Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет136/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Фадеева Е. BIG DATA в образовании // 2016. С. 20. 
2.
By The Numbers: MOOCS in 2015 [Электронный ресурс] / Class Central – URL: 
https://www.class-central.com/report/moocs-2015-stats/ (Дата обращения: 14.05.17). 
3.
UK “biggest online university course” [Электронный ресурс] / BBC News – URL: 
http://www.bbc.com/news/education-32721056 (Дата обращения: 14.05.17). 
4.
Kotsiantis S.B
. Use of machine learning techniques for educational proposes: A decision 
support system for forecasting students’ grades // Artif. Intell. Rev. 2012. Т. 37. № 4. С. 331–344. 


266 
ӘОЖ 
«БІЗДІҢ ГАЛАКТИКА» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
Н.Е.Исан – 128-18а тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Ә,Нәлтаев
– ф-м.ғ.к, доцент
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент.
 
Түйін
 
Жұлдыздық аспанды айсыз түнде бағдарласақ ол бізге ғаламат әсер береді. Барлық 
аспанымыз арқылы өтетін, үлкен дөңгелек бойында орналасқан ақшыл сүт түсті аса енді 
жолақты – Құс жолы деп атайды, ол көптеген жұлдыздардан тұрады. 
Шамамен жүз жыл бұрын біздің галактика әлемдегі жалғыз дене деп 
есептелді және барлық көрінетін тұмандықтар біздің галактикаға жатады деп 
саналады. Бұл оларға дейінгі қашықтықтарды анықтаудың қиындықтарына 
байланысты болды. Қазір ғарыштағы 20 галактиканың жергілікті шоғырын 
және басқа 10 млрд-қа жуық галактиканы білеміз. Олар топтасып орналасқан 
және ең сезімтал құралдардың көмегімен анықтайтын қашыктықта жан-жаққа 
таралып, бір-бірінен алшақтап барады.
Оңтүстік жарты шардың түнгі аспанынан бізге ең жақын "Магеллан 
бұлттарын" бақылай аламыз. Зер салып қарағанда бұлт "толқып" тұрған тәрізді. 
Астрономдар оның толкуын біздің галактикаға жакын орналасуымен 
түсіндіреді. Бір кездері "Магеллан бұлттары" біздің галактикамен соқтығысқан 
секілді. "Магеллан бұлттары" Құс жолынан көп кіші. Олар біздің Галактиканың 
серігі. Миллиардтаған жылдардан кейін олардың тағы да бір-біріне жақындауы 
мүмкін.
"Магеллан бұлтынан" сәл әріректе "Андромеда" галактикасы бар. XX 
ғасырдың басында оған дейінгі қашықтық анықталып, ол 2 млн жарық жылына 
тең болды. Біздің Галактика, "Магеллан бұлттары", "Андромеда" жәнө 
"Үшбұрыш" галактикалары мен бірнеше ергежейлі эллипстік галактикалар 
Жергілікті галактикалар тобын құрайды.
Галактикалар пішінімен, салмағымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. 
Галактикалардың эволюциясы жайында жұлдыздардың эволюциясына 
қарағанда олде кайда аз білеміз. Галактика ядролары, олардың галактиканың 
эволюциясына және құрылымына әсері жөнінде мәліметтер өте аз. Кейбір 
ғаламдардың газ бен зат бөліп жарылатыны, ал кейбірінің бірімен-бірі өзара 
әсерлесетінін білгеннен кейін шешілетін проблемалар қатары көбейе түсті.
Біздің галактика тәрізді миллиондаған галактикалар бар.
Мұндай галактикалардың тармақтарында жаңа жұлдыздардың пайда 
болуына негіз болатын газдар мен тозаңдар бар. Бірақ спиральдар барлық 
уақытта да центрге өте жақын келмейді. Кейде спираль центрден қашық 
жатқандай, Галактиканың ядросы мен спиральдар арасында оларды жалғайтын 
бар 
(жалғастырғыш)
тұрған тәрізді көрінеді. Спиральді галактикалар да 
ядроларының өлшемдерімен ерекшеленеді.


267 
Дүниедегі ең ірі галактикаларға эллипетік галактикалар жатады. Олардың 
кейбіреуі шар тәрізді, ал кейбіреуі созылыңқы болып келеді. Олар өздеріне өте 
жақын келген әлдеқайда кіші галактикаларды қармап алу арқылы кеңейеді.
Сыртқы пішініне қарай астрономдар галактикаларды бірнеше түрге 
топтайды. Эллипстік галактикаларды 10 түрге бөліп, мынадай белгілеулер 
енгізді: Е0 (сфералық), E10 
(қатты майысып, екі бүйірінен жаншылған, пішіні, 
құймақ нанға ұқсайды)
. Спиральді галактикаларды сыртқы түріне қарай екі 
түрге бөлді: жалғастырғышы бар 
(белгіленуі Sb)
, жоқ 
(белгіленуі S)
және 
ядроларының өлшеміне қарай үш түрге
1.
'Sa
 
(ең ірі ядро)
,
2.
Sb
(орташа ядро)

3.
Sc
(кіші ядро)
, сол сияқты 
Sba

Sbb

Sbc
деп бөлінеді. Барлык бұрыс 
галактикалар бір белгімен 'ir
 деп белгіленді.
Бірнеше мың өте жарық галактикалардың ішінде шамамен 80%-ы спиральді, 
17%-ы эллипсті және 3%-ы бұрыс галактика. Галактикаларға дейінгі 
қашықтықтарды әр түрлі әдістермен анықтайды: цефейдтер, жаңа және аса 
жаңа жұлдыздар, өте жарық, жұлдыздар бойынша т. с. с.
Адамзат тіршілік ететін Жердің айналасындағы ғаламшарлар тізбегі 
шамамен 4,6 миллиард жыл бұрын қалыптасқан. Ал үлкен дүмпуден кейін 
бүкіл ғаламның ретке келуі 13,8 миллиард жыл бұрын болған. Не бірнеше 
миллион жыл ерте не кеш орын алған болуы мүмкін. Бұл ғалымдар ұсынатын 
дәстүрлі гипотеза. Демек ғалам біздің Күн жүйемізден үш есе ерте пайда болған 
екен. 
Астрономдар ғаламның бір бөлшегі болатын «Құс жолы» галактикасын да 
шамамен 13,2 миллиард жыл бұрын қалыптасуы мүмкін екенін айтады. Ол 
үлкен жарылыстан кейін пайда болған кішкене галактикалардың спирал тәрізді 
кейіпке енуі кезінде жүйелене бастаған. Ал осыдан 8,6 миллиард жыл бұрын 
біздің галактика дербес болып қалыптасады. Одан кейін Күннің қалыпты 
энергия тарату жүйесі тұрақталып, айналадағы ғарыш нысандары бірігіп 
ғаламшарларға айналады. 
«Құс жолы» галактикалардың спиральді шоғыры белгілі бір айналу осіне ие. 
Біздің галактикамыз өз осімен 220 миллион жылда шамамен бір рет айналып 
шығады екен. Демек, ол бірқалыпты жүйеге ие болғалы небары 60 рет 
спиральді айналып үлгерген. 
Жер өзге ғаламшарлар секілді бастапқыда газ бен тозаңнан тұрған. Мұндай 
үдерісті қазіргі кезде де көруге болады. Орион, Бүркіт және Тарантула 
тұмандықтарында қазірдің өзінде де жаңа жұлдыздар қалыптасуда. Мұны 
орбитадағы Хаббл телескобының түсіріп алған суреттеренінен көруге болады. 
Ғалымдар тұмандықтықтағы кішкене қара дақтардың жаңадан қалыптасып 
жатқан жұлдыздар екенін айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет