Омар Базаркүл Қалтайқызы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, қазақ тілі мен
әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Республикаға танымал әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының
докторы, профессор
Әбіш Байтанаев
пен филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
Мырзай Алтынбекова
сынды асыл ұстаздарымыздың орны
біздің ОҚМПУ үшін ерекше. Қос ғалымның бүткіл саналы ғұмыры оңтүстіктегі
тұңғыш жоғары оқу орны Шымкент педагогика институтымен байланысты
деуге болады. Шымкент педагогика институты 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылып, өзінің 75
жылдық, 80 жылдық мерейтойларын абыроймен өткізді. Бүгінгі таңда
университет мәртебесін алған оқу ордамыз 85 жылдық мерейтойын атап өтуге
дайындалу үстінде.
Жаңа серпін, жаңа леппен жұмыс істеп жатқан оқу ордамызда күн сайын
түрлі-түрлі білімдік, тәрбиелік іс-шаралар көптеп өтуде. Соның бірі -
оңтүстіктегі филолог ғалымдардың көшбасшысы, оңтүстіктегі алғашқы
филология ғылымдарының докторы, профессор Әбіш Байтанаевтың өмірі мен
ғылыми-педагогикалық және шығармашылық мұрасын болашақ ұстаздар мен
әдебиетті сүйетін көпшілік қауымға жеткізу мақсатында «
Байтанаев оқулары»
атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ұйымдастырылуы.
Конференция биыл 10-рет өткізіліп жатыр.
Біз бүгін профессор Әбіш Байтанаевтың жары, Шымкент педагогика
институтының негізін қалаушылардың бірі, соғыс және еңбек ардагері,
әдебиетші-ғалым, педагог Мырзай Алтынбекова апамызды мерейтой
қарсаңында еске алып отырмыз. 100 жасқа сыры кетсе де сыны кетпей, ес-
ақылы толық, сөзінен жаңылмай, ширақ жетіп, өмірден озған, абзал ана, асыл
жар, ардақты ұстаз, әдебиетші-ғалым Мырзай апамыз туралы қанша айтсақ та
көп болмас, сірә.
1981 жылы «ССРО Жоғары мектебінің үздік қызметкері» деген құрметті
атақпен, 1967 жылы ССРО-ның «Еңбектегі табыстары үшін», 1948 жылы
«Батыр ана»,1985 жылы «Еңбек ардагері» медалдерімен марапатталған Мырзай
апамыз бір ғасыр ғұмырында өмірдің қилы-қилы кезеңдерінен сүрінбей өтіп,
берекелі шаңырақтың ұйытқысы болған асылдың сынығы десе дегендей. Өзінің
ащы да тұщы өмір өткелектері туралы жазбаларын оқып отырып, тағдырдың
маңдайынан сипай қоймағанын, осы жасқа қайсарлығымен, шыдамдылығымен,
зеректігімен, қанағатшылдығымен жеткенін байқау қиын емес.
Шежіреге толы университет тарихында дәстүрге айналып, жыл сайын
өткізіліп тұратын іс-шараның бірі - филологтар онкүндігі. 2013 жылы осы
онкүндік аясында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен
Мырзай апамыздың 100 жасқа толу құрметіне орай «Ұстаздардың ұстазы»
атты жинақ жарық көріп, әдеби-сазды кеш өткізілді. Бұл сүйегі асыл
апайымыздың шәкірттерімен соңғы кездесуі болды.
256
182 беттен тұратын «Ұстаздардың ұстазы» атты еңбекті оқи отырып,
педагог-ғалым Мырзай апамыздың шығармашылығын, негізінен,
ғылыми-әдеби
және
тәрбиелік
деп екі салаға топтауға болады. Әрине, тәрбиелік мазмұндағы
мақалалары, негізінен, қазақтың атадан балаға мирас болып келе жатқан
үлкенге ізет, кішіге құрмет, әкені сыйлау, ананы сыйлау, дүниеге ұрпақ әкеліп,
өнегелі ұл-қыз тәрбиелеу төңірегінде өрбиді. Қыз-бала тәрбиесі, әсіресе
отбасының ұйытқысы ана болу жауапкершілігі жайлы ойын жалаң баяндамай,
оны сонау Мұхаммед пайғамбарымыз заманынан жалғасып келе жатқан
«Пейіш ананың аяғының астында» деген қасиетті ұғыммен байланыстырады,
ұлы ақын Абай ғақлияларымен сабақтастырады.
Аталған еңбекті оқу барысында соңғы бір ғасырда өмір сүріп,
халқымыздың әдебиеті мен мәдениетіне қызмет еткен ардақты да асыл
азаматтардың Мырзай апамызбен жақсы қарым-қатынаста болғандығын
бағамдаймыз. Өзі туралы, ұстаздары мен тұстастары, шәкірттері туралы жазған
естеліктері де тұнып тұрған тәрбие. Мәселен, «Зарығып көрген заман бұл»
деген өзінің өмірі туралы жазылған естелікті бейжай оқи алмайсыз, тіпті кейбір
жерінде көзіңізге еріксіз жас үйіріледі.
Өзінің адам ретінде қалыптасуына ықпал еткен ұстазы, өршіл ақын Сәкен
Сейфуллин, тілші-ғалым, тіл білімінің тұңғыш профессоры Құдайберген
Жұбанов, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы, өзінің курстасы,
әдебиетші-ғалым, профессор, Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин,
өмірден қыршын кеткен тума талант Саттар Ерубаев, тілші- ғалым Әділ
Ермековтердің жарқын бейнелері мен әдебиет, мәдениет майданындағы
еңбектері Мырзай апамыздың естеліктерінде шынайы көрініс тапқан.
1932-35 жылдары қазақтың тұңғыш ашылған жоғары оқу орны – КазПИ-де
оқу бақытына ие болған алғашқы қазақ қыздарының бірі Мырзай апамыз өзіне
Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Шарапи Әлжанов, Мұхтар
Әуезов, Сәкен Сейфуллиндей көрнекті ғалымдар мен қазақтың біртуар
азаматтары сабақ бергенін мақтанышпен еске түсіреді. Шындығында, Мырзай
апамыздың естеліктері мен мақалаларында аттары аңыз болған көптеген
кісілермен ұшырасасыз, көптеген ауыл азаматтарының халық шаруашылығын
өркендету жолындағы еңбектерінің куәсі боласыз, сөйтіп осы оқиғалардың бел
ортасында жүрген Мырзай апамызға тәнті боласыз. «Менің шәкірттерім өршіл,
ержүрек еді» деген «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 08.05.2008 жылғы санында
жарық көрген мақаласында 1939 жылы Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл
орта мектебіне жұмысқа келгенде Мырзай апамыз Кемел Тоқаев, Амантай
Байтанаев, Сақтапбергенов, Патсаев, Құрманбаев, Николай Жданов деген
балалар үйінен келген оқушыларға сабақ беріп, сынып жетекшісі болғанын,
көптеген шәкірттерінің мектеп оқушысы кезінен-ақ ерекше қабілеттерін
көрсетіп, жазған өлеңдері мен әңгімелерін оқып, ақыл сұрайтынын, олармен
достарша сырласатынын қимастықпен еске алады.
Композитор Шәмші Қалдаяқов, ақын Төлеген Айбергенов, актер
Қасымхан Шаниндермен Әбіш ағамыздың мүдделес, пікірлес, сыйлас болып
араласқандарын өте әсерлі, әдемі баяндайды. Естеліктерінің шынайылығы
257
сонда: естелік кейіпкерлерінің бәрі дерлік Мырзай апамызбен етене араласып,
дос-жар болған кісілер. Өмірден ерте үзілген ұлы, әдебиетші-ғалым Болат
туралы толғана келіп, Саттар айтқандай, оның сүйген жардай ғашық өмірмен
ерте қоштасқанын өкінішпен еске алады. Ұлының дүниетанымы мол, ақыл-
парасат иесі болғанын, артына ұрпақ қалдырып, әдебиеттану ғылымында
өзіндік орнын қалыптастырып кеткеніне шүкіршілік етеді.Ал ғылыми-әдеби
мақалаларында көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын талдап,
жастарды тәрбиелеуге пайдалы жақтарын көрсетіп, өзіндік қорытынды
жасайды.
М.Алтынбекова өзінің ғылыми-педагогикалық қызметін 1946 жылдан
Шымкент мұғалімдер, кейіннен педагогика институтында жалғастыра жүріп,
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанындағы Саттар Ерубаев атындағы әдеби
бірлестікке басшылық жасап, үйірменің «Сыр» атты қабырға газетінің шығуына
атсалысты. 1962 жылы «30 жылдар әдебиеті және Саттар Ерубаев» деген
тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, филология ғылымдарының
кандидаты ғылыми атағын алды, «Саттар Ерубаев» атты монографиясын
жарыққа шығарды. Кандидаттық диссертациясына небәрі 23 жыл ғұмыр
кешкен, ері Әбіш Байтанаевтың әрі жолдасы, әрі пікірлес досы, жастардың
сүйікті жазушысы бола білген Саттар Ерубаевтың өмірі мен шығармашылық
қызметін арқау етті. Бұл Мырзай апамыздың шоқтығы биік ғылыми зерттеуі
еді.
Мырзай апа шығармашылығының басты кейіпкері, диссертациялық
жұмысының негізгі өзегі етіп алған Саттар кім еді? Саттар, негізінен,
Отырардың тумасы, Отырар ауылы маңындағы Шошқакөл деген жерде кіндік
қаны тамған. Кейінірек Түркістанға қоныс аударып, сонда оқығандықтан,
Түркістанда туылған деп жазылып жүр. Мырзай апамыздың жұбайы,
оңтүстіктен шыққан алғашқы филология ғылымдарының докторы, профессор
Әбіш Байтанаев ағамыз да Түркістанда оқып, бір ауылдың түлектері, жастары
шамалас, әрі ағайыны болып келетін Саттармен аралас-құралас, пікірлес
болған. 1956 жылы Әбіш ағамыз Жамбылдың лирикасынан кандидаттық
диссертациясын қорғағаннан соң, іздеушісі болмай, ұмыт қалып бара жатқан
Саттардың өмірі мен шығармашылығын жаңғырту мақсатында зерттеу
жүргізуді Мырзай апамызға ұсынады.
Мырзай апамыз да Саттарды сонау КазПИ-де философия мен әдебиет
теориясынан орыс тілінде сабақ беріп жүрген кезінен білетін. Әбіш ағамызбен
тұрмыс құрғаннан соң, жақынырақ араласа бастайды. Бірақ бұл араласу ұзаққа
созылмайды, 1937 жылы қас-қағым ғұмыр кешіп, небәрі 23-ке қараған шағында
Саттар өмірден озады. Әдебиет, мәдениет әлемінде Шоқан Уәлиханов,
Сұлтанмахмұт Торайғыровтар сияқты Саттар Ерубаев та қамшының сабындай
ғана ғұмырында жарқ етіп көрініп, іле-шала ағып түскен, ардақ тұтар
азаматтарымыздың бірі. Өмірден жалындап өткен, ерекше талант иесі Саттар,
шын мәнінде, қайталанбас, ерекше тұлға еді. Қазақтың ауыз әдебиетімен, ақын-
жыраулар шығармаларымен ерте танысқан Саттар жас болса да өте зерек
болды. Ешкімге арқа сүйемей, талаптанып, 15 жасында Ленинград
258
университетіне оқуға түсуі, орыстың, батыстың классикалық әдебиетінен
молынан сусындап, университетті 19 жасында үздік бітіруі, аспирантураға
қалдырылуы ғажайып бір дүние, Алланың Саттарға берген ерекше сыйы
сияқты. Елге, Алматыға келген соң жастар газетінде, жоғары оқу орындарында
т.б. қызмет істей жүріп, әдебиеттің әр түрлі жанрларында еңбектерін қалдырды.
«Менің құрдастарым» романын жазды.
«Менің құрдастарым» романы қазақ әдебиетінде өндіріс тақырыбына
жазылған, қазақ жұмысшы табының қалыптаса бастаған кезеңін, жалындаған
жастар өмірін көрсететін алғашқы шығармалардың бірі деуге болады. Студент
кезімізде осы романды қолдан қолға тигізбей, қызығып, таласып оқығанымыз
әлі есімде. Романның басты кейіпкері Рахмет арқылы жазушы қазақ
жастарының бойынан өз мамандығын жетік меңгерген, ой-өрісі, талғамы күшті,
әдебиет пен өнерді, музыканы сүйетін, көп оқып, көп ізденетін азамат болып
қалыптасқанын көруді армандағанын бағамдауға болады. Саттар өзінің
бойындағы барлық жақсы қасиеттерді Рахмет бейнесі арқылы көрсетуге
тырысқан.
Мырзай апамыз өзінің замандасы, Саттардың алдындағы парызын толық
өтеді. Жалындап өткен балаң жазушы, жастардың сүйікті ұстазы Саттар
Ерубаевтың өмір мен шығармашылық қызметі жас ұрпақты тәрбиелеудің
темірқазығы іспетті. Бұл орайда Мырзай апамыздың еңбегі өлшеусіз. Қазақ
әдебиетінде «Саттартану» ғылымының негізі қаланды. Ары қарай жалғастыру
болашақ жастарға аманат.
Апамыз 100-ге жақындаса да қолынан қаламы түспей, зерделі ойларымен
оқырманға әр кезде ой тастап, өзінің өмірде бар екенін білдіріп отырғаны. Бұл,
әрине, кез-келген қарияның қолынан келе бермейтін дүние. Соның бір айғағы -
Шымкент мұғалімдер институтының алғашқы директорларының бірі болған,
тілші-ғалым Әділ Ермековті естен шығармайық деп, газет бетінде жар салып,
ғалымның 100 жылдығына орай 2009 жылы «Ұстаз-ғалым» атты жинақ
шығаруға атсалысып, ғылыми-практикалық конференцияның өтуіне себепші
болғаны.
Мырзай апамыздан көзінің тірісінде көп үйрендік, артында қалған
мұралары арқылы да үйрене береміз. Қаншама кісіге сәулесін түсірген сізді
Алла мейіріміне алсын деп тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |