Мысалы, жҥгеріні ерте еккен жағдайда, оның сирек шығуымен қатар,
егістің ішінде арамшӛптер де ӛте кӛп болады. Оның бәрі ӛнімге әсерін тигізеді.
Кеш егілетін жылылықты сҥйетін дақылдарды топырақтың тҧқым
жататын тереңдігіне температура 10-12
0
С кӛтерілгенде ғана егу керек.
Асығыстық жасап ерте сепкен жағдайда топыраққа сіңірілген тҧқымның кӛбісі
жылу болмағандықтан шіріп кететін де кейін оны қайтадан себуге тура келеді.
Бақша дақылдарын топырақтың жылуы 12-15
0
С
жеткеннен кейін ғана
егеді.
Кҥзгі дақылдар – бидай, қара бидай, арпа қыркҥйек, қазан айларында
егіледі. Бҧл ҥш дақылдың ішінде ең кӛп егілетіні кҥздік бидай. Суық тҥсерден
50 кҥн бҧрын себу керек. Талдықорған, Алматы облысында 10-20 қыркҥйекте,
Оңтҥстік Қазақстан облысында қазан айының 1-20 еккен жӛн. Осы мерзімдерде
себілген кҥздік дақыл суық тҥскенше шоқтану фазасына жетіп, бойына кӛп
органикалық заттар жинайды, қыстың суығына тӛзімді болады.
Ӛте ерте, тамыз айында егілген кҥздік бидай суық тҥскенше бойлап ӛсіп
кетеді де, қыста ҥсікке шалдығады. ӛте кеш егілген кҥздік те қыста кӛп
шығынға ҧшырап, кӛктемде сиреп қалады. Мҧның бәрі әр гектардан алынатын
ӛнімнің мӛлшеріне кері әсерін тигізеді.
Дақылдарды дер кезінде еккенде ғана мейілінше мол ӛнім алуға болады.
Қазақстанның оңтҥстік обылыстарының суармалы жерінен жылына екі ӛнім алу
ҥшін кейбір дақылдарды жаз ортасында егуге болады.
Масақты дақылдар
Алматы, Жамбыл обылыстарында шілде айында, Оңтҥстік Қазақстан
обылысында маусым айында пісіп ораққа ілінеді. Маусым шілде айынан суық
тҥскенше әлі де 3-4 ай бар. Осы уақыттың ішінде тағы бір ӛнім алуға
болатынын ғылым да, тәжірибеде дәлелдеп отыр. Ол ҥшін
бірінші дақылды
жылдам орып ала салып, екінші дақылды егудің қамына жедел кірісу керек.
Оңтҥстік обылыстардың суармалы жерінде масақты дақылдардың ішінде ең кӛп
егілетіні – кҥздік бидай. Бҧл дақыл Алматы облысында орта есеппен 10 шілдеде
піседі. Оны тездеп орып, сабанды танаптың сыртына шығарып суарып, 20
шілдеге дейін тҧқым сеуіп ҥлгерген жағдайда сҥрлемге арналған жҥгерінің әр
гектарынан 250-300 ц, соргодан 220-270 ц ӛнім алуға болады. Бір жерден екі
ӛнім алу ҥшін тек қана сҥрлемдік дақылдар егіліп қана қоймайды, онан дән алу
ҥшін де кейбір дақылдарды егуге болады. Дәндік
дақылдардың ең ішіндегі
ыңғайлысы тары мен қарақҧмық. Жаздың ортасында егілген тарының кейбір
сорттары екі айға жетпей пісіп 20-25 ц/га ӛнім береді, қарақҧмық 50-55 кҥнде
пісіп, егістен 10-19 ц/га ӛнім жинауға болады. Сонымен Республикамыздың
оңтҥстік облыстарының суармалы жерлерінен екі рет астық алуға мол
мҥмкіндік бар.
Егу тәсілі дақылдардың биологиялық, морфологиялық
ерекшеліктеріне
байланысты әртҥрлі егу тәсілдері қолданылады. Егу тәсіліне байланысты
дақылдардың кҥн сәулесін пайдалану, қоректену тәртібі де ӛзгеріп отырады.
Егу
тәсілдеріне
байланысты
дақылдарды
кҥтіп-баптау
жҧмысын
механикаландыруға мҥмкіндік туады.
Егінді кҥтуге жҧмсалатын еңбектің, әр гектарға сіңірілетін тҧқымның
мӛлшері де сол егу тәсіліне байланысты әртҥрлі болады. Егу тәсілі агрономия
ғылымының дамуына қарай ӛзгеріп отырады.
Тҧқымды шашып себу ертеден келе жатқан ежелгі тәсіл, қазір ӛте
сирек
қолданылады, кӛбіне трактор жҥре алмайтын қия жерлерді, қала
парктарындағы жасыл алаңды осы тәсілмен себеді.
Кәдімгі қатарлап егу жиі қолданылатын тәсілдің бірі. Барлық масақты,
бҧршақ тҧқымдас дақылдар осылай егіледі. Осы тәсілмен еккенде дақылдардың
тҧқымы ылғалы бар тереңдікке тҥседі. ӛркендер бір уақытта жер бетіне
шығады. Кҥн сәулесі жақсы тҥсетіндіктен астық кӛп жата бермейді. Дақылдар
бір уақытта пісіп ҥлгереді, комбайнмен оруға да оңтайлы келеді.
Бҧл тәсілмен сепкенде қатар аралығы 15-23 см болады,
қатардағы
ӛсімдіктердің аралығы 1,2-1,5 см болады. Қатар ішінде ӛсімдіктер бір–біріне
тым жақын орналасқандықтан кейде қоректік зат жетіспей олардың ӛсуі біраз
қиындайды.
Жиі аралықпен сепкенде ӛсімдіктердің қоректену жағдайы едәуір
жақсарады, себебі бҧл әдіспен сепкенде қатар аралық
Достарыңызбен бөлісу: