Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет130/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Литература
1.
Пропп В. Я. Морфология сказки. – Л., Academia, 1928. 
2.
Мелетинский Е. М. Классические формы мифа. – М., РАН, 1995. 
3.
Новиков Н. В. Образы восточнославянской волшебной сказки. – Л.: 1974. 
4.
Пропп В. Я. Поэтика фольклора. – М., Лабиринт, 1998. 
ӘОЖ 811.512.122'34 
«ТІЛ – МӘДЕНИЕТ САҚТАУШЫСЫ» 
Исахова.Л.Т., аға оқытушы, Ерадилова Г,Жұмаділла М.
1201-11 тобының студенттері 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Казақстан 
Резюме 
В этой статье рассматривается значение родного языка и его влияние на культуру. 
«Тіл – еліміздің жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп 
Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай. Тіл – бүткіл халықтың байлығы
адамзаттың алтын жаны.Бүкіл ұлтымыздың,жеріміздің болашағы ана тілінде.
Тілдің бірлігі – ел үстемі. Тілді сақтап қалатында көркейтетінде мына өзіміз. 
Біз өз тілімізді сақтап қалуымыз үшін барлық іс-әрекетті жасауымыз қажет.Шет 
елге кеткен қандастарымызда сол елде қалып кетпей,керісінше тілімізді 


250 
дінімізді сол елге қызықтыра білу қажет.Тілді қай жерде, қай елді мекенде 
болсын тіл ұғымын алмастыра алмаймыз. Біздің ана тіліміз,ана сүтімен 
туылғанымыздан 
бері 
қалыптасады.Менің 
ана 
тілім 
–бұл 
қайта 
тумас,қайталанбайтын қазақ тілі,мен өз тілімді мақтанышпен айта аламын 
.Менің қайталанбас тіл бұл қазақ тілі дегенім, кезінде біздің ата-бабамыздың 
бұл жер үшін,ел үшін қалай қанды соғысқа барғаны барлығымыздың есімізде 
деп ойлаймын, және есімізден шықпайды ды. Қазіргі жастарға келетін 
болсақ,білмеймін қарның ашады әрине көпке топырақ шашпаймын,дегенменде 
тіліміздің бағасына жетпейтіндер қаншама. Өз басым ойлап қоямын не себепті 
қазіргі жастар мұнша майдаланып кеткен деп, мүмкін бұлда дұрыс шығар 
себебі жаңа дамыған Қазақстан болуымыз қажет шығар.Бірақ дегенмен де таза 
тілімізді ұмытпауымыз қажет.Статистикаға сүйенсек кәзіргі кезде шет елге оқу 
барысымен кетіп,сонда қалып кетіп жатқан қандастарымыз қаншама,неге сол 
қазақ қандастарымыз келіп өзіміздің дәрежемізді арттырмасқа. Қазақ тілі –
бұл түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі ең бай тіл және солай болып қала 
бермек .Өзіміздің «Тіл туралы» заңымыз 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. 
Осы Заңның 4-ші бабында: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік тілі деп хабарланды. 
«Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп 
түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, 
басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізіп, сақтап, отыратын қазына»,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз 
айтқандай, елің, жерін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі 
болуы шарт. 
Тіл – таусылмайтын ,сарқылмайтын біздің байлығымыз. Қанша басқа 
елдің тілін білсең,өзгеден сонша есе биіксің. Бірақ, ең алдымен туған еліңнің 
мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде 
қадірлейміз.Өткен істі сіз,біз болып болашақ ұрпаққа біз өзіміз тілмен 
жеткіземіз. Тіл арқылы салт-дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді, қолөнерімізді де 
сақтап, келесі ұрпаққа бере аламыз. 
Қазіргі кезде Қазақстан үшін үштілділік– елдің бәсекеге қабілеттілікке 
ұмтылуда бірінші баспалдақ болып табылады. Өйткені, бірнеше тілде еркін 
сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге 
қабілетті тұлғаға айналады. Әрбір тұлға,адам өз тілін білуге міндетті. 
Біз жастар елімізді үштілділік жағынан дамытуымыз қажет,және соған үлес 
қосу керек. 
Тіліміздің бірлігін әрқашан жоғары деңгейде ұстайық! 
Әрбір тіл – сол тілде сөйлеушілердің жан дүниесі сақталған ғибадатхана. 
Оливер Уэндел Холмс 
Зерттелген мағлұматтар бойынша адам баласының өмір бойы 
қалыптасқан өзіндік мәдениетімен ұштасып, ұлт болмысының тікелей көрінісі 
болып табылатын қымбат дүниесі – оның тілі. Жаңа айтып кеткенімдей шет 
елдегі қандастарымыз қазіргі дамымай қалған, алға қарай тілге, жерге деген 
қызығушылығы жоқ жастарымызды алға тартып сүйреуі керек.Қазақстан сонда 


251 
ғана дамиды. Қазіргі кезде ешнәрсеге шектеу жоқ,барлық жерге барап, көріп 
келіп өз елімізді дамыту қажет, керісінше сол елде қалып кетпей. Не себепті өз 
болашағымызды, болашақ ұрпағымызды дамытпасқа. Мағжан Жұмабаев 
атамыз айтып кеткен «Мен жастарға сенемін» деген сөзі барлығымыздың тілге 
деген, ана тілге деген рухымызды ояту қажет Ата-бабамыз аңсаған, солар 
бейбітшілікте тұра алмаған тілді біз сақтай алмаймыз, жұмыла көтерген жүк 
жеңіл демекші барлығымыз кіріссек барлығы дамиды. 
Елбасымыз айтып кеткендей қазақтың болашағы қазақ тілінде 
делінген.Бұл сөздің астары, Қазақ тілінің болашағын жандандыру. Ал болашақ 
біздің қолымызда. Ал жағымсыз жақ біздің менталитетте аға,көке ұғымы, таныс 
тамыр ұғымы көп таралып кеткен әрине жақсы жағы да жаман жағы да бар. 
Жаман жағына тоқталсақ бұл білімсіздердің таныс тамыр арқылы жұмысқа 
тұруы,білімді жандардың алдын орап, тіліміздің ғылыми деңгейін түсіруі. Білім 
жоқ жерде ешқашанда біз дамымаймыз сол себебті жастар білімді болуы керек. 
Жағымсыз пікірді жою керек. Қоғамда қарым қатынас жасау құралы тіл 
болғандықтан тілімізді дамыту керек,көп зерттеулер жүргізу керек. 
Тіл – ең асыл қазына.Ғылыми жағынан бөлек әлем. Тіл – ең көркем 
сөйлеуге арналған қатынас құралы. Дүние жүзінде ең көп таралған тіл – 
ағылшын тілі.Өйткені бұл тілдің қолдануы өте кең. Ал ең көркем сұлу тіл деп 
француз тілін атайды. Бірақ осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. 
Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан сіз қай ұлттың өкілі 
болмаңыз, тіл үшін күресуге міндеттісіз. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам 
болсаңыз да, тіліңіз жайында аманат қалдыруға, мұра қалдыруға тырысуыңыз 
керек. Себебі сіздің тілде жазылған құнды тарихи деректер, кейінгі ұрпақ үшін 
үлкен рөл ойнауы мүмкін. Мәселен кезіндегі орхно жазулары, руна жазулары 
бүгінгі көптеген түркі халықтарына тән тарихи деректердің көзін ашып беріп 
отыр. Ендеше сіздің де тіл өлмесе, ертеңгі ұрпақ үшін, жалпы адамзат үшін 
үлкен мәнге ие болары сөзсіз. 
Мақаламыздың соңын мына сөзбен аяқтағымыз келеді. Тіл тек қана тіл...
Бұл-махаббат ,бұл-жақсы көру. Оның мақсаты дін қызметшісініңкіндей:сізді 
орныңыздан тұрғызады, өзіңізді ұмыттырып, өзіңізге құлақ түргізеді. Дүниедегі 
ең сорақы нәрсе өз тіліңді жоғалту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет