260
Бүтін сандар адамдарды ерте дәуірлерден бері қызықтырып келеді.
Ежелгі грек-рим шежірелерінде, сол дәуірдің өзінде-ақ бүтін сандар
арифметикасын күнделікті өмірдің қажеттілігінен де тереңірек, кеңірек зерттеп
үйренгені туралы мәлімет айтылады. Бүтін сандардың қасиеттерін зерттеумен
ертедегі гректің данышпан ғалымдары Евклид, Пифагор, Диофант тағы
басқалар айналысқан.
Евклид (біздің эрамыздан бұрынғы IV ғасыр) жай сандардың ақырсыз
көп екенін және басқа қасиеттерін дәлелдеген болса, Эратосфен (б.э.б. 384-322)
берілген саннан үлкен емес жай сандар кестесін түзудің тәсілін ұсынған.
Пифагор (б.э.б. 580-500) натурал сандардың қатынасы арқылы
музыканы зерттеген. Натурал сандарды зерттеп үйренгені соншалықты,
натурал сандарға түрлі атаулар беріп, адам тағдырын сандардың қасиеті
арқылы болжаған. Келешекте дүниені сан басқарады, сан дүниенің негізі деген
мистикалық пайымдаулар жасауға дейін барған. Диофант айқындалмаған
теңдеулерді бүтін сандарда шешуді қарастырған.
Бүтін сандардың тамаша қасиеттерін көп зерттеген ғалымдардың бірі -
француздың атақты математигі П.Ферма (1601 - 1665). Ол өзінің атымен
аталған бірнеше теорема қалдырған. Олардың кейбіреуі осы күнге дейін толық
шешімін тапқан жоқ. Ферманың ұлы теоремасы деп аталатын «
n
n
n
z
y
x
теңдеуінің
3
n
болғанда натурал сандарда шешімі жоқ » деген теорема осы
күнге дейін толық шешімін таппай келеді.
Математика тарихында айқындалмаған теңдеулерді бүтін сандарда шешумен
бірінші болып , ІІІ ғасырда өмір сүрген грек математигі Диофант айналысқан.
Сондықтан айқындалмаған теңдеулерді кейде
Достарыңызбен бөлісу: