Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет126/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Қорытынды 
Мақалада «Қорқыт ата кітабының» бүгінге дейін белгілі болған Дрезден 
және Ватикан нұсқаларынан бөлек үшінші нұсқаның табылуы қарастырылды. 
Америка мен Түркия ғалымдарының зерттеу еңбегін зерделей келе 
қолжазбаның қай жерден, кімнің, қалай тапқаны және оның көпшілікке 
жариялануына қатысты мәселе талданды. 
Әдебиеттер 
1. 
https://gercekedebiyat.com/haber/dede-korkut-hikayelerinin-yeni-nushasi-bulundu 
(қаралған уақыты: 01.03.2022) 
2. Алкая Эрджан. Қазақ тілінде жаңашаланған «Қорқыт Ата кітабы» // Turkic Studies 
Journal. – 2020, 3(2). 91-95 бб. 
3. Sertkaya, O. F., Uzuntaş H. (2020). Dede Korkut’un Günbed Yazması Üzerine 
Araştırmalar ve incelemeler. İstanbul: Bilge Kültür Sanat, 2020. – 176 s. 
4. Shahgoli, N. K.; Yaghoobi, V.; Aghatabai, S. ve Behzad S. Dede Korkut Kitabı’nın Günbet 
Yazması: İnceleme, Metin, Dizin ve Tıpkıbasım // Modern Türklük Araştırmaları Dergisi, 16(2), 
2019. ss. 147-379. 
5. Ekici, M. Dede Korkut Kitabı Türkistan/Türkmen Sahra Nüshası-Soylamalar ve 13. Boy-
Salur Kazan’ın Yedi Başlı Ejderhayı Öldürmesi. İstanbul: Ötüken Yayınevi, 2019. – 222 s. 
6. Arıkoğlu Ekrem. Dede Korkut Kitabı’nın Üçüncü Yazmasının Bulunuşu // Milli Folklor. 
123 (2019). ss. 23-30.
ӘОЖ
З.СӘНІКТІҢ «БАСБАЙ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПЕН 
КӨРКЕМДІК ӘДІС 
Рахымбек С. –
1701-10 тобының магистранты 
Ғылыми жетекші: Мамыт А.А. –
ф.ғ.к., доцент.
 
Оңтүстік Қазақстан мелекеттік педагогикалық университеті, Шымент. 
Резюме 
В статье рассматривается историческая реальность и художественный прием
романа «Баспай» писателя Зейноллы Санык.
 
Қазақ қоғамында қалың оқырманын өз туындыларымен баурап алатын 
таланттар аз емес. Сондай дарын иесі қытайда ғұмыр кешкен қазақ жазушысы – 
Зейнолла Сәнік.


240 
Қаламгердің тарихи шығармаларының бірі – «Басбай» романы. Әдеби 
туынды Шыңжаң қазақтарының арасынан шыққан аса көрнекті қайраткер, 
даңқы бүкіл Қытайға белгілі бай – Басбай Шолақұлы жөнінде. Автор Басбай 
Шолақұлының өмірін, ол өмір сүрген дәуірді терең зерттегендіктен бас 
кейіпкер өмір сүрген дәуірдің тарихи оқиғалары да өте нанымды бейнеленген.
«Бай» сөзі қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес, иелігінде көп мал-мүлкі 
бар, үстем тап өкілі немесе дәулеті тасыған жетілген адам мағынасын береді. 
Дегенмен де, қазақ түсінгіндегі «Бай» деген сөз байлықты ғана тура 
мағыналаған ұғым емес. Кезінде қазақ даласына келіп, жағдайды көзімен 
көрген орыс генералы Броневский: «Қазақтың байлары орыстың «богатый» 
сөзінің баламасы емес, қазақтың байы – ақыл-ойы, рухани жағынан барынша 
жетіліп, нағыз кемеліне келген адам. Соны ғана қазақ халқы бай дейді. Ал жай 
ғана материалдық құндылықтарды жинаған адамды қазақ ешқашан бай деп 
мойындамаған», – деп жазған. Зейнолланың Басбайы да дәл осылай баға беруге 
тұрарлық тұлға десек артық айтқандық емес [2]. 
Басбай Шолақұлы Бапин - Қытай қазақтары арасынан шыққан атақты бай, 
көрнекті қоғам қайраткері. ШҰАР Тарбағатай аймағының алғашқы уәлиі 
(губернаторы). Ол өз қаржысы арқылы мектеп-медресе ашып, көпір салдырып, 
халыққа көп игілікті істер жасаған. Ұлы Отан соғысы кезінде (1943 ж.) КСРО-
ға көмекке ер-тұрманымен 500 ат көмек жіберсе, Кореяға көмектесіп, 
Америкаға қарсы тұруға (1951 ж.) бір ұшақ атаған [3, 158]. 
Романда сол кездегі қазақтың тағдыр-талайы, тыныс-тіршілігі, салт-
санасы, жөн-жоралғылары, тарихи оқиғалар суреттеледі. Кейіпкерлерінің жеке 
бастарын ғана емес, ата-бабасы мен қоршаған ортасына дейін толық қамтып 
көрсететіні тәнті етеді. Романда Мәмбет елінің Барлықты құтты қоныс еткенін, 
оларға бұрынырақта Әділбек батыр, Отыншы билер билік жүргізіп, төрелік 
айтқанын, олардан кейін Қабанбай батырдың шөбересі Сүлеймен мен Бапы 
болыстар бас ие болғанын, міне, ендігі кезекте сол Сүлейменнің Қанағаты мен 
Бапының немерелері – Әлімғазы мен Басбайдың дәуірі басталғанын көркем 
тілмен кестелеп жазады. Басбай болыс, би, аймақ уәлиі болып, аттан түспей 
жүрсе де, ешуақытта адамдық қадір-қасиетін жоғалтпаған, өз биігінен ешқашан 
аласармаған, қарапайымдылығымен елге жаққан ардақты тұлға. Өз 
қарамағындағы халыққа жайлы болып, қолынан келген көмегін аямай, 
қаржылай қарасып тұрған. Шәуешекке Асар электр станциясын салдырып, қала 
халқын жарықпен қамтамасыз еткен. Жұрттың Еміл өзенінен әрлі-берлі 
қиналмай өтіп-жүруі үшін өз қаражатымен ұзындығы – сексен жеті метр, 
кеңдігі – алты метр үлкен көпір салдырған. Көпір күрең сырмен сырланып, қос 
жақтауына оюлы шарбақтар қойылып, екі басына доғаша иілген маңдайшалық 
орнатылып, оған «Басбай шоң көпірі» деп жазып қойыпты. Сол өңірді 
мекендеген қазақтар Емілдің балығы мен қамыс-шиін Шәуешекке аталмыш 
көпір арқылы апарып, сауданың көрігін қыздырып, жан бағыпты. Екінші 
дүниежүзілік соғыс кезінде өзі шетелде тұрып жатса да, қан кешіп жатқан 
қандастарына арнап бес жүз атты ер-тұрманымен жібергені де ерлікпен пара-
пар игілікті іс емес пе?! Ал соның алдында ғана Жапониямен соғысып жатқан 


241 
Қытай үкіметіне арнап екі жүз атты көмекке жібергенін де әлі күнге дейін сол 
жақтағы ел мақтанышпен тамсана отырып айтады. Сонымен қатар, Басбай 
болыстың жомарттығын айдай әлемге паш етіп, абыройын асырған елеулі 
оқиға, елуінші жылдардың басында Кеңес одағы және Қытай елінің 
араласуымен Корея түбегінде тұтанған соғысқа көмек ретінде әскери ұшақ 
сыйлауы еді. «Оған төрт мың қой, жүз жылқы, жүз сиыр, жүз түйе, жүз сары 
алтын атаған екен» деген ақпарат бар. Аталмыш шығармада осы тарихи 
оқиғалардың бәрі асқан шеберлікпен, көркем тілмен әдемі кестеленген.
Басбай байдың көркем бейнесі оның осындай игі істері мен елге жасаған 
жақсылықтары арқылы тайға таңба басқандай анық бейнеленеді. Ол осынша 
байлыққа мұрагерлікпен ие болмаған, маңдай тері, табан етпен жеткен. Оны да 
осы шығармадан оқып-білуге болады. Шынын айтқанда бұл роман Басбай 
байдың қандай адам болғанын, оның қайырымды жан екенін, адамдық асыл 
қасиеттерін, кісілік келбетін, болмыс-бітімін жан-жақты ашып көрсеткен. Ел 
ішіндегі қисық-қыңырды түзету, пәле-жалаға ұшырап, бастарына іс түскендерге 
көмектесу, әлдіден зәбір көріп, жапа шеккен әлсізді қолдап-қуаттау Басбай 
байдың басты адамдық һәм азаматтық борышы болғанға ұқсайды. Оны романда 
көрініс табатын мына оқиғадан байқауымызға болады: 
Басекең қанауға, біреудің еңбекақысын иелеп, о жылдан бұ жылға теріше 
сүйретіп кететін сауда зорлыққа жаны қас адам еді. Оқас деген татар 30-
жылдардың орта шенінен тартып Басекеңнің меншікті саудагері болып жүріпті. 
Ол Басекеңнің қолынан бір жеп, жолынан бір жеп, онан Басекең төңірегіндегі 
елді қоса жеп жүріп ақыры ірі бай болып алады. Кейін аймақтық қазына 
мекемесінің бастығы болды. Сол Оқас Шағынтоғайдағы Сатыбалды деген 
адамның болымсыз жалақысын жеп уағында бермей үш жылға созыпты. Бір 
күні Басекеңдер аймақтың бөлім жауаптыларымен жиын ашып отырғанда 
Сатыбалды сонау Шағынтоғайдан тентіреп тағы келеді. Оның үшінші рет келіп 
отырғанын білген соң Басекең бұлқан-талқан болады: 
«- Өй, қу Оқас, өй шақшабас! Анау Сатыбалды дегеннің ақысын бермей әлі 
сүйретіп жүріпсің ғой. Өй, онда сенің әкеңнің құны бар ма еді деймін. Орыс 
елін құртқаның аз болғандай енді Қытай елін құртайын деп пе едің? Біреудің 
ақысын сүйреткенде бетің қызармай ма деймін... 
Басекең Оқасты жерден алып жерге салады. Мойнында міні бар, оның үстіне 
бұрыннан Басекеңе қарсы келіп көрмеген Оқас үн-түнсіз далаға шығып: 
- Япырым-ай, жаман уақытта келіп қалғаның-ай, жігітім. Басекеңнен өмірі 
мұндай ауыр сөз естіп көрмеп едім, жұрт алдында қатты ұялдым. Өзімнен де 
болды, - деп басын шайқап, оның ақысын базардағы өз дүкенінен алып бермек 
болып солай аяңдады» [4, 233]. 
Романда тек Басбай байдың басынан кешкендері, ғибратқа толы ғұмыры
пенделік мақсат-мұраты, азаматтық арман-аңсары ғана емес, ел мен жер 
жайы, өлкенің кешегісі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі, сол дәуірдің шындығы мен 
замана келбеті тұтас көрініс тапқан. Бөкенші, Омар, Жатқанбай билер, 
Мамырбек, Жалбағай, Таңғыт, Түйеші үкірдайлар, Қанағат, Қыдырмолла, 
Зейнолла, Әлімғазы болыстар, Төкен, Мұқаш, Бәйтіш, Сымайыл зәңгілер, 


242 
Амбы мекемесінің өкілдері – Сәмбілей, Демежан мырзалар, Әсет, Кәдрихан 
ақындар, Қайрақбай күйші, Әмірсан, Мырауыт байлар, Қали, Мәжен, Иса, 
Итемір, Әлікей, Оқабай қажылар, Ешен қазірет секілді көптеген тарихи 
тұлғалардың көркем бейнелері сәтті, нанымды сомдалған. Жазушы 
кейіпкерлері біркелкі кескін-кейіпте емес, әртүрлі қырынан көрінеді. Әр 
кейіпкердің өзіне тән болмыс-бітімі, мінез-құлқы, қимыл-қозғалысы, сөйлеген 
сөздері, тіпті киген киімдеріне дейін бір-біріне еш ұқсамайды, санқилы, әртүрлі 
образдар галереясын жасаған. 
Қаламгердің «Басбай» романы сөз өнері саласындағы эстетикалық 
талғамын, көркем шығармашылықтағы қалам қарымының қуатын танытатын 
сүбелі дүние екенін аңғардық. Әрбір оқырман екі нәрсеге, біріншіден, шетте 
жүрген қандастарымыздың ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай 
қорғап, оған үлкен құрметпен қарайтындығына, екіншіден, бізде жоғалып бара 
жатқан соншама мол рухани құндылықтарымыздың шетелдегі қазақ 
диаспорасының ортасында сақталып қалғанына көз жеткізеді. 
Ата жұртын аңсап, әр шығармасында туған жерге деген махаббатын 
бедерлеп, қазақ өнеріне ерекше құрметін білдірген жазушының әр еңбегі 
зерттелуге әбден лайық және өз зерттеушілерін күтіп тұрған тың дүниелер екені 
сөзсіз. Көкірегі алтын сандық жазушының қаламынан туған кестелі сөз 
иірімдері ұрпақ үшін өрнегі өзгеше дүние болып қала бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет