып қамтамасыз етеді.
Астық дақылдарының сабағы – тҥтікше тәрізді немесе ӛзектелген, сабақты 
буын аралықтан (жҥгері, қҧмай) ҧзына бойына 5-6 немесе одан да кӛп (23-25) 
буындарға бӛлінген. Сабақтың ӛсуі алғашында тӛмендегі буынннан басталады, 
кейіннен ортаңғы және содан жоғары орналасқан сабақ кесінділерінің ҧзаруына 
тікелей байланысты. Бірақ жоғарыдағы сабақ буындарының ҧзындығы 
тӛмендегілерін басып озады. Сабақтың мҧндай ӛсуін бойының ҥстемелеп ӛсуі 
деп атайды. 
Жер асты сабақ тҥйіндерінен тамырлар және сабақтың қия бҧтақтары 
пайда болуына байланысты кӛптеген астықты дақылдарда бірнеше сабақ пайда 
болуы, шоқтануға қабілеттілігі жоғары болады. 
Астық дақылдардың жапырағы – жапырақ қынабынан және жапырақ 
алақанынан немесе тақтасынан қҧралады. Жапырақ қынабы тӛменде 
тығыздалып сабаққа оралып орналасады, ал сабақ қолқасының ҥстінде, 
жуандау сақина тәріздес – жапырақ тҥйіні орналасады. 
Жапырақ тҥйіні – жапырақ қынабын сабаққа бекіту мен қатар, жатып 
қалған астықтың қайта кӛтерілуіне жағдай жасайды. 
Жапырақ қынабының жапырақ алақанына ӛтер жерде – мӛлдір жҧқа 
қабық – жапырақ тілшесі орналасады. Сабаққа тығыздала орналасып, ол 
жапырақ қынабына су және тҥрлі зиянды жәндіктердің ӛлуінен сақтайды. 
Тілшенің екі жағында орналасқан екі қҧлақша, жапырақ қынабының сабаққа 
жақсы бекуін қамтамасыз етеді. 
Жапырақ қҧлақшалары мен тілшелерінің кӛлемі, кӛрінісі әр астық 
дақылдарының ӛзіне тән болып, оларды бір – бірімен солар арқылы ажыратуға 
болады.
Мыс: сҧлының тілі ең ҧзын болса, ең ҧзын қҧлақшалар – арпаға тән 
болады. Жапырақтың кӛлемі және жалпы саны әр дақылдың биологиялық 
ерекшеліктеріне, сортына және ӛсетін ортасының жағдайына тікелей 
байланысты. 
Астық дақылдарының гҥл шоғыры 2 тҥрлі болады. 
1. масақты – бидай, қарабидай және арпа. 
2. шашақ басты – сҧлы, тары, кҥріш, және сорго. 
Жҥгерінің бір ӛсімдігінің ӛзінде екі гҥл шоғыры болады, аталық гҥлдері 
сабақтың ҧшында шашақ болып жиналып, аналық гҥлдері жапырақтардың 
қолтығында тҧратын собыққа айналған. Сондықтан жҥгері бір ҥйлі, қос 
жынысты ӛсімдік деп аталады. 
Астық тҧқымдастарының жемісі тҧқым қабығы жемісі мен бірігіп кеткен, 
қҧрғақ так дән. Қауызды астық тҧқымдастарында (кҥріш, сҧлы, сорго, арпа) 
жеістері тҧқым қабығының сыртына гҥл қауызына оранады, сонымен оларды 
қауызды дақылдар деп атайды. 


Дәннің тӛменгі жағында дӛңесті (арқасында) ҧрық, жоғарғы жағында 
жіңішке тҥкшелер жинағы – айдар орналасқан. Ҧрық – дән ӛне бастаған кезде 
кҥрделі қосылыстардан ферменттер арқылы қоректік заттар алуды қамтамасыз 
ететін ҧрық қалқаншасынан, алғашқы тамырша, сабақша және жапырақшаға 
оралған ӛсу бҥршігінен тҧрады.
Дәннің қалған бӛлігін (75-80%) қоректік заттар қоры – эндосперма алып 
жатыр. Жеміс қабықшасының астына орналасқан эндосперманың бірқатар 
клеткалардан тҧратын қабатын – алейрон қабаты деп атайды. Бҧл ірі клеткалар 
қабаты крахмал балмасада, белоктық заттарға ӛте бай. Эндосперманың қалған 
алейрон қабатынан кейінгі негізгі бӛлімінде, крахмал дәндеріне бай клеткалар 
орналасқан. Ал бҧл клеткалардың арасы тығыз орналасқан белоктық затармен 
толтырылған.
Дәннің жалпы салмағының 5-7 % жеміс және тҧқым қабықшалары 
ҥлесіне тиеді. 
Дәннің химиялық қҧрамына су, органикалық және гҥл қҧрамындағы 
элементтер кіреді. Одан басқа ферменттер мен витаминдер кездеседі дәннің 
негізгі салмағы кӛмір сутектерінен және азотты қосылыстардан (белоктардан) 
тҧрады.
Азотты заттар – дәннің тамақтық және мал азықтық қасиеттерінің бірі – 
онда азотты заттардың – белоктардың болуы. Белок адаммен жануарлар 
тканьдары қҧрамының негізі болып саналады ол ӛзінің каллория бӛлуі жағынан 
крахмал, кӛмірсутекті қосылыстардан артық, тек майдан ғана кем тҥседі. Белок 
химиялық қҧрамына байланысты жай (протейн) және кҥрделі протейнді болып 
бӛлінеді. 
Суда ерімейтін, қҧрамында аздаған крахмал, май және кҥлі т.б заттары 
бар белоктарды – клейковина деп атайды. Нанның дәмі, кӛлемі, байламдылығы, 
созылғыштығы – клейковинаның саны мен сапасына тікелей байланысты. 
Жақсы клейковина – созылғыш, ҥзілмейтін қамыр береді, сондықтан 
бидай клейковинасы, басқа астық дақылдарындағы бойламы аз нан пісіруге 
сапасы тӛмен клейковиналардан артық бағаланады. 
Азотсыз сығынды заттар – дәннің органикалық қҧрамының негізі болып 
саналады. Оларға нашар сутектері қосылыстарының 90% жуығы болатын 
крахмалдар жатады. Дәндері сығынды заттардың негізін, кӛмірсутекті 
қосылыстардың бастысы – қанттар қҧрайды.
Май – негізінен дәнде және оның алейрон қабатында кездеседі. Майлы 
дәндерге жҥгері, тары, кҥріш, сҧлы жатады.
Клетчатка – клеткалар қабырғаларының және дән қабыршағының негізі. 
Клетчатка қауызды дақылдарда кӛбірек болады. 
Су – дән қҧрамында болатын басқа да маңызды заттардан кем емес. Ол 
дән қҧрамына кіріп қана қоймай оның тіршілігін сақтайтын басты 
факторлардың бірі.
Астық дақылдары дәніндегі су мӛлшері орташа 14 % болса ол 11-15% 
ауытқып отырады. 


Ферменттер - ӛнуге бағыт алған дәнді қоректік заттар қоры мен тиімді 
мӛлшерде қамтамасыз ететін органикалық қосылыстар. Мыс: амилаза 
крахмалды қанттарға, Липаза – майларды глицерин және май қышқылдарына, 
басқа ферменттер белоктарды – амин қышқылдарына, одан да әрі дән 
пайдалануға жарамды жай қосылыстарға ыдыратады. 
Витаминдер – адам мен малдың тіршілік әрекетіне ӛте қажет, химиялық 
қҧрамы кҥрделі органикалық заттар. Астық дақылдары дәнінің қҧрамында 
негізінен А, В
1
, В
2
, С, Д, РР, Е және т.б витаминдер кездеседі. Тамақтағы 
витаминдердің жетіспеуі және жоқ болуы зат алмасуын бҧзады және 
авитаминоз ауруына ҧшыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет