Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет232/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М., 1996.
2. Яковлев Н.М., Сохор А.М. Методика и техника урока в школе. М., 1985 
ӘОЖ:
378.147:355.55 
ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДӘРІГЕР-МЕНТОРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ 
Муталипова Г.З. – 
ДМҚ-02-21 тобының
 
докторанты 
Бегімқызы М. – 
В-ЖМҚА-02—21 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Нуржанбаева Ж.О. – 
доктор PhD, доцент 
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент
 
 
Резюме. 
В статье рассматривается педагогическая компетентность ментора в 
профессиональной подготовке будущих специалистов по дуальной системе обучения, 


496 
реализуемой в отечественной системе профессионального образования в рамках 
социального партнерства. Дается экспертный анализ научных выводов, данных понятию 
дуального обучения. Также в статье обоснована важность педагогического мастерства и 
компетенций ментора в подготовке профессиональных и личностных качеств будущих 
специалистов по дуальному обучению, основанному на социальном партнерстве в области 
здравоохранения. В современном обществе цифровых технологий рост и спад 
профессионального труда отличаются сопутствующими тенденциями, постоянно 
меняется количественная и качественная структура профессионалов на рынке труда. 
Кроме того, со стороны общества повысится спрос работодателя на профессиональные и 
личностные качества будущих медицинских специалистов. Важным условием является 
овладение педагогическими компетенциями ментора в формировании у будущих 
специалистов профессиональных компетенций и личностных качеств, подверженных 
модернизации и структурным изменениям в системе здравоохранения и интенсификации 
технико-технологического процесса. С этой точки зрения ментор в системе дуального 
обучения – это опытный специалист в учреждениях здравоохранения, лицо, участвующее в 
процессе профессиональной подготовки будущих специалистов. Ментор осуществляет 
формирование профессиональных умений, навыков у будущих специалистов через 
педагогические компетенции. 
«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» 
атты мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 
жоғары оқу орындарының алдындағы маңызды міндет мамандардың сапалы
даярлануы екендігін, сонымен бірге, қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде
бітіруші түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ жеткіліксіз 
екендігіне мән берген болатын [1]. 
Экономикалық түсінікте еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Қазіргі 
таңда медицина саласындағы жұмыс берушілер мен «стейкхолдерлердің» - 
компанияның дамуына мүдделі, табысынан дәмелі, өніміне қызығушы 
тараптардың болашақ мамандарды кәсіптік даярлауға белсенді қатысуымен
еліміздің экономикасын ілгерілетуге және өз кәсіпорындар мен жалпы 
денсаулық сақтау саласына тікелей ықпал ете бастады.
Дәрігер-ментор - бұл дуальді оқыту жүйесінің қатысушысы ретінде
тәлімгер, кәсіби тәжірибесі бар маман. Оның көшбасшылық және практикалық 
тәжірибесі бар маман ретінде білім алушылардың іс-әрекеттерін түзету, 
мотивация, жалпы әлсіздіктері мен кемшіліктерін анықтау және білім берудің 
стратегиясын жасау функцияларын атқарады. Дәрігер-менторды клиниканың 
басшысы тәжірибелі мамандар арасынан таңдап бекітеді.
Дуальді оқыту үдерісінде дәрігер-ментор білім алушылардың кәсіби 
машық-дағдыларын меңгеруіне тікелей жауап беретін тұлға. Осы тұрғыдан 
алғанда дуальді оқыту үдерісінің тиімділігі дәлелденген шетелдік тәжірибеге 
назар аударатын болсақ, қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі - 
кәсіптік-техникалық мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі 
екендігіне көз жеткізуімізге болады. Дуальді оқыту жүйесі Германия, Австрия, 
Дания, Нидерланды, Швеция сияқты дамыған елдерде табысты жұмыс істеуде 
және оның тиімділігі дәлелденген. 2015 жылдан бастап жұмысын бастаған 
Кәсіптік білім беру саласында халықаралық ынтымақтастық орталығы (German 
Office for International Cooperation in Vocational Education and Training, қысқаша 
атауы: GOVET) осы уақыт аралығында әлемдегі жүздеген елдерге дуальді 


497 
оқыту бойынша кеңестер бере бастады. Бұл орталықтан көптеген елдердің 
білім беру министрліктері және бизнес өкілдері тарапынан кеңес алу 
мақсатында сұраныстар түседі. 
Отандық кәсіптік және техникалық білім беру жүйесіне алғаш рет 2012 
жылы дуальді оқыту элементтері біқатар жоғары және орта кәсіптік білім беру 
орындарында енгізіле бастаған болатын. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның
әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 
мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызына тоқтала 
келе, бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік 
беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажеттілігін атап 
көрсеткен болатын. Дуальді оқыту жүйесінің техникалық салада алар 
орнынын айқындап, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты 
тапсырма да жүктеген болатын [2]. 
Дуальдық оқыту жүйесі - педагогика мен экономикадағы озық ойлардың 
интеграциясы ретінде елдің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін көрсеткіштердің 
бірі ретінде сапалы кәсіби, еңбек құндылықтары қалыптасқан мамандар 
даярлауға қызмет етеді.
Сондықтан, дәрігер-ментордың педагогикалық қызметінің мазмұны мен 
педагогикалық негіздерін зерттеуді қажет етеді.
Дуальді оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда менторлық қызметтің 
негізгі міндеттері: 

болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың кәсіптік білім беру 
бағдарламаларын меңгеру шеңберінде студенттердің кәсіби іс-
әрекеттерінің барлық түрін кешенді меңгеруі; 

ментордың жеке кәсіби тәжірибесі, жұмыс істеудің тиімді әдістері мен 
тәсілдеріне оқыту; 

түлектердің кәсіптік білім және кәсіптік дағдыларының деңгейін 
арттыру; 

ұзақ мерзімде кәсіпорынмен еңбек қатынастарын құруға студенттердің 
мотивациясын арттыру және оларды кәсіпорынның корпоративті 
мәдениетімен таныстыру [3].
Тәуекелшіл, белсенді, өз тағдырына өздері жауапты, ізденгіш, бәсекеге 
қабілетті кәсіптік құзіреттіліктері қалыптасқан болашақ медицина мамандарды 
даярлауда әлеуметтік әріптестер ретінде білім беру мекемелері мен 
кәсіпорындардың интеграциясы – дуальді оқытудың маңыздығын арттыра 
түседі.
Дуальді оқыту - бизнестің, болашақ маман мен мемлекеттің мүдделерінің 
бірлестігін құра отырып, болашақ маманның бойында еңбек құндылықтарын 
қалыптастырудың заманауи ықпал ету ортасын құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет